1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Диалектизмдер мен кәсіби сөздердің аражігін ажыратыңыз



бет15/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86
Байланысты:
лексикология

10. Диалектизмдер мен кәсіби сөздердің аражігін ажыратыңыз.
Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл. Диалект сөздер — белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.
Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла — тыңда, құдағай – құдағи, полат – болат, баралы – баралық, бережақ – берешек, келулі – келді, т.б.
Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т.б.
Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.
Аумақтық диалект – аумақтық жағынан шектелген және Әдеби тілмен затор қолданылатын тіл; ол тек ауызша нысанда ғана болады; қатаң нормалары жоқ; стильдік тармақтары да сараланбаған. Қазақ тілі қалай айналса да, қазақ тілі болып қалады ғой. Бірақ та мен өзім қазақ тілінде диалект деген жоқ дегенмен келісе алмаспын, өйткені диалекттің бар болуы үшін бір-бірін көп мөлшерде түсінбеу міндетті емес. Қытай тілі негізінен сәтсіз мысал, өйткені ғалымдардың дені оны бір тілдің диалектілері емес, бірақ та туыстас тілдер деп санайды, Қытайдың өзі саяси себептермен бәрін "диалекттер" деп қойған (тіпті жазуы бір болса да, мандаринді ғана білетін қытай хоккиеннің күнделікті қолданыстағы сөз тіркестерінің үлкен бөлігін түсіне алмас). Меніңше бұл тақырып әлі дұрыс зерттелмеге. Әрине, диалект дегенде мүлдем түсінбей емес, бірақ қазақ арасында болған сайын осының бар екені байқалады. Бір жағынан жеке сөздер бар (мені шымкенттік жігіт тәте деп атағанда мазақ етіп тұр ма деп "сәйкесінше" жауап бергенім әлі есімде), олардың өзі сөйлегенде түсініксіздік тудырады. Оған грамматикалық айырмашылықты қоссаңыз диалектке жақын бір нәрсе байқалады. Мысалы - оңтүстік қазақтардың көбі "классикалық" нақ осы шақтың жатыр,тұр, отыр, жүр дегеннің орнына жергілікті атыр дегенін айта салады. Ал батыста "келіңдер", "бақытты болыңдар" дегенді "келің", "бақытты болың" деп айта салады. Осыны мен мысалы жаңадан ғана білдім, білмесем, түсінбес едім. Егер де қазақ жазба әдебиетінің қалаушысы Семей өңірінің Абайы болмаса және қазақ тілін зерттеген ғалымдардың, сол жазба әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ақын-жазушылардың көбі шығыс және орталық-солтүстік Қазақстаннан емес, Сыр өңірінен болса, немесе Маңғыстаудан болса, онда қазіргі ресми тілді үйрететін оқулықтарда нақ осы шақ көмекші етістігі "атыр" болар еді, немесе "келің" "жүрің" деген сияқты (мен бұларды толық қолданысын білмегеннен дұрыстап тұрып мысал келтіре алмай тұрмын) сөздер ресми ақпаратта қолданылар еді. Мұның бәрін жазған себебім өңір-өңірдегі қазақ тілінің қолданушыларын мазақ ету емес, керісінше олардың бар екенін (және де бұл өзгешіліктер "жұмылған көз де көретін" өзгешіліктер), бірақ олар (тіл ғалымдарымыздың сорынан ба?) әлі зерттелмегенін, әлі толық бағасын алмағанын басып айту үшін жаздым. Қазақ тілінің сөздік қоры үнемі өзгеріп отырады. Тілімізге әр түрлі қарым-қатынасқа байланысты басқа тілден сөздер енеді, тұрмыс-тіршілікке байланысты заттар мен құбылыстардың аттары жаңарып отырады. Тілімізге басқа тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Қазақ тіліне араб-парсы, монғол, орыс тілдерінен көптеген сөздер кірген.
Тілімізде кейбір кірме сөздердің қазақша нұсқасы да бар. Мысалы, коллектив – ұжым, вертолет – тік ұшақ, самолет – ұшақ, аэропорт – әуежай, аудитория – дәрісхана, протокол – хаттама, т.б.
Жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір аймақтағы тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер тіл білімінде диалект сөздер деп аталады. Мысалы, сым, жейде, дарбаза, көпшік, тұқым, қоңсы, елгезер, бәдірең, кеуірт, таңлай, маңлай, тыңла, құдағай, кәсе, кигіз, жадағай, шекер, сүгірет, кеуілт.б. сөздер диалект сөздер болып табылады.
Әлеуметтік диалект – әлеуметтік немесе кәсіби жағынан топтасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас құралы болып табылатын тіл. Фонетикалық,грамматикалық құрылымы жағынан әдеби тілден соншалықты айырмашылықтары жоқ,әлеуметтік тіл негізінен лексика,семантика,фразеология бойынша айырмаланады.
Мысалы: Шымкент, Арыс манында шайнекті — чәугім, жұмыртқаны — тұқым дейді, Орал өңірінде таразыны — шеккі, бәкіні — шаппа, кауғаны — бөрлек десе, Гурьев, Маңғыстауда: көрт, кердері, жанпоз, жарбай сияқты түйе атауының неше түрі бар. Осындай жергілікті халық тілінде ғана колданылатын, белгілі аймақ көлемінде ғана айтылатын сөздерді диалектизмдер дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет