10. Объектінің жұмысқа жарамдылығын қалпына келтіру
Жөндеуге жарамдылық – бұл нысанның істен шығулар мен зақымдануды болдырмауға және байқауға, жөндеулер мен техникалық күтім көрсету арқасында жұмыс қабілеттелігі мен ақаусыздығын қалпына келтіруге бейімділік қасиеті.
Жөндеуге жарамдылық істен шығудан кейін, оны анықтауға, себептерін іздеуге және салдарларын жоюға кеткен, жұмыс қабілеттілік күйін қалпына келтіру уақытымен сипатталады.
Осылайша, жөндеуге жарамдылық машинаның, агрегаттың, жинау бірлігінің, бөлшектің қасиеті ретінде, жүйенің компоновкалау шешімдерінің санын, элементтердің қол жеткіштігін, оңай шешілуін және өзарабайланысын сандық сипаттайды
Пайдалану кезінде машинаның сенімділігін сақтап қалу үшін ағымды жөндеулер мен жоспарлы-ескертпелі техникалық қызмет көрсету жүйелері қолданылады.
Сандық жөндеуге жарамдылық төмендегі көрсеткіштер арқылы бағаланады:
Жұмыс қабілеттілігінің қалпына келтірудің орташа уақыты –істен шығуданкейін нысанның жұмыс қабілеттілігін қалпына келу уақытының математикалық күтуі:
, (6.25)
мұнда - і-ші объектінің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру ұзақтылығы; m – сыналатын нысандар саны.
Жұмысқа қабілеттілігінің берілген уақытта қалпына келтіру ықтималдылығы – нысанның жұмысқабілеттілік күйін берілген уақыттан тыс кетпей қалпына келтіруықтималдылығы.
Гамма-пайыздық қалпына келтіру уақыты– пайыз түрінде берілген ықтималдылығымен, нысанның жұмысқабілеттілігі қайта қалпына келтірілетін уақыт.
Қалпына келу қарқындылығы – қарастырылып отырған уақыт сәті үшін анықталған, осы сәтке дейін қалпына келтіру әлі аяқталмады деп есептегенде, нысанның жұмысқабілеттілігін қалпына келуінің шартты тығыздығы.
Қалпына келудің орташа еңбексыйымдылығы –істен шығудан кейін нысанның еңбексыйымдылығының қалпына келтірудің математикалық күтуі.
Нысанның белгілі атқаратын жұмыс көлемінде жөндеу мен күтім жасауға кеткен шығындар сомалық көрсеткіштермен бағаланады.
Атқарылатын жұмыс көлемінің бірлігіне келетін күтім жасау мен жөндеуге шығын өзіндік көрсеткіштермен бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |