1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Когнитологияның жеке тармақтарын таратып жазыңыз. Ұғым мен концептінің айырмашылығы бар ма?



бет39/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86
31.Когнитологияның жеке тармақтарын таратып жазыңыз. Ұғым мен концептінің айырмашылығы бар ма?
Когнитология ғылымы көне замандардан бастау алады.Басты нысаны-таным мен ақыл,ой-сана,тіл мәселелері
Когнитивтік ғылымның негізгі пәні – адам санасы мен оның технологиялық ойлауы.Бұл пәнаралық ғылым адам санасының белгілі бір жақтарын, ең алдымен оның жүйелі түрде ойлауымен және дүниені тану үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған. Когнитивтік лингвистика – тілдің танымдық теориясы мен танымдық қызметін зерттеп, адамзат білімінің түзілуі мен оның қызмет болмысын қарастырады. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына сондай-ақ концептілер жатады. Олар концептілік жүйе құрап, өзіндік белгілермен ерекшеленетін концептуальды кеңістікті құрайды. Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай – ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқылы кодқа салынған ақпаратты ашып немесе ақпараттарды кодка салу тәрізді әрекеттер когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады.
Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде қалыптасуы мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері Тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қайнар көзі, шығу арнасы Еуропада В.Гумьболдтың линго-философиялық тұжырымдамаларынан, ал Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады. Ресейлік филологиялық және тілтанымдық дәстүрді жалғастырушы Н.И.Толстой, Н.Топоров,В.В.Иванов, В.А.Аврорин, В.Н.Телия, В.В.Воробьев, А.Вежбицкая, Е.М.Верещагин,В.Г.Костоморов, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық болмыс, халық тарихы, ел тарихы, дүниетаным, рухани және материалдық мәдениеттің құрамдас бөліктерін құраушы ұлттық құндылықтар жүйесі тіл құрылымының танымдық астарымен,таңбалық сипатымен,тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады. Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды және адамға қатысты үдерістерді, яғни жүйелі сипаттау және адамның тілді қабылдауын түсіндіру механизмін және осы механизмдердің құрылу ұстанымдарын қарастырады. 3.Когнитивтік лингвистикаға қатысты ғалымдардың пікірлері, тұжырымдары. Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды [6, 9]. А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін оның міндеттеріне ғаламды тану, ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу, білімді концептілеу, концептілер жүйесін суреттеу, ғаламның тілдік бейнесі мәселелерін жатқызады [ 6,25]. Е.С.Кубрякова когнитивтік лингвистика міндеттерін « есте сақтау, елестету, қабылдау, ойлау арқылы тілдік үдерістердің, тілдік бірліктердің және категориялардың арақатынасын зерттеу ретінде анықтап сипаттайды [10 ,32]. Когнитивтік лингвистиканың пәні – тіл мен сөйлеуде пайда болған нақты тұжырымдарды ( концептілерді) білдіретін тілдік құралдарды ( cөз, сөз тіркесі, мәтіндерді) зерттеу
Когнитивті лингвистика бірнеше факторлардың әсер етуінен пайда болды. Когнитивті лингвистиканың пайда болуына когнитивті психологияның да әсері болды. (Тіл біліміндегі психология жайында ХІХ ғ. А.А Потебня , Г. Штейнталь,В. Вундттың еңбегі бар). Когнитивті психология бұл кезеңде психолингвистика объектісі тұрғысында қарастырылды. Когнитивті лингвистиканың пайда болуына лингвистикалық семантиканың да әсері болды. Кейбір зерттеуші ғалымдар когнитивті лингвистиканы «семантиканың негізінен туындаған» деп топшылайды. Когнитивті лингвистиканың даму кезендерін АҚШ-ғы «когнитивті грамматиканың» пайда болуынан да, сондай –ақ Ресей жеріндегі «когнитивті семантика»терминімен байланысты деген көзқарастар т.б. Когнитивтік лингвистика алғашқыда нейролингвистика (жасанды интеллект және компьютерлік ғалымдар) аясында зерттелген. Зерттеу барысында ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат - пайымын, ойлау деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет