30.Сөз мағынасының макро және микро компоненттеріне талдау жасаңыз Сөзде бір, кейде бірнеше лексикалық мағына болады және олар пайда болу тәсілі жағынан алуан түрлі болып келеді. Акад. В.В.Виноградов сөздердің лексикалык, мағыналарын үш түрге бөліп қарастырады. Олар: 1) лексикалық атауыш мағына (жеке тұрғандағы), 2) фразеологиялық байлаулы мағына, 3) синтаксистік шартты мағына.
Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы - заттар мен құбылыстарды, олардың белгілерін, іс-әрекеттерін атап көрсететін атауыштық (номинятиптік) мағына. Мұны кейде тура мағына, негізгі мағына деп те атай береміз. Атауыштық мағынаны, сонымен бірге, дербес мағына, еркін мағына деушілер ле жоқ емес. Оның себебі бұл мағына сөздің басқа сөздермен емін-еркін қарым-қатынаста тұрған кезінде де туа береді. Мысалы, қара сиыр, қара шаш, қара мата, қара бояу деген тіркестерде қара сөзі еркін қолданылып тұр. Ол - "күйенің, көмірдің түсіндей (аққа қарама-қарсы) түс" деген лексикалық мағына береді. Ал қара халық деген тіркесте ол сөз түс магынасында емес, 1) "қарапайым" немесе 2) "сауатсыз, қараңғы" деген фразеологиялық байлаулы мағыналардың бірінде қолданылған.
Яғни атауыштық мағына деп - сөздің жеке тұрғандағы (еркін тіркестегі) білдіретін негізгі мағынасын айтамыз. Ол толық мағыналы дербес сөздердің бәріне тән.
Сөз мағыналарының екінші түрі - фразеологиялық байлаулы мағына. Ол - атынан-ақ көрініп тұрғандай, сөздің тұрақты тіркес құрамында ғана пайда болатын мағынасы. Оған жоғарыда мысал келтірдік. Тағы да келтірер болсақ, қасқа жол, су жана деген сияқты тұрақты трікестердің құрамындағы қасқа (анық, айқын, тұзу), су (мүлде, тым, тіптен) сөздерінің мағыналары сол фразеологиялық байлаулы мағынаға мысал бола алады.
Сөздердің синтаксистік шартты мағынасы сөйлем ішінде, белгілі бір синтаксистік құрылымда қолданылу арқылы ғана туады. Мұндайда сөз өзіне тән дағдылы мағынадан басқа, әдсттегіден тыс ерекше (қосымша) мағына үстеп алады. Мәселен, біз адмның қулығын, айлакерлігін айтқымыз келсе – түлкі деуіміз мысал
Тек кез келген сөздің синтаксистік шартты мағынасы бола бермейтіндігін ескертуге тиістіміз. Өйткені тілімізде ең көп және жиі қолданылатын сөздер ғана синтаксистік шартты мағына туғыза алады.
Сөз мағынасының түрлері туралы айтқанда жоғарыда тоқталған үш мағынаға (лексикалық атауыш мағына,фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына)қоса бұлардын тағы бір скі-үш түрін арнайы сөз ете кеткен жөн болар. Олар: 1) создің негізгі (тура), 2) косымша (туынды) және 3) ауыс/ауыспалы (келтірінді) мағыналары.