жағдайлар жасау. Міндет-
тері: 1. АӨК-ні қаржылық
сауықтыру; 2. АӨК субъек-
қолжетімділігін арттыру; 3. АӨК
4. АӨК-ні мемлекеттік реттеу
есебінен300 млрд. теңге жалпы сомасына
6. Электрондық форматқа көшірілген
жылға қарай 62%. Қаржыландыру
млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:
2013 жылы – 339,7млрд. теңге; 2014 жылы
– 466,0 млрд. теңге; 2015 жылы – 322,7
млрд. теңге; 2016 жылы – 340,7млрд.
теңге; 2017 жылы – 383,5 млрд. теңге; 2018
жылы – 406,9 млрд. теңге; 2019 жылы – 414,3
млрд.теңге; 2020 жылы – 448,4 млрд. теңге.
14
ДҮБІРЛІ ДҮНИЕ — ҚОҒАМ
30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
Се-
мей атом по-
лигоны – аумағы 18 млн.
га жерді құрайтын бұрынғы
алып мемлекет Кеңестер Одағының
ядролық сынақ полигондарының бірі,
аса маңызды стратегиялық объектісі бол-
ды. Осы полигонда КСРО заманында атом
бомбалары сынақтан өтті. Алғашқы жылдары
адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей
зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды.
Сосын оларды жер астында жасай баста-
ды. Атом бомбаларының жарылыстары
сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы
радиациялық әсер аймағында
тұратын 500 мыңдай адам осы
сынақтан азап шекті.
1949
жылдан 1989 жылға дейінгі
аралықта Семей ядролық
полигонындағы сынақтардың жалпы
саны 456 ядролық және термоядролық
жарылысты құрады. Олардың 116-сы
ашық болды, яғни жер бетінде немесе
әуе кеңістігінде жасалды. Семей полиго-
нында әуеде және жер бетінде сынақтан
өткізілген ядролық зарядтардың жалпы
қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған
атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе
көп болды.
Үстіміздегі жылы 28 ақпанда Се-
мейдегі сынақ алаңын жабу жөніндегі
антиядролық қозғалысқа 25 жыл болды.
1989 жылдың ақпанында белгілі ақын,
қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің
жетекшілігімен Семейдегі атом полиго-
нын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған
«Невада-Семей» қозғалысының алғашқы
митингісі өткізілді. Сол жылдың 6 тамы-
зында ядролық қаруды сынауға морато-
рий жариялау жөнінде КСРО және АҚШ
Президенттеріне үндеу қабылданды.
Сөйтіп, осы уақытқа дейін үнсіз
тығылып келген халық бір дауыстан
«Ядролық қаруға жол жоқ!», «Сынақтар
тоқтатылсын!» деп мәлімдеді. Ал кейін
Қазақстан Республикасының егемендігі
туралы Декларацияда ел аумағы ядро-
сыз аймақ деп жарияланды. 1991 жылы
29 тамызда Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Семей атом
полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол
қойды. Сөйтіп, жылдар бойы ядролық
сынақтардың құрбанына айналған қазақ
халқы өз мақсатына жетті. Әлемдегі ең
үлкен сынақ полигондарының бірі Се-
мейдегі сынақ алаңы жабылғаннан кейін
Ресейдің, АҚШ пен Францияның поли-
гондарында ядролық қаруды сынауға
мораторий жарияланды. 1992 жылдың
мамырында бұл сынақ полигонының ба-
засында Курчатов қаласындағы Ұлттық
ядролық орталық құрылған еді.
Ел тәуелсіздігінің арқасында қол жет-
кен бұл айтулы шара Қазақстан халқымен
бірге шетелдерде де үлкен қолдауға ие
болды. Қазақстанның ядролық қуаттан
бас тартып, Семейдегі сынақ алаңын
жабуы еліміздің халықаралық аренадағы
беделін көтеріп, бейбітшілікті қолдаушы
бүкіл адамзатқа үлгі болды.
Алайда сынақ алаңы жабылғанымен,
40 жылдан астам уақыт Семей жерінде
үздіксіз болған жарылыстардың зардап-
тарын қазақ халқы әлі де көріп келеді.
Орасан зор алқапты алып жатқан Семей
сынақ алаңындағы әскери бөлімдерде
1949-1989
жылдар
аралығында
мыңдаған қазақ балалары өзінің әскери
борышын өтеді. Олар сол кезде қай елге
қызмет етсе де, өзінің азаматтық пары-
зына адал болды. Сөйтіп,
екі жыл әскер қатарында
қызмет
етті.
Ажал
алаңында болған екі
жыл олардың болашақ
өміріне аямай балта
шапты. Семей жерін-
де әскери қызметте
б о л ғ а н д а р д ы ң
барлығы
дерлік
денсаулығынан
ай-
ырылды. Ұрпақтары
мүгедек болып дүние-
ге келді. Бүгінгі таңда
елімізде
әлеуметтік
қолдауды қажет ететін
топтардың
қатарында
Ұлы Отан соғысы ардагер-
лерімен бірге Семей сынақ
алаңында әскери қызметін
өтеген азаматтардың да бо-
луы сондықтан.
Қызылорда облысы, Жала-
ғаш ауданында Семей сынақ
алаңында әскери қызметін өтеген
азаматтарың саны 120 адам еді.
Қазір оның 13-і қайтыс болған. Қалған
107 азаматтың денсаулығы жоқ, түрлі
науқасқа шалдыққан. Оннан аса
отбасындағы балалар науқас, әртүрлі
топтағы мүгедек. «Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектеріне және
соларға теңестірілген адамдарға бері-
летін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік
қорғау туралы» Қазақстан Республика-
сы Заңының 6-бабына сәйкес, ядролық
сынақтар мен жаттығуларға тікелей
қатысқан адамдар Ұлы Отан соғысына
қатысушыларға әлеуметтік кепілдіктер
жағынан теңестірілген адамдар деп
танылған.
Алайда жоғарыда аталған 107 аза-
маттың 20-сы ғана жылына бір рет 30
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
коммуналдық қызметтер үшін әлеуметтік
көмек және ай сайын сынақ алаңында
болғаны үшін тағайындалған арнаулы
мемлекеттік жәрдемақы ала алады (10-
945 теңге) және көлік, жер салығынан
босатылған.
Қалған 87 адам аталған әлеуметтік
көмек пен жәрдемақыны ала алмай
жүр. Себебі ҚР Қорғаныс министрлігінің
орталық мұрағатының Семей сынақ
алаңында болды деген анықтамасы жара-
майды. Яғни бұл анықтаманы әлеуметтік
қолдау мекемелері қабылдамайды.
Жоғарыда аталған жәрдемақы алатын
20 адам Семей сынақ алаңында болды
деген анықтаманы Ресейден, Подольск
қаласының орталық мұрағатынан алған.
2008 жылға дейін сынақ алаңында
болды деген анықтама семейлік жауын-
герлерге осы Подольск
қаласындағы
орталық
мұрағаттан
облыстық
әскери
комиссариат
арқылы беріліп келген.
2008 жылдан кейін бұл
тоқтап қалған. Жоғарыда
аталған 20 адам сол жыл-
дары үлгеріп, анықтама
алып қалғандар.
Сол
сияқты
бұл
азаматтарға
емделу
үшін Алматыдағы әскери
госпитальға жолдама алу
да қиын. Жолдаманы облыстық
диагностикалық орталық бе-
реді. Бұл жерде де жоғарыда
аталған Подольск қаласын-
дағы орталық мұрағаттың
анықтамасы қажет.
Осы жерде ақылға сый-
майтын түсініксіз жайт бар.
Сонда қалай, біз қазір әлем
мойындаған тәуелсіз мемле-
кетпіз. Семей сынақ полигоны
Қазақстан
территориясында
екені рас, онда қырық жыл
бойы атом сынақтарының
жасалғаны және шындық. Енді
сол сынақ полигонында әскери қызметін
өтегені жөнінде анықтаманы жауын-
герлер басқа мемлекеттен алуы қажет.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігінің осындай анықтама
беруге қауқары жетпегені ме, әлде
бұл мәселеге мән бермей отыр ма?
Тіпті болмаса Семейдегі атом по-
лигонында әскери қызметін өтеген
жауынгерлердің сондай зардап шек-
кендеріне сенбей ме?
Олай болса мына бір тарихи дерек-
ке назар аударып көріңіз.
«Тұңғыш атомдық жарылыстың ра-
диоактивті өнімдері аймақтың барлық
елді мекендерін жауып қалды. Қиян
далада жантәсілім алдында жанта-
ласқан тышқандардың, қарсақтардың
кесірткелердің өлі денесі шашылып жат-
ты. Көрші қонған әскери объектіде не
болып жатқаны туралы титімдей түсінігі
жоқ жақындағы ауылдардың тұрғында-
ры радиациялық сәуленің сұмдық көп
мөлшердегі дозасын алды. Халыққа
сынақ туралы ескертілмеген де еді.
Ядролық жарылыстар туралы халыққа
1953 жылдан бастап қана ескертіле бас-
тады. Онда да адамдар мен малды ра-
диоактивті заттардың таралу аймағынан
уақытша көшіру, оларды қарабайыр
қорғаныш объектілеріне, орларға немесе
кепелерге жасыру көзделді.
1953 жылы 12 тамызда жер үстінде
дүниежүзінде алғаш рет қуаттылығы 500
килотонна болатын сутегі бомбасы сы-
налды. Сутегілік құрылым РДС-2 дегеннің
қуаты жағынан соған дейін дүниежүзінде
болып көрмеген еді. Жарылыстан кейін
пайда болған нарттай жанған радиоак-
тивті газдардың саңырауқұлақ секілді
бұлты 16 километр биіктікке көтерілді.
Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған
шақырым болатын жерде дала шөптері
бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып
тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-
16А әскери бомбалағышы Семей
полигонының үстінен ұшып бара жатып,
жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна
болатын термоядролық РДС-37 зарядын
тастады. Бомба бір жарым километрлік
биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың
соққы толқыны мен жер қабатының ді-
рілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен
Ресейдің көршілес аймақтарында сезіл-
ді. 1962-1989 жылдар арасында Семей
полигонындағы Дегелең тауының жер
астындағы шахталарында 340 жарылыс
жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18
ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау
жарылыстың салдарынан бір кездері
жартастардан құралған Дегелең тауы іс
жүзінде қиыршық тас үйіндісіне айналды.
Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан
соң жарылыс нәтижесінде пайда болған
жарықтар мен саңылаулардан радиоак-
тивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы
12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық
сынақ өткізілді. Үңгірлердің бірінде
қуаты 70 килотоннадан астам ядролық
заряд жарылды. Соның салдарынан жер
бетінде саңылаулар пайда болып, олар-
дан екі тәулік бойы радиоактивті газдар
шығып жатқан. Содан пайда болған ра-
диоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам
тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта
радиациялық фон 3000-4000 микро-
рентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты
жағдайда сағатына 15-20 микрорентген
болатын табиғи радиациялық фоннан екі
жүз есе асып түсті!»
Міне, көрдіңіз бе, осындай алапат
жарылыстардың нақ ортасында жүрген
жауынгерлердің денсаулығына зиян кел-
меуі тіпті де мүмкін емес. Олардың осы
уақытқа дейін тірі жүргенінің өзі біз үшін
үлкен олжа!
Жоғарыда айтылған жайлар тек біздің
аудандағы Семей сынақ алаңында
әскери қызметін өтеген жауынгерлерге
қатысты емес, облыстың басқа аудан-
дарында да осындай жағдай бар. Яғни
Семейдегі сынақ алаңында әскери бо-
рышын өтеген азаматтар мемлекеттің
белгілеген жеңілдіктерін Қазақстан Рес-
публикасы Қорғаныс министрлігінің
анықтамасымен пайдалана алмай отыр.
Әлеуметтік қорғау мекемелері Семейдегі
сынақ алаңында әскери қызметін өтеген
жауынгерлерді осы анықтама үшін
сергелдеңге салып қойған.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
еліміздің Ата Заңы, Қазақстан Рес-
публикасының Конституциясында біздің
басты байлығымыз адам және оның өмірі
мен бостандықтары екені тайға таңба
басқандай етіп көрсетілген. Сондықтан
бұл мәселені үкіметтік деңгейде көтеріп,
шешу жолдарын қарастыру қажет деп
есептейміз. Ойлап қарасақ, көтеріліп
отырған мәселе күрмеуі қиын шешіл-
мейтін мәселе де емес, тек тиісті ше-
неуніктер мәселеге байыппен, мән бе-
ріп, жанашырлықпен қараса болғаны.
Соған байланысты осы мақаламызды
жариялай отырып, біздің жағдайымыз
Қазақстан Республикасы Парламенті
депутаттарының,
Қазақстан Респу-
бликасы Қорғаныс
министрінің наза-
рында болады, оң
шешімін
табады
деп үміттенеміз.
Тұрақ Адисұлы
К
өпір қабылданар-қабылданбастан об-
лыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік бас-
қармасына басшы болып шыға келгенін
біреу білсе де, біреу білмес. Бұл лауазымда
көп отырмастан іле-шала беделі өсіп, Сырдария
ауданының әкімі болып тағайындалды. Әйтсе
де, ол ойда жоқта омақаса құлаған сыңайлы.
Қай жерден кінәрат тапқаны белгісіз, бірақ бір
қысылтаяңның таянғанын сезді ме кім біледі,
облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бұйрығы
бойынша облыстық кәсіпкерлік және туризм
басқармасына басшы болып қайта оралды.
Қашан да адамның пендешілігі қалған ба? Жал-
пы биліктегі, әсіресе аймақтың өсіп-өркендеуі
осындай әкімдердің өз міндеттерін қалай
атқаруына байланысты. Осы ретте облыс әкімі
Қырымбек Елеуұлын Ғизат Әбілтайдың мұндай
қылығынан мүлдем бейхабар деуге болмай-
ды. Жақында ғана Жаңақорған ауданының
орталығын таудан аққан су бой бермей
көшелерді шайып, елге едеуір зиян келтіргені
бар. Осындай шақта аудан әкімінің орынбасары
абдыраған жұртты сабырға шақыру орнына дөң
айбат танытқан ұрда-жық мінезін теледидар
арқылы республика халқы түгел дерлік көрді.
Мұнда келіп, болған оқиғадағы істің ақ-қарасын
таразылайтын облыс әкімі бұл орынбасарға
жиналыс үстінде ауызша ескертумен ғана шек-
телуі көпшіліктің көңілінен шықты деу қиын.
Ресми қағазда бұл ескерту жазыла ма, жазыл-
май ма, жұртшылық одан бейхабар. Сырт көзге
бәрі дұрыс сияқты. Бірақ мұндай шараның
қолданылуының билікке абырой әпермейтіні
анық. Өйткені Сырдария аудандық соты ҚР
ӘҚБтК-нің 537 бабында көзделген әкімшілік
істі қарады. Онда анықталғанындай, құқық
бұзушы Ғизат Әбілтай Сырдария ауданының
әкімі лауазымын атқарып жүргенде аудандық
денешынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік
мекемесінің ғимаратын қайта жаңғырту және
күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде
мемлекеттік сатып алу туралы конкурстық ко-
миссияны басқарған. Аудандық прокуратура
тексеру барысында мұнда конкурстық комис-
сия тарапынан өрескел заңбұзушылықтардың
орын алғандығын анықтады. Яғни құжаттамаға
сәйкес келмейтін әлеуетті өнім беруші «Строи-
тельная компания ЕрҚанат Сервис» ЖШС-
на заңдарда көзделмеген жәрдем көрсетіліп,
оның ұсынылған өтінімі құжаттамаға сәйкес
келеді деп шешім қабылданған. Орын алған
заңбұзушылықтар аудан прокурорының на-
разылығымен талаптарға сәйкестендіріледі.
Сөйтіп, құжаттамаға сәйкес деп танылған бір
ғана әлеуетті өнім беруші «Ақмешіт мелиора-
тор» ЖШС конкурсқа жіберілгендіктен конкурс
өтпеді деп танылған.
Аудан прокуроры аудан әкіміне мұндай
заңбұзушылықтарды дереу жою жөнінде
ұсыныс енгізіп, құқық бұзушылықтарға жол
берген аудандық құрылыс бөлімінің бастығы
А.Әбдуовтың бас мамандары Б.Жұмабаевтың
және
С.Ержанұлының
жауаптылықтарын
қарауды ұсынады. Алайда аудан әкімі Ғ.Әбілтай
құрылыс бөлімінің басшысы А.Әбдуовке
өкімімен жалпы тәртіппен қатаң сөгіс түріндегі
жазаны қолданған, сөйтіп заңды аттаған ші-
ренген шенеуніктің шекесінен шертудің орны-
на оны маңдайынан сипап қана қояды. Бұл
тәртіптік жазамен аудандық прокуратура ке-
ліспей, аудан әкімінің жоғарыдағы өкімін және
наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруын
заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінеді. Осыған
орай, сот бұл арызды толық қанағаттандырады.
Сөйтіп, аудан әкімінің екінші мәрте өкімі шығып,
А.Әбдуов мырзаға сыбайлас жемқорлық
жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бер-
гені үшін қызметіне толық сәйкес еместігі тура-
лы ескерту беріледі. Бұл ретте құқық бұзушы
Ғ.Әбілтай сыбайлас жемқорлық санатына жа-
татын кінәні өзіне бағынышты, яғни аудандық
құрылыс бөлімінің басшысы А.Әбдуовке сы-
байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңдарды бұза отырып қолданған.
Сотта Ғ.Әбілтай өзінің кінәсін толығымен
мойындаған жоқ. Тіпті ол өзеуреп, өзінің аудан
прокурорының ұсынысымен келіспейтінін және
әрекетінде құқық бұзушылықтың белгісі мүлдем
жоқ деп мәлім етті. Осыған байланысты келтір-
ген ұсыныстарына тексеру жүргізген арнаулы ко-
миссия өзінің шешімін түгел дерлік мақұлдапты.
Сөйтіп, А.Әбдуовтың әрекетінде сыбайлас
жемқорлық сипатындағы заңбұзушылық орын
алмаған деген қорытындыға келіпті. Сол се-
бепті экс-әкім үстінен қозғалған әкімшілік істің
негізсіз екенін, өзін бұл әрекет үшін кінәлі деп
санамайтындығын мәлім етті.
Алайда шенді шенеуніктің сөзін ұйып тыңдаған
сот және іске қатысушылар оның мұндай пі-
кірлерінен ақылға салынған ойды емес, билік-
ке тән жалаң көзқарастан өзге түк-те тапқан
жоқ. Экс-әкім сөзі мұнымен тамамдалмады.
Әйтсе де ол өзінің құқық бұзушылық әрекетін
мойындамағанымен, жасаған іс-әрекеті бой-
ынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы
прокурордың қаулысымен және оған тіркелген
құжаттармен толық дәлелденеді. Сот оның
әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 537-бабымен дұрыс
дәрежелеген. Себебі ол сыбайлас жемқорлық
санатына жататын құқық бұзушылық жасауға
кінәлі, өзіне бағынышты адамға, яғни А.Әбдуовке
қолданған шараларды заңдарды бұза отырып
қабылдаған деп шешті. Оның әрекеті қасақана
жасалған құқық бұзушылық болып табыла-
ды. Сот оған әкімшілік жаза тағайындағанда
бұрын әкімшілік жауапқа тартылмағандығы
жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар деп
ескерген. Ал керісінше жауаптылығын ауыр-
лататын мән-жайлар іс бойынша жоқтығына
байланысты оған айыппұл жазасының төменгі
шеңберінде тағайындау қажет деп есептейді.
Құқық бұзушы Ғ.Әбілтайға 50 айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде 86550 теңге айыппұл
салуға қаулы қабылданды.
Ұлы Абайдың «Елді билеуден адамның өзін-
өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенде таққа от-
ыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі
ұстай алмай абыройын ашатындар көп» дейтіні
бар. Өйткені даналық сөзге жүгінуіміздің себе-
бі бұқара мен Елбасының сеніміне кіріп алып,
лауазым биігіне көтерілген кейбір шенеунікте-
ріміз үмітті ақтай алмай жүр. Солардың бірі
— жоғарыда материалымызға арқау етілген
экс-әкім.
Ал қызметін асыра пайдаланып, мемле-
кет қаржысын қымқырып жүрген үлкенді-кі-
шілі басшылар аймақта жетіп артылады.
Облыстық прокуратура таратқан мәліметке
зер салсақ, өткен жылы Сыр өңірінде сыбай-
лас жемқорлық сипатында 129 қылмыстық іс
тіркеліпті. Бұл қылмыстардың 22-сі жергілікті
атқарушы органдардың, 78-і орталық атқарушы
органдардың, ал 29-ы жекелеген тұлғалар
жасаған қылмыстар. Олардың дені бөтен мүлікті
иелену, қызметтік өкілеттіктерін теріс, лауазым-
дарын асыра пайдалану, пара беру, қызметтік
жалғандық жасау. Сол сияқты бұл алдыңғы
жылдармен салыстырғанда 40 пайызға өскен де-
ген сөз. Бұл — анықталған нақты деректер, ал
белгісізі қаншама?! Мұндай оқиғалардың орын
алуының басты себебі — өз міндеттерін майлы
жіліктің басын ұстау деп ұғатын шенеуніктердің
іске деген немқұрайлығы және жауапсыздығы.
Жалпы бірнеше жыл ауданды
басқарған экс-әкімнің құқық
бұзушылық жасап, қызметтен
Достарыңызбен бөлісу: