1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


«СЫМАРЫШ ЕТУ». Шалкиіздің Би Темірге айтқан сөзінде



бет18/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
«СЫМАРЫШ ЕТУ». Шалкиіздің Би Темірге айтқан сөзінде:
Бұ халқыңды кімге сымарыш етерсің? –
деген жолдар бар. Мұндағы сымарыш сөзі асмарла- сөзімен түбірлес болар. Ал асмарла- етістігі орта ғасыр түркі екерткіштерінің бірі – «Аттухфат уз закияту фил-луғат ит-түркийа»-ның тексінде «өсиет ету» деген мағынада қолданылған сөз деп көрсетілген. Орта ғасырлардары түркі тілдерінде асмар/сымар(ыш) сөзі «өсиет» мағынасында қолданылып, одан жасалған асмарла-, сымарыш ет- етістіктерінің де болғаны байқалады. Бұл етістіктердің мағынасы – «өсиет етіп қалдыру, тапсыру». Демек, Құдайдың үйіне кетіп бара жатқан әміршісі – Би Темірге жырау: «Артыңда халқың қалып бара жатыр, оны кімге тапсырасың, өсиет етесің?» – деп тұрған сияқты.
«ШЫР БІТУ». Бұл тіркестің беретін мағынасы түсінікті: ол – «семірді, ет алды, қоңданды». Түсіндірме сөздікте шыр сөзінің үш түрлі мағынасы көрсетілген, солардың бірі – «нәр, маңыз» және «әл, қуат, күш» деп берілген. Шыр сөзінің түптөркінін қуаласақ, ол көне түркілерде «май, еттің майы» дегенді білдірген екен (ДС, 146). Сонда шыр біту «май біту» дегеннің көне варианты болып шығады. Майды шыр сөзімен атаудың өзі ұмыт болғанмен, бұл сөз өз мағынасында тіркес құрамында сақталып қалған. Бұл іспеттес құбылыс қазіргі қазақ тілінде аз кездеспейді.
12. Көнерген сөздер мен неологизмдер, терминдер туралы түсіндіріңіз.
Ескі заманның, ескі қоғамдық қатынастардың көрінісі байқалатын атаулар көне сөздер деп аталады.
Көне сөздер өз ішінен ескірген сөздер (архаизмдер) және тарихи сөздер болып екіге бөлінеді.


Ескірген сөздер.
Мағынасы көнергендіктен, тілден шығып қалған немесе күнделікті өмірде өте сирек қолданылатын жекелеген сөздер ескірген сөздер (архаизмдер) деп аталады.
Тарихи сөздер.
Т.с дегеніміз- өткен дәуірлерде белгілі бір қоғамдық ұғымдарды білдірген, қазіргі кезде қолданыстан шығып қалған, тарихи жағдайға байланысты ғана пайдаланылатын көне сөздер.
Едәуір бөлігі әдеби салт- санаға, әдет ғұрыпқа байланысты ұшырайды. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет