1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

1 мамыр — 

Қазақстан 

халқының 

бірлігі күні

9 мамыр — 

жеңіс күні

Сақалын сатқан кәріден 

еңбегін сатқан бала артық

 

  

Жерде жетім жыласа, 

көкте періште қайғырады

Мәңгүрт дегеніміз кім?

05

16



15

Әншейінде  мінезі  шатақтау  атам, 

өздеріне  табиғы  болып,  ерке  өскен 

маған  басына  шығып  алсам  да  ештеңе 

демейтін және менің бетіме жан баласын 

тіке қаратпайтын. Үлкендердің айтуынша, 

жарықтық майданда денесіне шашырай 

тиіп,  терісімен  бірге  бітіп  келген  снаряд 

жарықшақтарын елге оралғаннан кейінгі 

оңаша бір сәттерде де сипалай уқалап, 

шығарып алып отырады екен. 

Тасқа жазылмаса да, хатқа жаздым атыңды, ата!

 

10

Ресейдің  ТМД  елдері  институтының  директоры  К.Затулин:  «Украинада  орыс  тіліне  қысым 

жасалғаны  сонша,  оқу  орнына  түсу  емтиханын  тапсыру  тек  украин  тілінде  болды»,  —  дей  келе, 

Қазақстанға келгенде әуежайда қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тіліндегі жазбалардың тұрғанын 

«қолдап», осылай болса, Украинадағыдай «мәселе» тумайтынын аңғартты. 

«Ядролық қару 50-60 планетаны жойып жібереді»,

—  деп қауіп айтқан форумның берері көп

04

Бірлік 


Ынтымаќ 

Достыќ 


Жеѕіс 

Бейбітшілік 

Ырыздыќ

Қазақтың 



қара шаңырағы — 

ынтымақтың ұйытқысы 



Газет 1992 жылдың 17 қаңтарынан шыға бастады

Бөлшек саудадағы бағасы келісімді

№17-18 (990-991)  30 СӘУІР 2014  ЖЫЛҚЫ  ЖЫЛЫ     

www.kazakhstanzaman.kz


02

АҚПАРАТ-САРАП

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Астанада 

Назарбаев 

Университетіне 

қарама-қарсы  ЭКСПO-қалашық  құрылысы 

басталды. Мемлекет басшысы көрме кешенінің 

іргетасына  капсула  салып:  «Біз  бүгін  ЭКСПO-

2017  нысандарының  құрылысын  бастап  кеттік. 

2017  жылы  Астанаға  жиырма  жыл  толады, 

ол  ЭКСПO-2017  көрмесімен  тұспа-тұс  келеді. 

Мұндай нысанды біз әлі салған емеспіз. Түптеп 

келгенде, бұл Астананың жаңа орталығы болады. 

Мұнда  бұрын-соңды  тұрғызылмаған  бірегей 

және  айшықты,  инновациялық  жаңа  нысандар 

салынады.  Нысандарды  салу  барысында 

бірегей сәулеттік шешімдер мен технологиялар 

қолданылады.  Көптеген  нысандар  «жасыл» 

энергиямен  қамтамасыз  етіліп,  ғалымдардың, 

жастардың  зертханалары  орын  теппек.  Ол 

жаңа  технологиялар  мен  жаңалықтарды  ашу 

үшін  Назарбаев  Университетінің  студенттеріне 

қызмет  ететін  база  болады.  Бұған  қоса  көрме 

өтетін аймақта 4 мың тұрғын үй, жаңа қонақүйлер, 

конгресс-холл,  жабық  қала  салынады.  Басты 

павильон  биіктігі  100,    диаметрі  80  метрге 

жететін  шар  тәріздес  ғимаратта  орналасады. 

Оның  айналасында  үлкен  аллея  көрік  беріп 

тұрады.  Мұнда  сан  мыңдаған  құрылысшылар 

жұмыс  істейді.  Біздің  шағын  және  орта  бизнес 

көптеген  жаңа  жұмыс  орындарын  ашады.  Біз 

мұнда негізінен отандық мердігерлердің құрылыс 

жүргізуіне  жағдай  жасауға  тырыстық.  Бүгін  біз 

осы жұмысты бастадық. Бұл міндетті әдеттегідей 

сәтті  атқарып,  Астана  мен  Қазақстанды  жаңа 

сапалық деңгейде барша әлемге көрсетеміз деп 

ойлаймын. Барлық нысандарда өте көп еріктілер 

болады.    Көрмеден  бөлек,  ол  жерде  өзіміздің 

көпұлтты мәдениетіміз бен тарихымыз, өнеріміз 

паш  етіледі.  Мұның  бәрі  Үкіметтен,  Астана 

әкімдігінен,  барша  министрліктерден  үлкен 

жұмысты  талап  етеді.  Міндет  өте  ерекше  әрі 

ауқымды, бірақ ол міндетті түрде орындалады», 

—  деді.  

Еңбек және 

халықты әле

уметтiк 

қорғау министрлiгiнiң 

баспасөз қызметiне сілтеме 

жасаған BNe

ws.kz: «Елiмiздiң 

демографиялық, экономикалық, өндiрiстiк 

және еңбек жағдайларын талдау нәтижесi 

теңгерiмсiздiктiң орын алып отырғанын көрсеттi. 

Қалыптасқан тенденция сақталып қалса, 2050 

жылы солтүстiк өңiрлер тұрғындарының саны 

0,9 миллион адамға қысқарады. Ал оңтүстiк 

аймақтарда халық саны 5,2 миллион адамға 

өседі. Болжалып отырған ақпараттарға 

сәйкес, оңтүстiк өңiрлердегi халықтың 

қоныстану тығыздығы солтүстiкке 

қарағанда 4 есе көп болады»,— 

деген хабар таратты. 

Бұл не қылған 

сандырақ?!

Н.Назарбаев: 

ЭКСПO-қалашық 

Астананың 

жаңа орталығы 

болмақ 

Министр 

Н.Қаппаров 

«тәбетін енді 

басатын» шығар  

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте мемле-

кет басшысы: «Астанаға су тарту бойынша 

екі ұсыныс болды. Оның бірі Сәтбаев 

каналынан 90 миллиард теңгеге құбырдың 

құрылысын қарастырса, екіншісінде Су ре-

сурстары комитеті 5,8 миллиард теңгеге 

қолданыстағы жүйені қайта жаңғыртуды 

ұсынды. Мен Экология министрлігі мен 

әкімдікке осы мәселені шешуді тапсырған 

болатынмын. Енді үшінші нұсқаға 

қарағанда 370 миллиард 

теңге қажет екен. Мұндай 

министрлермен мемлекет 

тақырға отыруы мүмкін. 

Тәбеттеріңді басып, ны-

сандарды тиімді пайда-

лануды қамтамасыз 

етіңіздер»,— деді. 

Бәлкім, министр 

Н.Қаппаров 

«тәбетін енді 

басатын» шығар, 

кім білсін.



Ішімдік 

сату 

уақыты 

15 

сағатқа 

шектелді

  

  Мәжіліс спиртті ішімдік-



ті сату уақытын 15 сағатқа 

дейін шектейтін заң жоба-

сын мақұлдады. Оған сәйкес, күшті алкоголь 

өнімдерін, мейрамханалар мен дәмханаларды 

қоспағанда, кешкі сағат 21:00-ден, келер күні 

сағат 12-ге дейін сатуға тыйым салынады. 

Бұл, негізінен, күші 30 градустан жоғары спиртті 

ішімдікке қатысты шектеулер. Ал күштілігі бұдан 

төмен ішімдік түрлеріне уақыттық шектеулер 

бұрынғыша кешкі 23:00-ден таңғы 8-ге дейін 

сақталады.

Тұрғындар наразылығына әділ шешім шығарумен жауап берген Пав-

лодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев: «Ерекше қорғалатын аумақта 

орналасқан, бұрыннан «Ворушин орманы» атанып кеткен бақ қалада 

шынында да экологиялық қорғаныс функциясын орындап тұр. Сондықтан 

да бұл аумаққа құрылыс нысандары салынбайды. Мәселе орман-

ды сақтап қалуда ғана емес: мен оның аумағын абаттандыруды, 

тұрғындардың демалуына жағдай жасауды тапсырамын», — деп,  

әділ шешім шығарды. Ал қалалық әкімдік 5 мыңға жуық ағаш өсіп 

тұрған орманды түгел отап, бұл жерге «Жұлдыз» деп аталатын 

16 қабатты тұрғын үйлер салмақшы еді. Мұның себебін облыс 

орталығының таршылық ете бастағанымен, сондықтан тұрғын 

үйлер құрылысын қала шетінен салуды қолға алғандарымен 

түсіндірген. «Әкім бол, халыққа жақын бол», — деген осы да. 

Де-

мографтар 



Үкіметке 30-дан 

асса да үйленбей жүрген 

азаматтарға бойдақ салығын 

салуды ұсынып: «Бұл, бір 

жағынан, жастарды отбасы құруға 

итермелесе, екіншіден, бойдақ 

салығы есебінде әлеуметтік бірсы-

пыра мәселелерді шешуге болады. 

Мәселен, түскен ақшаны жетімдер 

үйі мен көпбалалы отбасыларға 

жәрдемақы есебінде беру сынды. 

Ақыры өз отбасын құрмаса, өзгенің 

бала-шағасына көмек берсін», — деп 

отыр. 


Әкім Қ.Бозымбаев 

әділ шешім шығарды 

Бойдақтыққа салық 

салу қаншалықты 

тиімді? 

    


Әлеуметтанушылар болса: 

«Салықты көбе

йту арқылы біз екін

ші қиындықты 

туғызамыз, яғни мұныме

н саяси наразы топтард

ы 

күшейтеміз. Әл



еуметтік жағдайы төме

н, өзі үйлен

е алмай 

жүрген адамға салық салсақ, өте үлке

н мәселе 

туындайды», — деге

н кері пікірде. 

Статистикаға сүйенсек, 

бүгінде үйленбеген жастард

ың 


денін жұмысбастылар құрайд

ы екен. Ресми 

емес ақпарға қарағанда, бо

йдақ салығының мөлшері 

жалақының 6 пайызын құрауы мүмкін

. Орта есеппен елі-

мізде шамамен 100 мың теңгеге жуық жалақы алатын 200 мың 

бойдақ болса, қазынаға с

олардың есебінен айына 1 миллиардтан 

астам қаржы түспек. Рас, бо

йдақтар бұл бастаманы қолдамайд

ы. 


Солардың бірі алматылық Байрам Әзизов: «Бұл бастаманы 

сандырақ дер едім. Өйтке

ні үйленбеудің себебі әркімде әртүрлі. 

Салық салды екен деп ме

н бірден үйлене қоймаймын

Қалауымды қашан кездестірем, с



ол кезде үйленем. 

Ал сол үшін салық төл

емеймін»,— дейді. 

Әзірге ұсыныс тек ер-азаматтарға 

ғана қатысты көтеріліп отыр. Бірақ ол қабыл-

данар болса, шараның қыздарға да қолданылуы ғажап 

емес. Өйткені мұндай заң Кеңес тұсында да болған

. Депутаттар 

арасында да бұл әңгіме оқтын-оқтын қозғалып жүр. Тіпті үйл

енуге 


ниет еткендерге қазынадан 300 мың теңгеде

н сыйақы берейік 

дегендер де бар. Мәсел

е қалай шешілерін алдағы 

уақыт көрсетпек. 

1

2



3

4

Алдаспандай 



жарқылдай бер, 

«Түркістан»!

Газет — халықтың айнасы. Елдің мұң-мұқтажы, 

қайғы-шерін жетер жеріне жеткізіп, ақты ақ, 

қараны қара деп айыратын бірегей басылым 

— «Түркістан» газеті 20 жылдық мерейтойын 

көзі қарақты оқырманымен бірге тойлап жа-

тыр. Бүгінгі таңда «Түркістан» газеті  зиялы 

қауымның ой-пікірін еркін айтатын мінбері бол-

ды. Газет күллі түркі жұртының ақпарат айнасы 

болып қалыптасты және халықаралық басылым 

ретінде танылып, туған еліміздің тәуелсіздік жыл-

намасын жасауды қолға алды. 

Түбі бір түркі халықтарының тарихи тамырластығын жан-жақты 

көрсету,  олармен  рухани-мәдени  байланыс  орнату,  алыс-жақын 

елдермен  ақпарат  алмасу  жайы  да  «Түркістан»  назарынан  тыс 

қалған  емес.  Қоғамның  шиеленіскен  мәселелері  мен  аузы  бітеу 

жарадай құбылмалы қалтарыс-бұлтарыстарын ақиқатпен араша-

лап, ұлт қорғандарын қорғап, екіжүзділердің бетпердесін сыпыра-

тын азулы газет өткір де өнегелі мақалаларымен еліміздің түкпір-

түкпіріндегі қалың оқырманының  көзін ашып келеді.

Жыл  бедерінде  мемлекеттің  мүддесін  қорғап,  ұлттың  ұпайын 

түгендеуде  бұл  газеттің  атқарған  жұмысы  Алашқа  аян.  Әркез 

қалың  оқырманына  ой  салатын,  қоғамның  өзегіне  түскен  өткір 

материалдарды  жариялап  қана  қоймай,  қазақ  тарихын,  ұлы 

тұлғаларын түгендеп елге жеткізіп отырды. Сондай-ақ,  елді қалың 

ойға батырған қатпары қырық қабат мәселелерді қоғамның сөзін 

ұстап  жүрген  азаматтармен  бірлесе  талқылап,  шығар  жол  іздеп 

келеді.


Иә,  «Түркістан»  газеті  осындай  ерекшеліктерімен  өзге  басы-

лымдардан  айшықталады.  Ұлт  мүддесі  тұрғысында  қасқайып 

қарсы жүзіп, қақырата шындықты жазатын газет ұжымында мүйізі 

қарағайдай-қарағайдай  белгілі  журналистер  жетерлік.  Тағы  бір 

ерекшелік деп, өткір де батыл материалдарды ұжымдағы бір топ 

қайсар журналист қыздар жазып жүргенін сүйсіне айта аламыз.

Газет  өзінің  ұйымдастырылу  мақсаты,  атауына  орай  түгел 

түркі  жұртының,  түркі  мемлекеттерінің  саяси-экономикалық, 

мәдени-рухани ықпалдастығын, сондай-ақ бұрын бір шаңырақтың 

астында  болған  посткеңестік  республикалармен  де  еларалық 

ынтымақтастықтың дамуына қалтқысыз қызмет етті және сол мін-

деттерді бүгін де табысты жалғастырып келе жатыр. 



Елдің ертеңіне елеңдеп, халықтық халіне қарайлап, 

ұлтқа ұлағатты ұран тастайтын «Түркістан» газетін 

«Қазақстан-Zaman» газеті ұжымы 20 жылдық мерейтой-

ымен құттықтап, ерен еңбектеріне табыс тілейді.

Оңтүстік Корея 

премьер-министрі 

отставкаға кетті

Оңтүстік Корея премьер-ми-

нистрі Чон Хон Вон «Севол» 

кемесінің апатына байланысты 

оңтүстіккореялық биліктің сынынан 

соң отставкаға кетті. 

         

Хабарландыру

«АРМ Ломбард» ЖШС төмендегідей кепілдікке қойылған мүліктерді сату туралы хабарлайды:

Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар, алтын бұйымдар сынығы, бриллиант бұйымдары.

Сауда өткізілетін уақыты: 2014 жылғы 12 мамыр. Сауда өткізілетін  орны: Қазақстан Республикасы, 

Алматы қаласы, Пушкин көшесі, №41 үй. Сауданың басталатын уақыты: сағат 11.00 минут.

Сенім білдірілген тұлға: Дандыбаева Алма Айдарбекқызы. Сатып алу құнын төлеу тәртібі: қолма-

қол ақша немесе ақша аудару түрінде жүзеге асырылады. 

Байланыс телефоны: 8 (727) 273-55-27.



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

С.Лавров: 

«Қазақстан 

мен Қырымды 

салыстыру — 

орынсыз»

Мәскеуде ТМД елдерінің жас ди-

пломаттары форумында Қазақстан 

өкілінің  сұрағына  жауап  берген 

Лавров:  «Біздің  заңдарымыз  бой-

ынша,  Ресейдің  ұстанымын  тек 

президент,  премьер-министр  және 

сыртқы  істер  министрі  ғана  білді-

ре  алады.  Ресейдің  Қырымдағы 

саясаты  мен  Қазақстанды  салы-

стыру  —  орынсыз.  Қырымдықтар 

торығып,  үміт  үзерлік  жағдайға 

дейін  жетті  және  олар  Ресейге 

қосылудан басқа жолды көрген жоқ. 

Бұл жерден қандай да бір ұқсастық 

іздеу  орынсыз.  Біз  Қазақстан 

басшылығының  өз  халқының  жай-

ын ойлап, қаншалықты парасатты, 

жауапты саясат жүргізіп отырғанын 

білеміз.  Сондықтан  мен  кейбір 

саясаткерлердің 

Қазақстанның 

территориялық 

тұтастығына 

қатысты  айтқан  пікірлері  үшін 

ұяламын», — деді. 



Бетті дайындаған — Ермек Сахариев

03

АСТАНА АЖАРЫ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Елбасы «ел іші — өнер кеніші» деп, үнемі өнер ие-

леріне  қолдау  көрсетіп  келеді.  Бабадан  жеткен  ұлы 

өнерге тағзым етіп,  күмбірлеген күй мен әуелеген ән-

жырға қазақтың жаны қашан да құмар. Қарапайым 

халық  зәулім  сарайларда  өтіп  жататын  кештерге 

мүмкіндіктері жеткенше қолдау білдіріп отырады. Бірақ 

«Астанаға облыстардан келіп жататын өнерпаздарға 

көрсетіліп  жатқан  құрмет  қаншалықты  деңгейде?» 

— деген сауалға кейде ойланып қалатынымыз рас. 

Арнайы шақырту алғандарының өзі төбе көрсетпей 

қынжылтатыны бар. Мұны өнерге көрсетіліп жатқан 

құрмет деп айтуға бола ма? Атыраудан арнайы кел-

ген  өнерпаздарға  халықтың  құрметі  ерекше  болды. 

Алайда билік басында отырған мырзалардың көзге 

шалынбағаны ғана көңілге кірбің түсірді. Айта кете-

лік,  таяуда  ғана  Бейбітшілік  және  келісім  сарайына 

(басқаларын  айтпай-ақ  қоялық)  Жамбыл  облысы 

өнерпаздарының арнайы келіп өткізген мерекелік ке-

шіне көрермен аз жиналып, ұятқа қалдырғаны бар.

26  сәуір  күні  «Дина  Нұрпейісова  атындағы 

халықтық музыка академиясы» Атырау музыка кол-

леджі  өздерінің  55  жылдығына  арналған  «Шаттық 

отаны»  атты  концерттік  бағдарламасымен  Астана 

төріндегі Бейбітшілік және келісім сарайына жиналған 

көрермендерді  шаттыққа  бөледі.  Өнерлі  ұжымның 

атына қанық қала халқы көп жиналды. Іргетасы 1958 

жылы қаланған колледжге биыл 55 жыл толып отыр 

екен.

Концерт 


барысында 

Құрманғазының 

«Сарыарқасы», 

«Адайы», 

Дәулеткерейдің 

«Көроғлысы»,  Ықыластың  «Жез  киігі»,  Нұрғисаның 

«Махамбеті»,  Қаршығаның  «Атырауы»  т.б.  ән  мен 

күй исі қазақ баласының делебесін қоздырып, рухын 

оятып, Астана көгінде шарықтап тұрды.

Жиналған  қауым  өнерге  жаңа  қанат  қаққан  жас 

жеткіншектердің  бойларында  буырқанған  асқақ  да-

рындарына  таңдай  қағысты.  Әсіресе  Атырау  музы-

ка колледжінің  «Халықтық» студенттік ұлт-аспаптар 

оркестрінің аяқ алысы ұзаққа шабатын кең тынысты 

тұлпардың қалыбын танытты. Домбыра мен скрипка 

шанағында ойнаған жас өрендердің тебірініске толы 

әуезді күйлері болашағымыздың жарқын екенінің бір 

көрінісі екені даусыз.

«Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка ака-

демиясы» Атырау музыка колледжін 50 жылға жуық 

тарихында 2000-нан астам түлектер бітірген. Олардың 

ішінде  ҚР  еңбек  сіңірген  қайраткер,  Құрманғазы 

атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің 

Бас  дирижері,  профессор  А.Жайымов,  Құрманғазы 

атындағы ұлттық консерваторияның халық аспаптар 

факультетінің деканы, профессор К.Сахарбаева, ҚР 

еңбек сіңірген қайраткер Ш.Әбілтаев, ҚР еңбек сіңірген 

әртістер  Р.Қойшиева,  Р.Айдарбаева,  Г.Ізтілеуова, 

«Құрмет»  орденінің  иегері  О.Жауыров,  ҚР  құрметті 

қайраткерлері  К.Киматова,  К.Жолдасова,  сондай-

ақ    Халықаралық,  Республикалық  конкурстардың 

лауреаттары  Ш.Жәменова,  Г.Қуанышбаева,  А.Ба-

тырхайырова,  С.Бейбатырова,  Ж.Ермағамбетова, 

Т.Хайдаров, А.Тіналиева сынды майталмандар бар.



«Дина Нұрпейісова 

атындағы халықтық музыка 

академиясы» Атырау музы-

ка колледжі директоры, ҚР 

Білім беру ісінің құрметті 

қызметкері, өнертану 

ғылымдарының кандида-

ты Сәдуақасова Гүлнар 

Манапқызы: 

—  Бұл  —  ұлы  Құрманғазы 

мен  Динаны,  ақберен  батыр-

лар — Махамбет пен Исатайды дүниеге әкелген күй 

отаны  атанған  Атырау  елінің  Астанаға  жолдаған 

ыстық сәлемі. Республика көлемінде деңгейі жоғары, 

тамыры тереңге жайылған оқу орны 55 жыл ішінде 

жоғары кәсіби мамандарды дайындауда жоғары же-

тістікке жетіп отырған киелі шаңырақ. 55 жыл ішінде 

аянбай еңбек етіп, оқу орнымыздың өсіп-өркендеуіне 

зор үлес қосқан ардагер ұстаздарымызды, құрметті 

ұжымды шын жүректен құттықтаймын. Астанаға кел-

ген өнер ұжымының құрамында студенттік хор, сту-

денттік ұлттық аспаптар оркестрі, басқа да дәстүрлі 

әншілер  мен  жеке  орындаушылар  бар.  Астана 

қаласындағы үлкен сарайда беріп жатқан концерті-

мізге жиналған көрермен өз әділ бағасын береді деп 

сенемін.


Директордың оқу іс 

жөніндегі орынбаса-

ры Нығметова Ардақ 

Сүндетқалиқызы: 

—  16  сәуір  күні  Атырау 

облысында 

мерейтойлық 

есеп  концертіміз  Махамбет 

Өмемісұлы  атындағы  дра-

ма  театрында  «Шаттық  от-

аны»  деген  атпен  халыққа 

ұсынылды.Сол  концерттік  бағдарламаны  Астана 

тұрғындарына,  қонақтарына,  өнер  сүйер  барша 

қауымға  әкеліп  отырмыз.  Бұл  —  біздің  Астанаға 

алғаш  келуіміз.Осы  кеште  «Дина  Нұрпейісова 

атындағы халықтық музыка академиясы» Атырау му-

зыка колледжінің  «Халықтық» студенттік ұлт-аспап-

тар оркестрі және хор ұжымы, жеке орындаушылар 

өз өнерлерін көрсетеді. 165 өнерпаз Атыраудан ар-

найы  келді.  Колледж  ұжымы  Астана  қаласы  әкімі 

Иманғали  Тасмағамбетов  мырзаға  тікелей  қолдау 

көрсеткені  үшін  алғысымызды  білдіреміз.  2000 

жылы  Президентіміздің  мәдениетті  қолдау  жылы  

колледжіміз  жаңа  мекенге  ауысып,  оны    Иманғали 

Тасмағамбетов өзі ашқан болатын. 

Бүгінгі  мерекелік  кешке  колледждің  бітіріп  кеткен 

түлектерін, ардагер ұстаздарын, сондай-ақ колледждің 

алғашқы директоры Сейілхан Құсайыновтың жолда-

сы  Раушан  Нұрпейісованы  арнайы  шақырып  отыр-

мыз. 

Алдымызда ұлы жеңіс мерекесі келе жатыр. 



Майдангер  қарияларға  тек  9  мамырда  ғана 

емес, жылдың әр күнінде құрмет көрсетсек те 

артықтық етпесі анық. 

Мәжілісте  Палата  Спикері  Қабиболла 

Жақыповтың  төрағалығымен  өткен  жалпы 

отырыста  депутат  Алдан  Смайыл  Қазақстан 

Республикасының  Премьер-министрі  К.Мәсі-

мовке депутаттық сауал жолдады. 

Депутаттың  сөз  саптасынан  Парламент 

Мәжілісінің бір топ депутаттары Үкіметке Ұлы 

Отан  соғысының  ардагерлерін  коммуналдық 

қызмет  төлемдерінен  босату  туралы  сауал 

жолдағаны  байқалады.  Өкінішке  орай,  ол 

сауалға  Үкімет  басшысының  берген  жауа-

бына  депутаттар  өкпелі  секілді.  Олай  деуге 

депутат  Алдан  Смайылдың  мына  сөзі  нақты 

дәлел:  «Сіздің  қолыңыз  қойылған  жауапта 

сол  қаһарман  қарияларға  берілетін  орташа 

зейнетақы,  базалық  зейнетақы  және  арнау-

лы  мемлекеттік  жәрдемақы  есептеліп,  осы-

ны  қанағат  етсін  деген  емеурін  білдіріліпті. 

Мәселе онда емес қой. Соғыс ардагерлеріне әр 

айда жиып-теріп беретін 60-70 мыңдай қаржы 

оларға ел болып, мемлекет болып көрсетілуге 

тиіс құрметтің садағасына да жарамайды ғой. 

Мәселе шынайы ілтипатта. Адамзатқа қасірет 

болып  төнген  фашизмнен  жер-жаһанды 

құтқарып  қалған  ерлерді,  бүгінгі  тоқсандағы 

қарияларды  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы 

қарсаңында  туған  халқы  мен  мемлекеттің 

жүрек жылуына бөлейік дегенбіз. Соны түсіне 

алмапсыздар». Осылай деп күйінген депутат 

Үкімет басшысына сабақ болсын деді ме, оған 

жолдаған  сауалында  иманды  азаматтардан 

үлгі алуға шақырыпты. «Құдайға шүкір, пара-

сатты азаматтар бар екен. Қарағанды және Ба-

тыс Қазақстан облыстарының әкімдері арда-

герлерді әлгі төлемдерден босатты. Шымкент 

те солай жасап отыр, Алла риза болсын!  Осы 

игі қадамды еліміздің өзге облыстары қостап 

әкетсе, қандай ғанибет! Республикада бүгінде 

Ұлы  Отан  соғысының  4282  ардагері  бар,  әр 

өңірге 300-ден келеді екен. Экономикасы даму 

үстіндегі  аймақтар  үшін  200-300  қарияның 

коммуналдық  мұқтажын  шешіп  беру  мәселе 

болып па? Сіздің тарапыңыздан бір ауыз сөз 

айтылса жеткілікті ғой», — деп, бұл істе өзінің 

«көш  басшы»  болғанын  қалайтынын  жеткі-

зіпті. Қарап тұрсаңыз, жаны бар сөз. Тек оны 

түсінер құлақ, іліп әкетер шенеунік болса, шір-

кін! 

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Ардагерлердің коммуналдық мұқтажын шешіп беру Үкіметке қиын ба?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет