34.Фразеологизмдердің түрлері мен мағыналық топтарына мысал келтіріңіз.
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бүлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бүл белгілер, әсіресе мағына түтастығы, біреуінен ап-айқын көрінсе, скінішісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады. Зерттеушілердің бір тобы түрақты тірксстің біртүтас мағынасы мен солардың қүрамындағы сыцарлардың ара-қатынасына қарай жіктеп бөлсе,
екіншілері құрылым-қүрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тіл білімінде академик В.В.Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі! Қазақ тіл білімінде дс осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз.
Қазақ тіліндегі фразсологизмдер дс фразеологиялық түтастық, фразеологиялық бірлік және фразсологиялық тізбек болып,негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен түтасып, әбден жымдасып кеткен,олардың мағыналық жігін сшқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұүрнынан шаншылып жүр,мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мүршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздің түтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелеген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуға көнбейді. Түйені түгімен жұтты дегеннен ойсырата пара алып, елді қанады дегеп мағына туады. Бұл мағынаның жасалуына түйе, түк, жүту сөздерінің
Тікелей қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді түсінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ, жану сөздерінің тікелей қатысы болмаған. Иегінен тағалы ат тайып жығылғандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғынамыз. Мұнда да мағына тұтастығының бірлігін айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйенің қомында дегеннен қарбалас шақ, абыр-сабыр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арасында тікелей байланыстың болмағандығы байқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан дегеннен скі жүзді, залым дегенді ұғынамыз. Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тіркестердің құрамындағы бір, үрт, май, қан деген сөздердің меншікті мағынасымен мүлдем сәйкеспейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен қүбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастық. тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді, Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктері болады. Бүлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бүл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза біреудің қытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды дегенді білдіреді. Бір қимыл- әрекетті басқа әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразгеологизмдерге айналып кеткен. Ит байласа тұрғысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұрып болмайды дегенді түсінеміз. Соңғы фразеологиялық мағынаның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) мағына тірек болғандығы айқын байқалады. Көз көрмес, құлақ естімес жер дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына меалғашқы мағынаның өзара байланыстылығы анық сезіліп түрады. Ит көйлекті бұрын тоздырған дегеннен сәл үлкендігі бар дегенді түсінеміз. Жеке сөздердің қосындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына екендігін көреміз.
Фразеологиялық тұтастықпен фразеологиялық бірліктің аражігін ажырату кей жағдайда қиынға соғады. Мәселен, ит басына іркіттөгілді (ағыл-тегіл молшылық) дегенді екі жақты түсініп қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшін бүл тіркесфразеологиялық бірлік болса, малдан сырт жүрген, әсіресе кейінгі жастар мүны фразеологиялық түтастық деп тануы сөзсіз. Тұракты тіркестің алғашқы заттық мағынасы неғұрлым көмескіленіп,тасаланып, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның мағына тұтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тіркестің үштүрлі мағынасы бар: 1) иттің мойнына тағатын бау, 2) қалыңмалдың алдын ала берілетін жоралғысы, 3) тамыр-таныстыкпенқалап-сүрап алған зат үшін берілетін төлем ақы. Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т.б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда,мұның соңғы екі мағынасы түрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологиялық тұтастыққа жататындығын бірден танытады. Сол сияқты мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар: 1) басынды, иықтады, 2) біреудің арқасында күн көрді, масыл болды.
Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп шыққандығына қарамастан, оны фразеологиялық тіркестің қай түріне жатқызуға келгенде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мүндағы басты себеп-тұрақты тіркестің мағыналарының тым көнеленіп,ескіре, күңгірттене бастауымен тығыз байланысты. Демек, тұрақты тіркестің мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінуімен байланысты шешіледі.
Фразеологиялық тізбек. Бүл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күнінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын,сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауырсақ мүрын, кем иек, ала қол, қара бет, жел аяқ, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мүрт, алтын айдар, жуан жүдырық, қозы жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке, жез таңдай, бір үрт, қызыл тіп, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбе, зор кеуде, шер көкірек, аршын төс, қабырға ағайын, көк жүлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды т.б.
Фразеологиялық тізбектің қүрамындғы ерікті (тура) мағынадағы сөз сап алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірде-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданады. Мәселен, көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің қүрамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, қара жол, соқпақ жол) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз-қысыр сөзімен, жол-қасқа сөзімен ғана тіркеседі.
Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдей көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті т.б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады. Фразеологизмдер қүрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін
фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық ауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон, қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, жауырын құрлы көрмеді, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, иығы босады, алақанның аясындай, бармақ қазы,езуі жиылмады, тісін басты, қас қарайды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, қу тілді, кеңірдектен келді, тұмсығы батпады, еңбегіқатпаған, төбесі тесік, өр көкірек, арқасы бар, бүйірі шықты,мұрқиның қанындай т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |