№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы»



Pdf көрінісі
бет35/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
Байланысты:
91 эссе

«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей , оқушыларының тәрбиелі 
болуы- ұстазынан көрген өнегесі мен тәлімінен екені даусыз.Ы.Алтынсарин : 
«Мұғалім- адам жанының инженері» деп , өз заманында ұстаздар қауымына 
зор баға берген.Ұстаз- адам жанының емі, шипагері десек артық айтқандық 
емес.Күнделікті күйкі тірлікте өз шәкіртіне үнемі көңіл бөліп, жылы сөзімен 
жылытатын да ұстаз.Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол 
мамандық екені белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан – жақты 
дамыған, оқушының жан дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген
барлық нәрседен хабары бар иман жүзді, талапшыл азамат болуы керек деп 
ойлаймын. 
Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні.Қай заманда, қай 
ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа 
жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да 
күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат 
болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар 
қауымының жауапты жұмысы деп білемін. Сол себепті де, оқушыларымыздың 
сапалы білім мен өнегелі тәрбиені мектептен алып шығатынын еш 
ұмытпауымыз керек. Оқушымыздың парасатты да саналы адамгершілігі мол 
тұлға болып шығуымен қатар, нәтижелі білім алып шығуына бар күш- 
жігерімізді сарп етуіміз қажет. Ұстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсатты 
қойып, соған жету жолында барынша талаптанса, жетістікке жетері 
сөзсіз. 
Білім
 кеңістігінде болып жатқан жаңалықтарды үнемі назардан тыс 
қалдырмай, жаңашыл мұғалімдердің іс- тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыс 
пайдаланып, оқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс- тәсілін дұрыс таңдап, 
оны мейлінше меңгеру аса қажет болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі 
қоғамдағы мұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өте мықты 
хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге 
қабілетті , жан- жақты білімді, үлкен жүректі , оқушыларды жанындай жақсы 
көре білетін байқампаз да білікті жан болуы керек. Өйткені іс-тәжірибеге көз 
жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Ғылымның дамуы, 
білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Сол 
себептен де ең алдымен, жеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге 
тура келді. Өзім де өзгердім, оқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге 
қолымнан келгенше ат салысып жүрмін. Бұрын қандай бір қиындыққа тап 
келсем, қатты абыржушы едім, бүгінгі күнде, жылдам әрі тез шешімін дұрыс 
табуға дағдыландым. Оқушыларымды да дұрыс шешім тауып, өз ісіне жауап 
бере алатын азамат болуға шақырып, не нәрсе болса да сын тұрғысынан 
ойланып, жеті рет өлшеп, бір рет пішуге қалаптастыруға үйретіп жүрмін. Бұл 
жетістіктер – менің 3 айлық деңгейлік курстан алған ілімдерім еді. Күнделікті 
сабағыңды түрлендіріп өткізсең, жаңашылдыққа талпынсаң, оқушыға да 
сыйлы боласың әрі оқушы сабағыңа да селқос қарамайды. Сол себепті мен өз 
сабағымда 7 модульді ықпалдастыра қолданамын.Оның нәтижесі де жоқ емес. 
Дәл қазір жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылық, түпкі нәтижеге 
деген сенімділік, өз ісімнен қанағат табу менде басым. Екінші жетістігім — 
өзімді шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйреттім. Мен бұрын баладан жауап 


алғанша асықсам, қазір оқушының ойлануын бірінші орынға қоятын болдым. 
Жиырма жылдай ұстаздық етсем де, әлі де үйренетінім көп екеніне толық 
көзім жетіп отыр. 
Өзімнің мұғалім, ұстаз, педагог жалпы адам ретінде түйгенім, мұғалім өзінің 
артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана марқая, қуана алады 
екен. Ұлтымыздың тағдыры, болашағы – тәрбие мен білімде екен. Абай 
атамыз айтқандай: « Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға..» дегендей , 
шәкірт тәрбиелеп, оны ұядан баптап ұшырудан еш жалықпайық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет