1. Мал түрі: Ірі қара малы Жынысы: Құнажын Тұқымы


Аурудың қысқаша анықтамасы



бет8/14
Дата06.01.2022
өлшемі341,46 Kb.
#12518
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
2.1. Аурудың қысқаша анықтамасы

Фасциолез өте қауіпті құрт, жануарларға келтіретін зардабы да тым зор. Денеге түскен адолескарийлер біртіндеп өсе бастайды, жынысы жетілмеген жас трематодалар тұмсығымен, денесінің сыртындағы тікеншелерімен ащы ішекті тесіп жаралайды, қанын сорғалатады. Олар жылжып отырып бауырға жетісімен оның сыртқы қабығын (капсуласын), үлпершегін (паренхимасын), көптеген қантамырларын жарақаттап, өздерінің тұрақты мекеніне – өт жолдарына өтеді. Осының салдарынан құрсақ қуысына қан жиналады, бауыр қабынады . Жануар денесінде фасциолездің жедел өршуі жас құрттардың сан жағынан өте көп болғандығынан туындайды, ауру мал көп ұзамай әлсіреп өлімге ұшырайды. Егер ол тірі қалса онда дерт созылмалы түрге ауысады. Ересек фасциола қанмен қоректенеді. Ғалымдардың болжауы бойынша 200 құрт 40 мл қан сорады. Сонымен бірге трематода өзінің уытын шығарып, денені уландырады, біртіндеп қан мөлшерін азайтады , құрамын өзгертеді. Қан сарысуындағы белок құрамында глобулин көбейіп, альбумин кемиді. Қанның қызыл түйіршігі азайғанмен, керісінше эозинофилдер молаяды. Кальций, фосфор, кейбір витаминдердің (А,В12) көрсеткіштері төмендейді. Сорғыш құрттар бауырдың ішкі ұлпаларын зақымдап, өт жолдарын, өт қалтасын қабындырады. Өсіп-жетілген гельминттер өт арнасын түгелімен бітеп тастауы мүмкін. Өттің ішекке қарай жүрмей, жетпей қалуы салдарынан асқорыту ағзаларының атқарар қызметі тежеледі, күрт бұзылады. Бауыр ісініп қабынады, өт жолдарының кілегей қабығы қалыңдайды, зақымдалған ұлпалардың орнын дәнекер ұлпалар басып, ұлғайып, өзінің жұмысын нашар атқара бастайды.(1-сурет)

Ал дәнекер тоқымалар молайған сайын бауырдың қан тамырлары тарылады, олар қысымға алынады. Осының нәтижесінде қан тамырларының сыртқы қабығынан сарқылма сулар (транссудат) шығып құрсақ куысына жиналып, шемен (асцит) пайда болады. Қан айналымының нашарлауынан транссудат тері астына да сіңе бастайды. Бауыр құрылымы бірте-бірте бүлініп, шіруге айналады, қанда, басқа мүшелер мен ұлпаларында бөгде заттар жинақталып, аллергиялық процестің тууына соқтырады.Адолескарийлер, жас трематодалар патогенді микробтардың жануар денесіне енуіне жараланған ішек, қан тамырлары арқылы жол ашып, кейбір жұқпалы дертке душар еткізеді. Іріңдеткіш микрофлора енген жағдайда бауырда абсцесс пайда болуы мүмкін [4,5].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет