1.3. Қорытынды бөлімі
Патологиялық-анатомиялық диагноз.
1.Паренхиматозды травматикалық гепатит, гепатоциттердің фасциолалармен бұзылуы, ирелеңдеген жолдың болуы, қанның толуы.
2. Созылмалы холангит өт жолындарының қабырғалары кеңейіп, қалыңдауы, дәнекер ағзаның өсуі әсерінен.
3.Өт жолдары мен өт қабындағы фасциолалар.
4. Бауырдың паразитарлы циррозы.
5. Өкпе мен шажырқай бездерінің паразитарлы халикозы.
6.Тері астындағы кахексия,тері астындағы шелдің сарғаюы, сероздық домбығуы.
Қосымша лабораториялық зерттеулер.
Алдын-ала қойылған диагноздар “ірі қараның фасциолезі” деген күдікке байланысты,гистологиялық зерттеуге өлексенің бауыр кесіндісін жібердік.
2 күн өткеннен соң № 176561 жауап келді.
Өлім себебі туралы соңғы қорытынды.
Барлық аталған клиникалық белгілерге,гистологиялық зерттеу нәтижесіне және патологиялық-анатомиялық өзгерістерге байланысты “ірі қараның фасциолезі” деген диагнозымыз расталды.
II. Анықталған ауруды талдау
Достарыңызбен бөлісу: |