1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен



бет13/33
Дата11.07.2022
өлшемі290,14 Kb.
#37601
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Көшбасшылық
Басқаларды бағыттау және жетелеу
Басқаларды мақсатқа жетелеу және ықпал ету үшін жеке тұлғалық және проблеманы шешу дағдыларын қолдану
Ортақ мақсатты іске асыру үшін басқалардың артықшылықтарын барынша пайдалану
Өзі үлгі болу және жанқиярлығы арқылы басқаларды биік жетістікке жетуге жігерлендіру
Ықпал мен күш-жігерді пайдалануда адалдық пен әдепті мінез-құлық таныту [2].
Әрбір халықтың білім алуға күштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, саралап оқыту, т.б. арқылы іске асырылады. Біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа, бағдарламаға сай іске асырылады және сол мемлекеттің құзырына кіреді [3].
Жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу мекемелерінің түріне байланысты құрастырылады. Білім беру жүйесінің нормативтік құжаттарының негізін оқу жоспары, яғни оқу пәндері мен ретін, мерзімін, бақылау түрін белгілейтін құжат, оқу бағдарламалары – білім берудің бағыты бойынша оның мазмұнын анықтайтын құжат, оқулықтар құрайды.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын орта кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды, мүмкіншілігі, яғни бір сөзбен педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады [4].
Педагогикалық білім берудің қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселесі – бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау.
60-шы жылдардың аяғынан – 70-ші жылдардың басынан бастап “өзін табу”, “өзін-өзі жүзеге асыру” қажеттілігі, яғни риза болу тәсілін табу туралы айта бастады. Бақытқа қол жеткізуді өмірдің мағынасына айналдырды, өйткені өзін-өзі жетілдіру өзіне-өзі қанағаттанушылыққа қол жеткізуді білдіреді. Бірақ өзін-өзі жетілдіру – бұл басқа нәрсе. Өзін-өзі жетілдіру жоғары міндетке ие: бұл сіз не үшін құрылдыңыз, сол мақсатқа жету үшін сіздің әлеуетіңізді дамыту процесі. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бақытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды. Өзінің тұлға ретінде қалыптасуы, оның жеке белсенділігінсіз мүмкін еместігін түсіне бастайды.
Адамның өзін-өзі жетілдіріп, өзімен жұмыс істеуінде кітаптардың маңыздылығы зор. Өйткені, кітаптар бізді жақсы адам болуға ынталандырады, қызықты адамдармен таныстырады.
Мен сізге күніне бір сағат талап ететін іс-шаралар жоспарын жасауды ұсынамын
( аптадағы 5 күнге).
Эрл Найтингейл тәжірибесіне сүйене отырып, ол айтқан «Егер адам бір затты зерттеуге күніне бір сағат жұмсаса, 5 жыл ішінде ол осы саладағы нағыз маман бола алады». Егер сіз тәртіпті адам болсаңыз, күнделікті тәжірибеге жеке өсуді енгізу арқылы сіз көпке қол жеткізе аласыз.
Тұлғалық өсудің келесі жоспары:
Дүйсенбі. Бір сағатты рухани өмірдің дамуына арнаңыз.
Сейсенбі. Көшбасшылық тақырыбына арналған кассетаны тыңдауға 1 сағат арнаңыз.
Сәрсенбі. Кеше тыңдалған кассета бойынша дәйексөздер таңдауға және ойларға сағат арнаңыз.
Бейсенбі. Бір сағатты көшбасшылық тақырыбына кітап оқуға арнаңыз.
Жұма. Кітап оқуға жарты сағат және дәйексөздерді жазу мен ойларға жарты сағат арнаңыз.
Адамның материалдық және рухани әрекетінің барлық түрі еңбекпен өңдіріледі. Жаңа ақпараттар әсеріне, жинақталған тәжірибесіне, қоршаған адамдардың пікірлеріне байланысты өзгеріп отыратын бейімделгіш өзін-өзі бағалау түрі адамның дамуы мен тиімді еңбек етуі үшін ең қолайлы жағдай болады. Мұндай өзгертудің бастапқы формасы еңбек болып саналады. Әрекет – қоршаған шындықты адамдардың өзгеріске келтіруі. Оның басты ерекшелігі – қоршаған әлемді шығармашылықпен түрлендіруі. Алайда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның әлемдік қауымдастыққа кіруі, осы жағдайға жастардың бейімделуі ғалымдарды, мұғалімдерді «БІД» парадигмасын қайта қарауды міндеттейді. Бұл парадигманың орнына білім берудің мазмұны (және сәйкес оқыту технологиясы) мектеп түлегінің тұлғалық дамуы әлеуметке тезірек бейімделуге мүмкіндік беретіндей (бизнес әлемінде орнын таба алатындай, бәсекеге қабілетті, Қазақстан Республикасының азаматы мен патриоты, жетекші адамгершілік этикалық және эстетикалық құндылықтары бар, салауатты өмір салтын ұстанатын, т.б.), яғни жалпы орта білім беретін мектептің білім беру нәтижесі ықпалдастырылған тұлға ретінде анықтайтын жаңа парадигмасы қалыптасуда.
Жаңа парадигма енгізілген кезде кемшілік болып жататыны түсінікті, осы жағдайда мұғалімнің «жаңа тынысы» ашылып, ол өз тәжірибесіне сүйеніп, бар күшімен қайтадан жұмысқа кірісуге тиіс.
Педагогикалық жаңа парадигмаға сәйкес білім беруді жаңарту барлық білім беру деңгейлерінде бірыңғай әдіснамалық тұғырдың болуын талап етеді, оның басты принциптері еліміздің инновациялық даму бағыттарына негізделген ілім саласынан айқын көрінеді.
Еліміздің қазіргі кезіндегі инновациялық даму стратегиясы мен адам ресурстарын қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын анықтау, өзіндік білім алу мен өзін-өзі дамытуға, өзгермелі жағдайларда өмірден тиімді жол табатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру саясатын көздейтін тенденциялар білім берудің нәтижелілігін талап етеді.
Білім беру мақсаты жаңа білім нәтижелерін – жаңа өзгерістер жағдайына инновациялық және жобалаушылық ойлау қабілеттері қалыптасқан, өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілігі негізінде тиімді шешімдер қабылдай алатын адамның жаңа сапаларын қалыптастыру.
Қазақстандағы біліктілікті арттыру жүйесіндегі ағымдағы саясатты алып қарастыратын болсақ, онда бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламалары іске асырылып жатыр.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға үнемі қажеттілік болады, бұл білім қорын толықтырып, мұғалімдерді заманауи әдістермен және теориялармен таныстырады.
Шығармашылық тәжірибе мен жаңа идеяларға толы ортада қалыптасып дамиды (NACCE, 1999). Жаңа идеялар мен басқаша ойлайтын адамдар көп болған сайын, жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ойлап табуға жетелейтін мүмкіндіктер де соғұрлым көп болмақ. Кәсіптік мәні бар әрекеттер мен білімдер үнемі жаттығу нәтижесінде дағдыға айналады.
Біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның орта білім беру мазмұнын жаңарту оқу
бағдарламасымен (бұдан әрі – Оқу бағдарламасы) таныстыру болып табылады. Бұл бағдарламадағы міндеттерді шешу мақсатында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Батыс Қазақстан облысы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» да педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын жүзеге асырып, уақыт талабына сай педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырып жетілдіруде.
Оқу барысында білім алушылар Бағдарламаның барлық бөлімдерімен танысып, оқу қағидаттары және табысты мұғалімге қажетті әдіс-тәсілдер мен дағдылар жан-жақты зерделенеді.
Оқытудың конструктивистік теориясы мұғалімнің алдына нақты міндеттер қояды: оқушы тұлғасына бағыттаушы, әсер етуші және сезімтал болу. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың оқуды алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуын көздейтін тұжырымдамаға негізделген. Біліктілікті арттыру курсы барысындағы кері байланыс ұсынып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беретін топтық жұмыс пен бірлескен тәсіл мұғалімдерге кәсіби құзыреттіліктің және/ немесе жетілдірудің кез келген саласын түсінуге көмектеседі.
Мұғалім көшбасшылығын дамытудағы көзге көрінерлік тәсілдердің бірі кәсіби даму (Муйжс пен Харрис, 2004; Столл және басқалары, 2006; Подгорский мен Фишер, 2007). Көшбасшы мұғалімдерді зерттегенде олардың жұмысы туралы мынадай түсініктер пайда болады:
Көшбасшы мұғалімдер өз тәжірибесін ішінен зерттей отырып, сол арқылы оқу, оқыту және өмір бойы білім алуды модельдеу туралы өз ойларын білдіреді.
Көшбасшы мұғалімдер оқушылар, оқыту мен оқу туралы өз түсініктерін «қоғамға тарата» отырып, басқа мұғалімдер мен мектеп мәдениетіне әсерін тигізеді.
Көшбасшы мұғалімдер оқыту тәжірибесімен байланыс орнату және оны жалғастыру жолдарын табады және ойлап шығарады.
Көшбасшы мұғалімдер серіктестікті жетілдіретін және тәуекелге барып, эксперимент жасауға қолдау көрсететін практик мамандар қоғамдастығы аясында көшбасшылық етуге үйренеді.
Көшбасшы мұғалімдер еңбек жолын жаңа бастаған және ардагер мұғалімдермен жұмыс істегенде практик мамандар қоғамдастығын құрып, кәсіби дамуға қолайлы жайлы орта қалыптастырады.
Көшбасшы мұғалімдер мәнмәтін мен мәдениетке сезімтал келеді, олар түрлі жағдайлар мен адамдар түрлі әдіс-тәсілдерді талап ететінін біледі. Оқытуда дәл солай, барлығын бір жолмен оқыта берген жарамайды.
Мұғалімдер көшбасшылық еткенде олар бүкіл мектеп қауымына және мұғалімдер мен оқушыларға бірдей әсер ететін оқуға арналған орта қалыптастыруға көмектеседі.
Бұл көшбасшы мұғалім болу оңай немесе мұғалім көшбасшылығы оқыту мәдениетіне толықтай біріктірілген деген сөз емес. Бұл ретте біз мұғалім ұғымының мағынасын өзгертуге ұмтылатын мамандарды күтіп тұрған қиындықтарды ескерусіз қалдыра алмаймыз. Өзгеріс болған жерде келіспеушілік, теңсіздік, жаңылыстық орын алады. Түбегейлі өзгерістер орын алып, есептілік пен стандарттау үстемдік алып жатқан қазіргі заманда кәсіби қоғамдастықтарды дамытып, мұғалім көшбасшылығын жаңғыртуды көздейтін өзгеріске қол жеткізу және оны ұстап тұру оңай болмас. Осының бәріне қарамастан, мұғалім көшбасшылығына жүргізген зерттеуіміз бізге үміт отын жақты. Олар болашақта демократиялық, тиімділігі жоғары мектептер болады деп ойлауға көмектеседі. Біз білген көшбасшы мұғалімдер ұзақ мерзімге міндет алған. Олар оқушыларын немесе бір-бірін тастап кетпейді. Олар өздерінің және әріптестерінің тәжірибесін тереңдетуге жауапкершілігін жалғастыруды жоспарлаған. Олардың мұғалімдер өз оқушылары мен өздері үшін жаңа мүмкіндіктерді ойлап шығаруға жетекші болатын сәулетті кәсіби орта орнату туралы шешімі мығым.
Адамгершілік мақсаттармен қозғалатын мұғалімдер өз әріптестеріне және қоршаған ортаға әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді.
Көшбасшылық, оқыту сияқты, тұрақты дамуға итермелейтін адамның негізгі қабілеті болып табылады. Бірақ, тәжірибе көрсетіп отырғандай, жетекші рөлсіз немесе айқын жоғары жағдайсыз мұғалім қоршаған ортаға әсер ету және өзгерістерге бастамашылық жасау үшін, сондай-ақ – тактикалық дағдыларды жетілдіру және стратегиялық ойлауды дамыту үшін кәсіби және адамгершілік сенімдерді пайдалана алады [4].
Бір күнде көшбасшы болуға болмайды – бұл күнделікті күш-жігерді талап ететін ұзақ процесс. Көшбасшылық қасиеттерді дамыту көшбасшылық заңдарды меңгерумен және олардың қалай жұмыс істейтінін түсінумен қамтамасыз етіледі. Бірақ теоретик болу және адамдарға шын мәнінде әсер ету – бұл екі түрлі нәрсе. Көшбасшылар өз сипатының ерекшеліктерінің арқасында тиімділікке қол жеткізеді.
Тек көшбасшылар сияқты емес, сонымен қатар жеке тұлға ретінде мінезді нығайту және жан-жақты дамыту – бұл біздің дамуымыздың негізгі шарты.
1.Мінез – бұл жай сөзден артық. Кез келген адам тұтас сипатқа және терең тәртіпке ие деп айта алады, бірақ шынайы индикаторы тек әрекет болып табылады. Бұл, өз кезегінде, қоршаған әлемді қалай қабылдайтыныңызды анықтайды. Адамдардың қоршаған дүниеге қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзіне көзқарасы қалыптасады. Адам мінезі қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді.
Білім беру мазмұнының компонентетері – білім, білік, дағды бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады.
Шығармашылық іс-әрекет те білім мен іскерліктің тәжірибесінен, ал қарым-қатынас білімділік іс-әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздігінен істей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған білімін жиынтығын өмірде қолдана алулары қажет. Жалпы білім мазмұны, бір жағынан, оқу-танымдық іс-әрекет жағдайының, екінші жағынан, іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. Білім беру мазмұнын қалаптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып саналады.
Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысындағы танымдық, коммуникативтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекетімен сипатталады [3].
Мінез адамдармен қарым-қатынаста табыс әкеледі. Шынайы көшбасшылық әрқашан басқа адамдарға әсер етуді білдіреді.
Педагог қарым-қатынасқа әсер ете отырып, оқушыны ынталандыруы, оның болмысына мәдени әсер беруі керек. Мұның жолдары әр түрлі.
Үлгі есебінде педагог пен оқушы арасында болған мына диалогті алуға болады.
Педагог:- Өзінді қалай сезінесің?
Оқушы:- Мен орнымдамын.
Педагог:- Кешір, түсінбедім. Орнында шкаф, чемодан, қағаз болады…
Оқушы:- Мен өзімді жақсы сезінемін.Педагог:- Рахмет, – деп диалогті аяқтайды.
2.Талант – бұл сый, ал мінез – бұл сіздің өз таңдауыңыз. Өмірде біз билік етпейтін көптеген нәрселер бар. Біз таланттарымыздың тізімін толтыра алмаймыз немесе өз интеллектуалығымызды арттыра алмаймыз ( IQ). Бірақ біз мінезді шын мәнінде өзіміз таңдаймыз. Шын мәнінде, біз таңдау жасаған кезде оны жасаймыз – қиын жағдаймен күресу немесе одан жылжып кету, шындық алдында бүгу немесе оның ауырлығына төзу, жеңіл ақша табу немесе толық құнын төлеу. Өмір сүріп және күн сайын өз таңдауыңызды жасай отырып, сіз өз мінезіңізді жасайсыз. Көшбасшы болу үшін әркім өзінің дамуына, жұмыстағы құлшынысына көңіл бөлу керек. Өз бойындағы қабілетін байқаған сәттен бастап дамытуға талпыну керек.
«ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі ол қандай болу керек?» негізгі сұраққа жауапты Астана қаласындағы Евразия гуманитарлық институтының бір топ ғылымдары тапқан секілді. Мұғалімдерді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, өскелең ұрпақты өмірге даярлауға талаптар күшейді, ал мұның бәрі педагог кадрлардың мамандар даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді.
Қазақ халқының белгілі ағартушы-педагогі, тұңғыш «Педагогика» оқулығын жазған Мағжан Жұмабаев мұғалім туралы: «Қазақтың қаны бар, жаны бар жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі», деп, қазақ мұғалімдерінің рөлін ерекше бағалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде 200-дей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет