11. Өндірістен жылдық экономикалық эффект
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жататын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б көмегімен өлшенеді.
Біздің ойымызша, өнеркәсіптік өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді экономикалық категория. Ол стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Сонымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықты экномиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиімділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді – ол шаруашылық қызмет нәтижесі және өндіру шығындары. Ең басты - нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс мен шығындардың қатынасы. Өндіріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру негізгі мақсат бұл мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновоция;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру,
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын оларды төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді.
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүйелі үнемін жүзеге асыру ;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау; бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілу және сақталуын бақылау;
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін басқару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1. өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2. өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3. өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4. өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5. өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Осылайша, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр – түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |