1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет43/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86
2. Ескі салт-сана, әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды.
3. Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады: а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына косып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді. Хозгамбайдың табы Бәйнеке атанған. Бір жерде 12--13 үй қыстайтын (Қ. Тайшыков). Бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы кеңейіп, орыстың класс деген термин сөзінің қазақша балама ы болумен бірге, тіл біліміндегі сөз табы деген термиді жасауға негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімінің ішінде актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанда, ат жарыстырып, балуан күрес- тіргенде ата-бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіретін болды. Сол сияқты жасақ бұрын әскер, қолмағынасында айтылса, қазір қоғамдық тәртіпті сақтайтын, ерікті
жастар ұйымын білдіретін болды. Сөйтіп, бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив Пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөзге бейнеліге ауысып отыру зандылығы тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі то-
лығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де болабермек.

Қазақ тілінің негізгі сөздік қоры
Қазақ тіліңдегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болып табылады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Қазақ тілі негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес.Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр.Бұлар көбінесе бір буынды көп мағыналы сөздер: тау, көл,жер, тас, үй, күн, түн, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен.мен, ал, бір, екі, үш, төрт, көк, ақ т. 6. Сонымен бірге негізгісөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғытөл сөздері кіреді. Мысалы: туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге; мал атаулары: түйе,жылқы, сиыр, бота, құлын; хайуанат атаулары: қасқыр, түлкі,арыстан, қоян, қарсақ; ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл,емен, тобылғы, шырша; киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық,кереге, уық, бақан; жұмыс құралдарының атаулары: күрек, бал-та, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз; сапалық, сындық атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық
т. 6. Ежелден сіңісіп жалпыхалықтық сипат алған кейбір кірме сөздер жатады. мысалы: дастарқан, астар, жеке, жәрдем, жанжал, жануар, сыпайы, қорек, қошемет, зиян, орамал, ораза, намаз, нан, кітап, базар, мектеп, ғылым, рет, самауыр, бөтелке,бәтіңке т. 6.
Негізгі сөздік қордың мынадай басты белгілерін көрсетуге болады. Бұл белгілер арқылы негізгі сөздік кордың сөздікқұрамнан өзіндік ерекшелігін көрсетумен бірге, оған қандайсөздер енетінін анықтауға болады.
1. Негізгі сөздік қорға тән басты белгі -- тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданыпкеле жаткан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздікқорындағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрынжазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, Уғасырдан қалған Талас ескерткішінде: ат, ер, сіз, тұл, отыз,ұғлан, қалмыш Т. 6. ; УП-УШ ғғ. Орхон-Енисей жазуыңда сіз,ол, өзім, көк, боз, ұлығ, кішіг, оң, теріс, ат, күн, түн, қыз, бар,кел, оқы, біл, оң, алты, отыз т. 6. ; ХІ ғ. М.Қашғаридың сөздігінде: мен, сен, ол, екі, үш, алты, тоғыз, ат, өгіз, қой, ай, күн,түн, теңіз, ақ, қызыл, қара, бар, кел, оқы, өкін т. б. сөздерсақталып калған. Негізгі сөздік қордың тұрақтылығы жайын-да сөз болғанда, мынадай жайт есте болуы керек. Негізгі сөздікқордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек.ІСөздік құрамның дамуьбарысында негізгі сөздік қор баяу болса да өзгеріске ұшырайды. Қазіргі тілдің сөздік қоры-тарихи дамып отыратын категория, ол-бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға бол-майды. Оған неғұрлым кейін пайда болып, жалпыхалықтықсипат алған, қазақтың байырғы сөздері, кейбір кірме сөздер де кіреді (жоғарыда келтірілген мысалдарды қараңыз).
2. Негізгі сөздік қорға тән екінші басты белгі-оның сөз тудыруға ұйтқы болатыңдығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы, бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын
күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей,күнсу, күнім, күндік, күнелту, күндес, күншіл, күндеу, күнделік,күн ұзақ, күн ілгері, күн бұрын, күн шуақ, күншығыс, күнбатыс,күнбағыс, күн тәртібі, күн көру, күн ара т. б.; жер сөзінен:жершіл, жергілікті, жерлеу, жерлес, жерсіну, жерсіз, жермай, жертөле, жеркепе, жер шары, жер ошақ, жер серігі, жер үй,жерұйық т. б. сөздер жасалған. Жоғарыдағы мысалдарға қарап,тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екендеп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөзжасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егінші, егіншілік, егіндік; жи сөзінен жасалған жинақ сөзінен жинақты, жинақтылық, жинақы сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік корға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес.Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет