1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет17/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86
Байланысты:
лексикология

11. Қазақтың байырғы төл сөздері турасында баяндаңыз. Академик Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» еңбегіне тоқталыңыз. Мағынасы күңгірттенген сөз тіркестері сыңарларын талдаңыз.
Байырғы төл сөздер сөздік құрамның сан жағынан ең мол, құрылымдық-стилистикалық және грамматикалық сипаты жағынан алуан түрлі қабатына жатады. Байырғы лексиканың негізінде түркі тілдеріне ортақ сөздер жатады. Оған қазақ тілінің негізгі сөздік қорына кіретін сөздер түгелдей дерлік кіреді. Бірақ байырғы лексика ол екеуінен ғана тұрмайды. Байырғы лексикаға олардан басқа сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған мыңдаған тума сөздер, қазіргі кезде көнеріп кеткен сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, әбден халықтық сипат алып кеткен бірқатар кірме сөздер кіреді. Мысалы. Араб-парсыдан ауысқан әуен, қорек, әрекет, орыстан ауысқан самауыр, рет, бәтіңке т.б. Сол себепті байырғы лексиканың көлем-мөлшері жалпытүркілік лексикадан және негізгі сөздік қордан әлдеқайда кең, әрі көп салалы.
Сонымен, байырғы төл сөздер дегеніміз-қазақ халқының өмір тіршілігі мен шаруашылығына, тұрмысы мен мәдениетіне, дүниетанымы мен түсінігіне байланысты жалпыхалықтық сипатта қалыптасқан, оның өзіне тән сөздері. Байырғы төл сөздер, бір жағынан, бұрынғы, ескі, көнелік, екінші жағынан, тілдің өзіне тән, меншікті, етене қасиеттерімен сипатталады.
Мысалы, Р.Сыздықтың «Сөздер сөйлейді» еңбегінде «ДАҢҒА ШЫҒУ» сөзі берілген. Бұл тіркес «Қозы көрпеш-Баяе сұлу» сондай-ақ «Ер тарғын» жырында да кездеседі. Диалектизм ретінде Қазақстанның батыс өлкесінде қолданылып жатады. Мағынасы – «белгілі болу, атағы шығу, даңқы шығу». Даңға шығу дегеннің бірінші сөзінің түбірі – даң. Бұл – жеке тұрып қазірде көп қолданылмайтын сөз. Ал түркі тілдерінің кейбіреулерінде, мысалы, қырғыз тілінің оңтүстік диалектісінде даң «атақ, белгілілік, даңқ» мағынасында ұшырасады. Осы түбірден өрбіген даңдуу «белгілі, атақты», даңдау «біреуді мақтап атағын жаю», даңдану «өзін жақсы жағынан көрсету» деген сөздер қырғыз әдеби тілінде жұмсалады. Қазақ тілінде де «өз атағын өзі көтермелеу» деген мағынада даңдайсу (даң + дай + сы + у) деген етістік кездеседі. Демек, даң сөзі бір кездерде жеке тұрып, «атақ, даңқ» дегенді білдіргені хақ.
Бұл жерде ерекше болып көрінетін құбылыс – шығу етістігінің ба- рыс септіктегі сөзді қажет етуі (әдетте, дұрысы даңы шыққан болу керек қой). Сірә, биікке шықты, тауға шықты дегендей, «белгілі атаққа шықты (ілікті)» деген үлгіге (модельге) сай даңға шықты болып қалыптасқанға ұқсайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет