1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет5/31
Дата13.04.2022
өлшемі56,97 Kb.
#30937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)

Қосымша әдебиеттер:

1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с

2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.

Абая, 2014. - 96 с



3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет

3.Сөйлеу тілінің дамуының қалыпты жағдайы
Аннотация: Жалпы сөйлеу тілі жағдайының қалыпты даму жағдайына сипаттама

Кілт сөздер: нейрофизиология, медицина, патопсихология, нейропсихология

Жоспар:

1. Сөйлеу тілінің дамуы,бұзылымдары

2. Сөйлеу ақаулықтарының шығу себептері
Дәріс тезисі: Сөйлеу тілінің бұзылымының түрлері мен формалары туралы анықталған ғылыми негіздегі жұмыстар кемшілікті жоюдың, оларды түзетудің тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді. Логопедияның даму тарихында зерттеушілердің барлығы дерлік сөйлеу тілінің кемшіліктерін классификациялауға бетбұрыстар жасады. Қазіргі уақытта сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясы тек қана логопедия ғылымы үшін емес, басқа да сөйлеу әрекетінің бұзылымдарын зерттейтін нейрофизиология, медицина, патопсихология және нейропсихология, арнаулы педагогиканың барлық салалары үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Логопедия ғылымының даму кезеңдеріндегі сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясы европалық медицинаның жетістіктерімен байланысты ХІХ соңы мен ХХ ғасырдың басында ұсынылған (1877) А.Куссмаульдің классификациясы болды. Одан соң ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы отандық зерттеушілер В.Отдушевский, Г.Гутцман, Э.Фрешельсалар ұсынған классификация орын алды. Ұсынылған классификациялардың арасындағы жалпы қарама қайшылықтардың қорытындысы мен олардың мазмұнына, құрылымына енгізілген түзетулердің мазмұны жоғары нерв әрекетінің физиологиясы, психология, медицина, педагогика ғылымдарының жетістіктерімен байланысты М.Е.Хватцев, Ф.А.Рау, С.С.Ляпидевскийдің клиникалық классификациясы қолданыла бастады. Сөйлеу тілі құрамын ,дыбыстардың айтылуын, сөздік қорын,грамматикалық құрылысын, жазуы мен оқуын тексерген кезде қолданылатын тәсілдерге және нақтылы әдістерге тоқталамыз. Тәсілдің немесе әдістің қайсысын болмасын әйтеуір біреуін қолданғанымен сөйлеу тілі бұзылуының ерекшелігі туралы бірден қорытынды жасауға болмайды. Тек тексерудің нәтижесін салыстыру және талдау арқылы сөйлеу тілінің ақаулығы туралы анық айтуға болады. Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізілу қажет. Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады.(анамнез жинақтау) Ата-аналардың берген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді. Сөйлеу тілі ақаулықтарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру керек. Сондықтан, баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан әрі қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоқтығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына ортаның қандай ықпал тигізгендігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдамайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедтен бұрын дәріс алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек.Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан (көбінесе сол жақ мидың) ми қыртысы астындағы ядролардан, ми өзегі ядроларының, соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз сөйлеу процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.Адам сөйлеу үшін мидың әртүрлі бөлігі қатысады, дегенмен де ми қыртысының кейбір бөліктері басты роль атқарады. Олар ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігіне орналасқан (төменгі қыртысына) Брока орталығы, адамның дауыс шығарып сөйлеу процесстері осы орталықтың арқасында іске асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігіне, Вернике орталығына басқа адамның сөйлеген сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан.Осыған байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.Сөйлеу аппаратының барлық органдары мидан шығатын жүйкелермен қамтамасыз етілген. Шеткі сөйлеу аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:

1) демалу бөлігі

2) дыбыс шығару бөлігі

3) Дыбысты құбылтып- өзгерту бөлігі

Артикуляция дегеніміз- әрбір дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы. Артикуляция аппаратының құрамына мұрын және ауыз қуыстары мен көмекей кіреді.

Артикуляция органдары белсенді органдар және енжар органдар болып екіге бөлінеді. Белсенді органдарға тіл, төменгі жақ сүйектері, ерін және жұмсақ таңдай жатады.

Енжар органдарға таңдай сүйектері, жоғарғы жақ сүйектері және тістер жатады. Артикуляциялық аппараттың құрылысында әртүрлі іштен туылған кемістіктер болуы ықтимал, соның әсерінен баланың дыбыс шығару қабілеті бұзылады. Сөйлеу кемістігінің себептерін анықтау үшін сөйлеу органдары мен олардың кемістіктерін білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет