1. Локомотивтің жөнделетін торабының конструкциясының сипаттамасы


Ұсынылған қондырғы немесе стенд тепловоздың түйінін немесе агрегатты жөндеу



бет13/14
Дата16.05.2022
өлшемі132,95 Kb.
#34584
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
12.Ұсынылған қондырғы немесе стенд тепловоздың түйінін немесе агрегатты жөндеу

Кәсіпорын балансындағы барлық тепловоздар оның түгендеме паркін құрайды. Зауыттан қабылданған жаңа немесе басқа кәсіпорыннан келген тепловоз түгендеме паркіна тепловозды қабылдау акті толтырылғаннан кейін есепке алынады. Кәсіпорын паркінің әр тепловозына белгіленген үлгідегі техникалық төлқұжат жүргізіледі. Онда тепловоздың техникалық жағдайы, сонымен қатар жүргізілген жөндеу мен жетілдіру көрсетіледі.

Кәсіпорын тепловоздарының түгендеме паркі жұмысшы және жұмысшы емес деп бөлінеді.

Жұмысшы паркіне төменде көрсетілген барлық тепловоздар жатады:

а) техникалық қызмет көрсетудегі және жөндеудің барлық түрлеріндегілер;

б) жөндеуді күтудегілер, сонымен қатар қайта жөндеуден кейін және жөндеу

орнына жұмыс істемейтін жағдайында көшірілгендер;

в) кәсіпорын қорындағылар.

Егер пайдаланудағы тепловоз техникалық жарамсыздығы үшін 1 сағаттан жоғары тұратын болса, онда ол жұмысшы емес паркіне тағайындалмайды. Кәсіпорын қорына тепловоз талапқа сай техникалық дайындамадан кейін тағайындалады. Жұмысшы паркінен шығарылған күннен бастап, қорға қосу уақыты аралығында тепловоз дайындықта және жарамсыз есебінде,яғни жұмысшы емес паркінде болады. Тепловоздың қорға

есептелген күні болып,оның тепловоздың қорға қойылуы жөніндегі акт толтырылған күн болып есептеледі. Қордағы тепловоздың соңғы күні болып,

оның жұмысқа рұқсатнама алған күні болып саналады.

Тепловоздардың жөндеуде немесе оны күтуінің орташа бос тұруы белгіленген периодта (ай, тоқсан, жыл) жөнделген тепловоздар санын жөндеуде болған жалпы тепловоз-сағаттар (тәулік) бөлу арқылы анықтаймыз.

Бұндай тепловоздардың қажеттілік есебі үлкен және орташа локомотивтер паркі бар кәсіпорындарда жүргізіледі. Егер паркте 3-5 және одан да аз тепловоздар болса, онда есеп соған сәйкес жеңілдетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет