Когнитивтік психологияның зерттеу нысаны. Когнитивтік психологияның зерттеу нысанын білімнің құрылымы мен адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтік психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзіне көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен үдерістер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды.[4]. Когнитивтік психология («тіл білімінде психологизм» туралы) дегеніміз – адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың еске сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы. Когнитивтік психология мен когнитивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады ішкі сөздік қор сөйлеу, әрекетін туғызу мен қабылдау. 3.Когнитивтік әлеуметтанудың қарастыратын мәселелері. Когнитивтік әлеуметтану әлеуметтік тіл білімі мен когнитиктік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін, қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Когнитивтік әлеуметтану дегеніміз – жеке адамдар мен топтардың ойлау әрекетінде қалыптасатын,оның алатын әлеуметтік ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы. Бұл бағыттағы алғашқы еңбек 1973 жылы А.Сикурелдің дайындауымен жарық көрген.1997 жылы саясаттанушы Е.Зерубавел «Когнитивтік әлеуметтануға шақыру» атты жұмысында когнитивтік әлеуметтанудың синхронды негіздерін анықтау мақсатында төмендегідей мәселелердің зерттелу қажеттігін атады: жеке тұлғалардың ойлау әрекетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды түсіндіру, әлеуметтік конвецияларға талдау жасау, хабарды қабылдау барысында байқалатын әлеуметтік шарттарға назар аудару, жеке субьективті мәселелерге қатысты анықталатын талғам ұғымының анықтамасы, ерекшелігі, мағына мен мазмұн ұғымдарының типологялық және құрылымдық негіздерін оқып үйрену, аса құнды және қажет оқиғаларды, құбылыстарды не болмаса үдерістерді жадыда сақтаудың әлеуметтік ұстанымдарын зерттеу, уақыт, заман, қоғам мәселелерінің әлеуметтік даму шарттарын саралау. 4.Когнитивтік антропологияның зерттеу нысаны. Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым. Ғасырлар тоғысында адам ғылыми зерттеулердің ең өзекті мәселесіне айналды. Қазіргі тіл білімінде негізгі ұстанымдардың бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм ұстанымы ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын бұл салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын анықтау және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау т.б. Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты. 5. Когнитивтік семантиканың негізгі мәселелері. Когнитивтік лингвистиканың негізі толық қаланып болмаса да, бүгінгі таңда бір жағынан онда көбінесе когнитивтік грамматика, когнитивтік лексикология айқындалса, екінші жағынан, семантика саласында когнитивтік фактілердің түрлі варианттары – прототиптік семантика, концептуальды семантика, фреймалық семантика, процедуралық семантика орын алады. Сонымен тілдік құрылымдарды зерттеуде шешуші мәселе – бұл шетел лингвистикасындағы жаңа семантикалық бағыт болып табылатын – «когнитивтік семантиканың» пайда болуы. Когнитивтік семантика – бұл толық семантикалық мағынаның ситуацияны қабылдаудың нақтылық деңгейі, фондық болжаулар мен белгілі бір көрініске қатысты нақты бірліктерді таңдау және ойды (пікірді) таңдау. Когнитивтік лингвистикадағы сөз мағынасымен семосиологиядағы сөз мағынаны ажыратудың қазіргі тіл білімі үшін маңызы зор. Когинивтік лингвистикада мағына семосиологиядағыдай сөз мазмұны ретінде көрінбейді.