1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Когнитивтік семантикада мағына когнитивтік модельдің ерекше «қорытындысы» ретінде көрінеді



бет41/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86
Байланысты:
лексикология

Когнитивтік семантикада мағына когнитивтік модельдің ерекше «қорытындысы» ретінде көрінеді.


Когнитивтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі – концепт. Қазіргі лингвистикада «концепт» термині көптеген пікірталастың өзегіне айналғаны, осыған байланысты бірнеше ғылыми бағыттар қалыптасқаны белгілі. Соған орай «концепт» терминіне берілген анықтамалар да алуан түрлі. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет контексінде қарастырған А.Исламның пікірінше: «Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады » .
Ал ұғым дегеніміз:
Табиғат пен қоғам жайындағы біздің қазіргі ұшан-теңіз білімдеріміздің шыққан бұлағы-еңбек пен ойлау.Ойлаудың ұғым,байымдау,ой қорытындысы деген 3 формасы бар.Лексикаға қатыстысы-ұғым.Заттардың,құбылыстардың,ңіс-әрекеттердің мәнді белгілері туралы ой ұғым деп аталады.
Ұғым мен концептінің айырмашылығы мынада:ұғым – шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды санамызда жинақталып беруі болса,концепт-ұлттық ментальды кешен.Ұғым кез келген ұлтқа түсінікті,мысалы:қоңыр әр ұлтқа түс ретінде ұғынылады.Ал концептіге келгенде олай айта алмаймыз.Қоңырдың түс ретінде де ,басқадай мағыналары да сол ұлтқа ғана түсінікті болып келеді.Ұғымға жалпылық тән ал концептіге жекелік тән,ол сол обьект жайлы барлық білімдердің жиынтығы болып табылады.
Концепт-адамдарды ұлт ретінле жинаушы,біріктіруші,мәдениеттің негізгі ұясы,оның мазмұны мағынадан,ұғымнан кеңЖәне кез келген ұғым концепт бола бермейді,егер сол ұғым жацлы ұлт мәдениетінде үлкен мән беріліп,мақал-мәтелдердің ,прозалық-поэзиялық шығармалардың тақырыбына айналып,фразеологиялық бірліктердің құрамында көптеп кездессе ғана концепт дәрежесіне көтеріле алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет