1. Логопедияның обьектісі, пәні, әдістері және міндеттері



бет7/31
Дата13.04.2022
өлшемі56,97 Kb.
#30937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
дәріс (1) (1)

Қосымша әдебиеттер:

1. Шестакова Е.В. Ринолалия и нарушения голоса : Курс лекций. - Актобе : ИЦ АРГУ им. К. Жубанова, 2015. - 142 с

2. Коржова Г.М. Основы логопедии с историей логопедии : Учебное пособие. - Алматы : КазНПУ им.

Абая, 2014. - 96 с



3. Өмірбекова Қ.Қ. Логопедиялық практиканы жүргізудің әдістемелік нұсқауы : Оқу-әдістемелік нұсқау.- Алматы : Абай ат. ҚазҰПУ, 2014. - 59 бет
4. Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері

Аннотация: Сөйлеу тілінің анатомиялық физиологиялық механизмдерінің кемшіліктеріне сипаттама

Кілт сөздер: Перифериялық сөйлеу аппараты, механизм,артикуляция.

Жоспар:

1. Сөйлеу органының физиологиясы

2. Перифериялық сөйлеу аппараты
Дәріс тезисі: Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері біріншіден, қалыпты сөйлеудің дамуындағы күрделі механизмді тануымыз, екіншіден сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді талдауымызға, үшіншіден, коррекциялық жұмыстарды жолдарын анықтауымызға негіз болады. Тіл – адамның ең жоғарғы психикалық функциясын орындайтын күрделі процесс. Сөйлеу актісі бас миындағы күрделі органдардың жүйесі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның сөйлеуі анық, таза, дәл болуы үшін сөйлеу органдарының қозғалысы да соған сай болуы керек. Аталған күрделі процесті жүзеге асырушы механизмнің әрекетін түсінуіміз үшін сөйлеу аппаратының құрылысын жақсы білуіміз керек. Сөйлеу аппараты өзара байланысқан екі бөлімнен: орталық (реттеуші) сөйлеу аппараты және перифериялық сөйлеу аппаратынан тұрады. (суретін салу керек) Орталық сөйлеу аппараты бас миында орналасқан. Ол бас миының қабықшаларынан (сол жақ жарты шарлар), қабық асты жүлгелерден, өткізгіштік жолдардан, сопақша мидағы бағандардан және тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық бұлшық еттерге қарай баратын нервтерден тұрады. Орталық сөйлеу аппараты мен оның органдарының атқаратын қыметі ерекше. Тіл басқа да жоғарғы нерв әрекетінің қызметі сияқты рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері бас миының белгілі бір аумақтарының әрекетімен байланысты. Бас миының кейбір бөлімдері, яғни маңдай, самай, төбе бөлімдері жетекші қызмет атқарады. Маңдайдағы ми қатпарлары (Брока орталығы) ауызша сөйлеу кезіндегі қимылдық белсенділікті арттырады. Самай бөліміндегі ми қатпарлары (Вернике орталығы) басқа адамның айтқан сөзін түсінуімізге көмектеседі. Бас миының төбе бөлігі сөз мағынасын ажыратуымызға жағдай жасайды. Шүйде бөлігі көру қабілетіміз арқылы жазбаша сөйлеу қабілетімізді жүзеге асырады. Осы бөлік арқылы оқу мен жазу кезіндегі әріптердің бейнелерін тануға үйренеміз. Шүйде бөлігіндегі ми қатпарларының көмегімен бала ересектердің айтқан сөздерінен зейін аударуға, дыбыстардың артикуляциялық кескінін ажыратуға дағдыланады. Қабық асты ядролар сөйлеу ырғағын, сөйлеудің мәнерлілігін бақылайды. Өткізгіштік жолдар перифериялық сөйлеу аппаратындағы екі түрлі нерв жолдарымен байланысып жатыр. Олардың бірі Брока орталығынан басталатын қимылдық нервтер бас миының қабықшаларын перифериялық сөйлеу аппаратындағы қимылды реттегіш бұлшық еттермен байланыстырса, екіншісі сөйлеу органдарының әрекетін реттеуші нервтермен (жұтқыншақта орналасқан) байланысады. Перифериялық сөйлеу аппаратының барлық органдары бас сүйегіндегі негізгі нервтер: үштік нерв, бет нервісі, тіл, жұтқыншақ нервтері, тіл асты нервтері, тітіркендіргіш нервтер арқылы иннервацияланады. Аталған нервтердің барлығы белгілі бір қызмет атқарады. Үштік нервтер астыңғы жақ сүйектерінің қозғалысын реттеуші бұлшық еттерді нервтендіреді, бет нервісі мимиканың орындалуына қажетті бұлшық еттерді, соның ішінде еріндердің қозғалысын нервтендіреді, тіл, жұтқыншақ нервтері мен тітіркендіргіш нервтер кеңірдек пен дауыс қатпарларын, жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайды нервтендіреді. Сонымен қатар, сөйлеу кезіндегі тыныс алу мен жүректің жұмысын реттеуші нервтер де іске қосылады.

Бас сүйегінде орналасқан нервтер арқылы орталық сөйлеу аппаратынан перифериялық сөйлеу аппаратына импульстер тарайды. Нерв импульстері сөйлеу органдарының қозғалысын жүзеге асырады. Осы аталған күрделі жүйе сөйлеу механизмінің бір бөлігі болып табылады. Екінші бөлімде перифериялық сөйлеу аппаратынан орталыққа қарай бағытталған кері байланыс жүзеге асады.

Перифериялық сөйлеу аппараты үш бөлімнен: тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық бөлімдерден тұрады. Тыныс алу бөліміне көкірек клеткасы, бронха және трахея жатады. Бұл бөлім сөйлеу актісі кезіндегі тыныс алуды, дем шығаруды реттейді.

Дауыс шығару бөлімі кеңірдек пен оның қатпарларынан тұрады. Артикуляциялық бөлім тіл, ерін, жақ сүйектері, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдардан тұрады. Көрсетілген сөйлеу қызметін атқарушы органдардың бірлескен жұмысы сөйлеу органының физиологиясын құрайды. Сөйлеу органының физиологиясы бір-бірімен өзара байланысты ауа жолдарының түзілуі, дыбыстардың құрылуы (фонация), сөйлеудегі дыбыстардың шығуы (артикуляция) деп аталатын негізгі үш функцияны атқарады. Ауа жолдарының түзілуі дыбыстарды құру мен сөйлеудің пайда болуы үшін қажет және ол тыныс алу актісі процесінде жүзеге асырылады. Сөйлеу органдарының әрекетін мақсатты түрде тыныс алудан бастап қарастырған дұрыс. Тыныс алу аппаратының негізгі бастауы газ алмасу арқылы пайда болады. Бұлайша алмасу процесі өкпедегі тыныс алу фазалары дем алу мен дем шығарудың кезекті түрде жаңарып отыруына байланысты. Дем алу кезінде көкірек клеткасы алға қарай жоғары және төменгі бағыттарда кеңейіп отырады. Қалыпты тыныш жағдайдағы дем алу мен дем шығару мұрын арқылы жүзеге асады. Ол үшін мұрын жолдарының жұмысы қалыпты болуы керек. Тыныс алу негізгі үш типке: бұғаналық тыныс алу, қабырғалық тыныс алу, диафрагмалық тыныс алу болып бөлінеді. Бұғаналық тыныс алуда бел мен жоғарғы қабырға жоғары көтеріліп, қорытындысында көкірек клеткасының жоғарғы жағы кеңейеді. Қабырғалық тыныс алуда көкірек клеткасы алға және жанға қарай кеңейеді. Сөйлеу тыныс шығару фазасында орындалады, сондықтан сөйлеу кезіндегі дыбыстық үзілістерді орындау үшін ұзаққа созылған тыныс алу қажет. Себебі, сөйлеу кезіндегі үзілістерді қысқарту үшін тыныс алу керісінше қысқа болуы қажет. Сөйлеудегі бірінші ерекшелік, қалыпты тыныс алудан сөйлеу кезіндегі тыныс алуда дем шығару 5-8 рет дем алудан ұзағырақ болуы керек. Екінші ерекшелігі, сөйлеу кезіндегі тыныс алу қозғалыстары екі есеге қысқарады. Терең және жылдам тыныс алудың қажеттілігі, яғни сөйлеу кезіндегі тыныс алудың үшінші ерекшелігі болып табылады. Бұл кезде тыныс алу мұрын арқылы емес, ауыз арқылы жүзеге асады. Сөйлеу кезіндегі тыныс алудың төртінші ерекшелігі, дем шығарудың дем шығарушы бұлшық еттер арқылы жүзеге асуы. Бұл терең тыныс алу мен дем шығаруды қамтамасыз ету үшін және сөйлеу кезіндегі ауа қысымының қалыпты болуы үшін қажет. Баланың қалыпты сөйлеу кезіндегі тыныс алуы сөйлеу тілінің дамуы арқылы қалыптасады. Есту қабілеті бұзылған балаларда (олар сөйлеу тіліне үйренбегендіктен) сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылымдары жиі кездеседі. Ол бұзылулардың түрлері, терең дем алудың жетіспеушілігі, сөйлеу кезіндегі ауаны дұрыс үнемдей алмау.

2. Дыбыс шығарудың механизмдері кезінде қалыпты тыныс алуда кеңінен ашылып, үшбұрышқа ұқсас форманы құрайды. Фонация кезінде шынайы дыбыс құраушы органдар бір-біріне жанасады. Фонация кезіндегі дыбыстардың байланысуы толқындарға ұшырайды. Сыбырлау механизмі дем шығаруда ғана емес, дем алуда да жүзеге асады. Сыбырлау мезанизмі кезінде дыбыстық байланыстарды түзушілер толығымен жанаспайды, арасында орын қалады.Фальцет механизмінде шынайы емес ер адамның дауысы шығады. Ол кезде дыбыстық байланыстар толығымен жанаспайды. Дауыстың күші, биіктігі, тембрі дауыстың қасиеттерін құрайды. Дыбыстың күші жұтқыншақ, ауыз қуысы, мұрын қуысы арқылы жүзеге асады. Дауыстың биіктігі дыбыстық байланыстар неғұрлым жоғары болған сайын дауыс жоғары болады, керісінше төмен болса, дауыс төмендейді. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар баланың сөйлеу органдарын тексеру жұмысы анамнез (баланың жалпы дамуы мен сөйлеу тілінің даму жағдайын еске түсіруден) жинақтаудан басталады. Мұндай ақпараттар баланың жақын адамдарынан әңгімелесу арқылы анықталады. Анамнез жинақтау кезінде баланың жалпы дамуы мен сөйлеу тілінің дамуындағы ерекшеліктер, сөйлеу тілінің бұзылуына себеп болған жағдайлар, есту қабілетінің күйі, баланың ауырған аурулары, отбасының жағдайы, сөйлеу ортасының ерекшелігі анықталады. Сөйлеу органдарының құрылымы мен функциясының бұзылуы тексеру мен функционалдық зерттеулер арқылы анықталады. Сөйлеу органдарының көпшілігі, яғни тереңде орналасқан ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ қуысы, өңешке тексеру жасау жасанды жарықтандыру мен арнайы құралдардың көмегімен жүргізіледі. (70 сурет).Мұрынның немесе оның алдыңғы бөліктерін тексеруде үлкен бармақпен мұрынның ұшынан артқа қарай итеру арқылы тексереміз. Ауыз қуысы мен жұтқыншақты тексеруде тілді артқа қарай ағаш немесе темір шпательмен итеріп тексереді. Бұл кезде тілдің ұшы мен таңдайға тигізбей құсу рефлексін болдырмай жүргізу керек. Ауыз қуысы мен жұтқыншақты тексеруде еріннің, жақтың, жұмсақ және қатты таңдайдың, езудің, жұтқыншақтың артқы жағының орналасуына көңіл аудару керек. Дауыстағы кемшіліктер баланың сөйлеуі арқылы анықталады. Дауыстың күші (әлсіз, қатты, шіңкілдек), дауыс регистрі (көкіректік, бас, аралас), дауыстың тазалығы (таза, қырылдақ), маңқалық (ашық, жабық). Сөйлеу органдарына тексеру жүргізу баланың тәртібіне байланысты қиындап, жеңілдеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет