1. Мал түрі: Ірі қара малы Жынысы: Құнажын Тұқымы



бет9/14
Дата06.01.2022
өлшемі341,46 Kb.
#12518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
kursty 1179 zh 1201 mys Nuposh-3

2.3. Этиологиясы

Қоздырғышы – фасциола Ғаsсіоlа hepatica, Ғаsсіоlа gigantica – жоңышқаның жапырағына ұқсайды. Ұзындығы 3-5см. Оның Қазақстанда екі түрі кездеседі. Біріншісін – кіші фасциолез , ал екіншісін – ірі фасциолез бауырқұрт деп атайды.

Фасциолез – тұщы су, жем-шөптен таралады. F. һераtіса үшін нағыз аралық ие үшін нағыз аралық ие – Galba truncatula, ал F. Gigantica үшін нағыз аралық ие – Radix auricularia болып саналады. Фасциолездің жұмыртқалары малдың нәжісімен бірге сыртқы ортаға шығады. Бауырқұрты ірі қараның бауырын мекендеп, оған көптеген ұрықтарын (жұмыртқаларын) шашады. Бұл ұрықтар өт арқылы малдың ішегіне түсіп, одан әрі нәжіспен бірге сыртқа шығады да, жайылым мен суды, шөпті ластайды. Жұмыртқадан личинка шығып, ұлуға енеді де инвазиялық кезеңіне – церкарииге жеткенше өсіп-өнеді. Церкарии суға түсіп ондағы шөпке жабысады да тығыз қабық құрайды. Бұл инвазиялық кезең (адолескарий) сыртқы ортада 5 айға дейін және одан да көп уақыт сақталады.Мал фасциолезбен күшті зақымданған кезде, олар жаппай өлім-жітімге ұшырауы мүмкін немесе ұзақ ауырады, бірте-бірте арықтап, қаны төмендеп, өнімі кемиді. Сиырдың сүт өнімі 20-40 % азаяды. Фасциолез көп тараған аймақтарда ірі қара 90 %-ке дейін және қой мен ешкі 50-60 %-ке дейін аталған дертке шалдығадыОл жұмыртқалар міндетті түрде тұщы сулы тоған, көлшік сулы батпақты жерлерге түсуі керек. Яғни, мал осындай ақпайтын су көздерінен су ішіп, тезек тастаған кезде жұмыртқаларға қолайлы кезең туылады. Суға түскен жұмыртқалардан екі-үш аптада алғашқы сатыдағы балаң құрттар шығады. Күн жылылығы 15-30° аралығында болған жағдайда құрттарға ең қолайлы кезең деп есептелінеді. [3,6,8]..



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет