1. Мал түрі: Ірі қара малы Жынысы: Құнажын Тұқымы



бет10/14
Дата06.01.2022
өлшемі341,46 Kb.
#12518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.3. Патогенезі.

Бауырқұрты ірі қараның бауырын мекендеп, оған көптеген ұрықтарын (жұмыртқаларын) шашады. Бұл ұрықтар өт арқылы малдың ішегіне түсіп, одан әрі нәжіспен бірге сыртқа шығады да, жайылым мен суды, шөпті ластайды. Жұмыртқадан личинка шығып, ұлуға енеді де инвазиялық кезеңіне – церкарииге жеткенше өсіп-өнеді. Церкарии суға түсіп ондағы шөпке жабысады да тығыз қабық құрайды. Олар жыныс бездері мен ішектерде тармақтанған болып сипатталады. Асқазанға барған адолескарийдің сыртқы қабығы еріп, ішіндегі личинкасы босаған соң ішектің ішіне кіреді, онан қан арқылы бауырға барып орналасады. Үш айдың ішінде адолескарий ересек құртқа айналып, қайтадан ұрық сала бастайды. Фасциолез ауруы шөлді жерде болмайды. Себебі, паразиттердің өсіп-жетілуі айналымына ұлулар қатысады, ал ұлулар сулы жерде өмір сүретіні белгілі. Мал денесінде жетілген паразиттер оның нәжісімен сыртқы ортаға жұмыртқа тастайды. Бұл инвазиялық кезең,сыртқы ортада 5 айға дейін және одан да көп уақыт сақталады.Мал фасциолезбен күшті зақымданған кезде, олар жаппай өлім-жітімге ұшырауы мүмкін немесе ұзақ ауырады, бірте-бірте арықтап, қаны төмендеп, өнімі кемиді. Сиырдың сүт өнімі 20-40 % азаяды. Фасциолез көп тараған аймақтарда ірі қара 90 %-ке дейін және қой мен ешкі 50-60 %-ке дейін аталған дертке шалдығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет