1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


ұшарға қанатым жоқ неғылайын, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар



бет51/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86
Байланысты:
лексикология

ұшарға қанатым жоқ неғылайын, қанатты сөздер дегендегі қанат сөзінде бейнелі мағына бар.


Бейнелі мағына. Бұған адамның сезімі мен көңіл күйіне байланысты айтылатын эмоционалды сөздердің мағыналарыьжатады. Олар стилистикалық бояма мағына деп те аталады. Зат, құбылыстарды жағымды-жағымсыз түрде бағалау, сезім, көңіл күйінің әсері онда айқын байқалып тұрады. Ср. тамаша, шіркін, ғажап, сорлы, сүмелек, зұлмат, ойбай, қалш-қалш, зірк- зірк, бажылдау, жағымсыз мәнде айтылатын етістіктер шікірею, едірею, қылтию, талтию, тылтию, жалпию, шілтшю, т. 6. Мы- салы, Неткен мойын, неткен көз. Осыдан артық дейсің бе. Ертегі қылып айтқан сөз (Абай) дегендегі неткен сөзіңде кекесін, әжуа,
мазақ қылу мағыналары бар.Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласында колданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы. Мысалы, обьект, предикат, диалект, екпін, үстеу, қаратпа сөз,конституция, дирижер,спонсор, инвестиция, меридиан, хо- дестерин, вольт, ампер сиякты сөздердің терминдік
мағыналары.
Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласыңдағы «таза»Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласыңдағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Ондаауыс мағына, эмоционалды-экспрессивті реңк сияқты үстеме «мағыналық жүк», яғни күрделенген мағына болмайды. Сол себепті терминдік мағына әр терминге тән дара және тұрақтытмағына болып табылады. Рас, кейбір терминдер (терапия, ас-
симиляция, күшейткіш) көп мағыналы болуы мүмкін, бірақ олардың көп мағыналылығы қалайда бір-бірімен өзара шектес ұғым дардың аясынан аспайды. Ср. медициналық операция -- соғыс операциясы -- банк операциясы.


Халықтық тілдегі кәсіби сөздер мен терминдердің лексикалық мағыналарында ұқсастық бар. Кәсіби сөздердің мағыналары да тұрақты және оларға бейнелілік тән емес. Мысалы: шоқыр -- теңізде жүретін ұзын тұмсықты үлкен балық.Собық -- жүгерінің дәні алынған басы. Шығыр -- егістікке су жіберу үшін жасалған құрал. Жым -- аңның ізі, жүретін жолы. Жап--егіндікке су жіберетін кішкене арық.
Сөздердің стилистикалық қызметінен туатын мағыналарына көркем әдебиеттегі поэтикалық мағына ұштасып жатады. Халықтық тілде бір-бірімен қиыспайтын сөздерден жаңа тіркестер, соны сөз өрнегін жасау, сөздің үйреншікті мағынасын бейнелеп, поэтикалық көтеріңкі сипатта қолдану көркем әдебиетте жиі кездеседі. Содан барып поэтикалық мағына қалыптасады. Поэтикалық мағына -- троп, фигураның түрлері сияқты поэтикалық тәсілдерді қолдану арқылы сөздің айрыкша көркем, ерекше әсермен, мәнермен көтеріңкі айты- луынан туатын мағынасы. Мысалы, Абайдың «Толгауы тоқсан қызыл тіл», «Сөзімде жаз бар шыбынсыз», «Өзім де басқа шауып, төске өрледім», «Алты бақан, ала ауыз», «Азалы ақ көрпесін сіке тастап», «Жер күлімдер өңіне шырай кіріп», «Қызыл арай сары алтын шатырына Күннің кешке кіргенін көрді көзім», Н.Байғаниннің «Жер көбесін төңкеріп, Келтірген сәнін даланың», «Сөз тиегін ағытсам, Тэкаббар ескен желдеймін» т. б. өлең жол-
дарында немесе «мұртын балта кеспеу», «от ауызды, орақ тілді», «араларынан қыл өтпеу», «аспанды алақандай, жерді тебіңгідей қылу», «ине шаншар жер болмау» т. б. халықтық тіркестердепоэтикалық Мағына айқын байқалады.
Поэтикалық мағынаның бастау көзі халықтың ауыз әдебиетінде жатыр. Онда поэтикалық мағыналардың не түрлі үздік үлгілері сақталған: «Буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып», «Мұз төсеніп, қар жастанып», «Темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болғанда», «Қабағынан қар жауып, кірпігіне мұз қатып».Поэтикалық мағынаны сөздің әдеттегі ауыс немесе бейнелі (бояма) мағынасымен шатастыруға болмайды. Мысалы,кітаптың беті дегендегі бет -- адамның беті дегеннің атауыштық сипат алған ауыс мағынасы; тамаша, ғажап -таңқалуды, тылтию, қылтию -- жаратпауды, менсінбеуді білдіретін сөздердің бейнелі мағыналары болып табылады да,сөздіктерде ауыс я бейнелі лексикалық мағыналар ретінде беріліп отырады. Ал поэтикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы емес, поэтикаландырылған, көтеріңкі стильдік мағынасы.
Сөйтіп, жоғарыдағы талдаудан қазақ тіліндегі сөздердің лексикалық мағыналарының типтік топтары төрт негізгі белгіге байланысты қалыптасқанын көреміз. Олар: 1) сөздердің шын- дық болмыстағы заттар мен құбылыстарға қатыстылығы, 2) сөздердің тарихи шығу тегі, 3) сөздердің өзара тіркесімділігі, 4) сөздердің стилистикалық қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет