метафораларкөбіне ақындардың, айтыс ақындарының шығармаларында жиі ұшырасады. Мысалы: «ақындық өткір тілім сын семсерін тауып, дәл төбесінен танып, түйреп» («Айтыс»). Баладай екі өркеші шөл кемесі-түйем де басқа малдан кем түспейді. («Айтыс»). Ақындар айтыс өнерінде өткір тілді-сын семсерге, түйені -шөл кемеге теңеу, балау арқылы өз ойын тыңдаушыға әрі, соншама әсерлі етіп жеткізіп берудің жолы. Бұл қолданыстар жалпы халықтыкққа көшіп, тілге әбден сіңісіп, халықтың тілдік қазынасына айналады. Сөйтіп, тілдегі сөздің бейнелі кұралдары ретінде тілдік қолданыста қызмет атқарады, тілдік қорда сақталады. Мәселен, бидайды-ақ маржан, мақтаны-ақ алтынға, көмірді, мұнайды - қара алтынға теңеп, жай колданған болсақ,бүгінгі таңда осы метафоралық теңеулер әдеби нормаға айналып, тілдік қолданыста кызмет атқарады. Жеке авторлық колданыстан, қазір жалпы халықтық қолданысқа белсенді түрде енді. Тілдік бірліктер өз семантикалық өрісін кеңейтіп, жұртшылықтың қажетін, сұранысын атқаратын метафораларды: тұрақты метафораға жатады. Тұрақты мерафора барлық жерде жалпылама кездесе бермейді, көбінесе белгілі бір жанрға тиісті. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан тұрақты метафораны кейде поэтикалық метафора деп атайды. адам, гүл- адам, темір-адам, жүрегі – оттай ақсұңқар болат , алмас сияқты сөздерге балау дегендерді жиі пайдаланады. Мысалы: Ағаш-адам, гүл-адам, темір-адам Жолықтырды өмірде бәрін маған [Е. Шаймерденұлы]. ...Қайың-адам, тал-адам, терек-адам, Жапырақ жүрек жайқалған желек-адам. Жүрегі - от, жаны – пәк, ойы - зерек, Бәрінен де сол болар керек адам [Е.Шаймерденұлы], Сөйтіп, тұрақты метафора сөздің келтірінді мағынасы ретінде мәтіннің мазмұнына енеді. Жеке қолданыстық метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты.