1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет3/31
Дата13.04.2022
өлшемі56,97 Kb.
#30937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)

Қосымша әдебиеттер:

1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с

2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.

Абая, 2014. - 96 с

3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет

2. Тіл кемшіліктерінің зерттелу тарихы.

Аннотация: сөйлеу тілі кемшіліктерінің зерттелу тарихына сипаттама.

Кілт сөздер: Этиология,патофизиология, фонетика,фонематика,лексика,грамматика
Жоспар:

1. Сөйлеу тілі кемшіліктерінің тарихына шолу

2. Сөйлеу тілінің тексерілуі
Дәріс тезисі: Этиология термині грек тілінен аударғанда «этио» себеп, «логия» ғылым, оқыту деген мағынаны береді. Себеп-салдар проблемасы адамзат дамуының барлық кезеңдерінде де назарға алынған мәселе болып келеді. Этиологияның ғылым ретіндегі дамуы медициналық және жеке ғылымдардағы прогресспен тікелей байланысты.

«Этиология» түсінігі философиялық категория, сондықтан да оның дамуы философиямен тікелей байланысты. Осы проблеманы шешуге өз үлесін қосқан отандық патофизиолог И.В.Давыдовскийді айтамыз. Сөйлеу тілінің кемшілігін анықтаудың этиологиясы тарихи даму кезеңдерінен өтті. Ежелгі грек дәуірінің өзінде грек философы, дәрігер Гиппократ (б.э.д. 460-377ж.ж.) сөйлеу тілінің кемшіліктерін анықтаған, соның ішінде тұтығу мен мидың зақымдану себептерін анықтаған. Басқа грек философы Аристотель (б.э.д. 384-322 ж.ж.) сөйлеу процестерін сөйлеу аппаратының анатомиялық және перифериялық құрылымымен байланыстырып, сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің себептерін анықтаған.

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек.Сөйлеу тіліндегі мүкістіктің ішкі сырының ерекшелігін және оның ауқымдылығын анықтай білу қажет. Сөйлеу тілі жүйелерінің қайсы бөлігінің ақауланғанын талдай білу қажет.Сөйлеу тілінің мүкістіктерінің ерекшелігі мен оның күрделілігіне байланысты әрбір нақтылы жағдайға сәйкес тапсырмаларды пайдаланып тексеру ішінара жекеленген болу керек. Бірақ қандай жағдай болмасын кейбір негізгі талаптарды естен шығармау қажет. Мүкістіктер сөйлеу тілінің фонематикалық, лексикалық және грамматикалық жақтарын да қамтитыны белгілі. Бұл сөйлеу тілінің фонематикалық барысын, сөздік қорын,грамматикалық құрылысын жан-жақты тексеру деген сөз. Сонымен бірге мектеп оқушыларының оқуы мен жазуын да тексеру қажет. Сөйлеу тілінің мүкістерін талдауға жүйелі тәсілді қолданудың, сөйлеу тілінің қайсы бөлігінің бұзылғанын анықтап қана қоймай, сонымен бірге оның басқа бөлімдерімен де қандай байланысының бар екенін шамалауға мүмкіншілік беретін ерекшелігімен маңызды. Мысалы сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы өз бетімен дербес болып келуі белгілі, бірақ ол көп жағдайда сөйлеу тілінің фонетикалық жағын, ал кейде, тіпті фонетико-фонематикалық және лексикалық-грамматикалық жақтары сияқты жалпы дамуын да қамтитын бұзылудың күрделі нышанын білдіретін ақаулықтарға сай келуі мүмкін. Осының барлығы тексеру барысында ашылу керек.Бірақ логопедия жұмысында бұл әрдайым ескеріле бермейді, осы уақытқа дейін ақаулыққа қолданылатын әрекеттер оның ең жиі көрінетін сыртқы белгісіне қарап белгіленеді,оның басқа бөлімдерімен байланысы ашылмайды, нәтижесінің қандай болатыны, қандай зардапқа әкеліп соғуы мүмкін екені ескерілмейді. Мысалы, сөйлеу тілі дыбыстарын естіп қабылдауының , ажыратуының жеткіліксіз дамуы жекелеген дыбыстардың айтылуындағы бұзылуына және баланың фонематикалық түсінігінің кешеуілдеп қалуына себепші болуы мүмкін. Сондай- ақ ол сөйлеу тіліндегі дыбыстардың талдауының қалыптаспауына, демек оқуы мен жазуын меңгеруіне де әсер етуі мүмкін.Жоғарыда көрсетілгендей, сөйлеу тілі бұзылуының әрбір көрінісі бір мезгілде басқа да бұзылулардың шығуына себепші болуы мүмкін.Бұл жағдай сөйлеу тілі мүшелерінің қайсы бөлігінің бұзылғанын анықтағаннан кейін, соған қатысты басқа мүшелері қандай жағдайда екенін байқап көріп, тексерген кезде назарда болу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет