1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


Атыраудың  «Шаттық отаны» — Астанада



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Атыраудың 

«Шаттық отаны» — Астанада

Медиация — сотқа 

бәсекелес емес, бітімге 

шақыратын сала

Көптеген  елдерде  медиация  туралы  заңдар 

қабылданған. «Қазақстан Республикасының Ме-

диация  туралы»  Заңы  2011  жылы  28  қаңтарда 

күшіне мініпті. Өкінішке қарай, біздің медиатор-

лар  қоғамда  көріне  алмай  жүр.  Оның  да  түрлі 

себептері  мен  салдары  болуы  әбден  мүмкін. 

Осы  жерде  мынаны  есте  ұстаған  абзал.  Кей-

бір  елдерде  ауыр  қылмыстарға  да  медиация 

жасалады.  Қазақстанның  заңында  ол  әлі  жоқ. 

Біздің  елде  жеңіл,  отбасылық,  көршілердің 

арасындағы,  еңбек  дауы  секілді  жеңіл  және 

орташа  қылмыстар  ғана  медиацияға  жіберіле-

ді. Ауыр қылмыстар, сондай-ақ, дауласушының 

бір  жағы  мемлекет  тарапы  жағынан  болса, 

ол  медиацияға  жатпайды.  Мұның  бәрі  заңда 

көрсетілген.

Медиацияны  бітімші  (екі  жақты  келістіру-

ші,  мәмілегер.  Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі, 

2008  ж.)  деп  алып  жүргендер  бар.  Егер  Меди-

ация  жұмысы  табысты  аяқталса,  онда  бұған 

келісуге  болады.  Ал  сәтсіз  аяқталса,  бұл  сөз 

өз  мағынасын  жояды.  Демек,  медиацияны 

жүргізу  технологиясының  белгілі  бір  шеңбері 

қалыптасқан.  Мысалы,  дауласушы  екі  тарапқа 

медиатор  өзінің  шешімін  ұсына  алмайды, 

олардың  бір  жағын  кінәлі  ете  отырып,  екінші 

жағының ұсынысын дұрыс деп шешім шығаруға 

да  қарсы.  Бітімгердің  алдында  жалғыз-ақ  жол 

тұрады.  Ол  —  кез  келген  әдіспен  екі  тараптың  

арасындағы  дау-дамайды  тоқтатып,  бітімге 

алып келуі. Болды.

Өткен  аптада    Астана  қаласында    «Медиа-

ция  –  даулар  мен  қақтығыстарды    соттан  тыс 

шешудің  құралы:  бүгіні  мен  болашағы»  атты 

тақырыпта  баспасөз  конференциясы  болып 

өтті.  Баспасөз  конференциясының  жұмысына  

«Әлеуметтік әріптестік орталығы» КҚ бас дирек-

торы  Ерімбетов  Нұрлан  Кенжебекұлы,    қоғам 

қайраткері, БАҚ-пен және мемлекеттік органдар-

мен өзара іс-қимыл жөніндегі бас менеджер Дос 

Көшім,  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» 

ҚБ  директоры,  ТМД  Экономикалық  сотының 

халықаралық  бітістірушісі  (арашашысы),  тре-

нер-медиатор  Жақыпов  Жанділдә  Әжіғалиұлы 

қатысты.


Көпшілік  оқырманға  медиация  туралы  толық 

түсінік  беру  мақсатында  баспасөз  конференци-

ясы аясында журналистер тарапынан қойылған 

сауалдарға  берілген  жауаптардың  бірнешеу-

ін  сұхбат  орайында  бере  кеткенді  жөн  көрдік. 

Қойылған  сұрақтарға  мамандар  төмендегіше 

жауап берді.

—  Тараптарды  қақтығыс  (дау)  кезінде  қалай 

татуластырады? 

Н.Ерімбетов  журналистерге  даулы  мәселе-

лерді баламалы шешу саласында жұмыс істей-

тін  медиаторлар  мен  заңгерлерге  арналған 

«Медиация  негіздеріне  кіріспе»  деген  кітапқа 

жүгіне  отырып,  тараптарды  қақтығыс  (дау)  ке-

зінде  татуластыруға  болатынын  былай  жеткіз-

ді:  «Бізде  медиацияның  қазақи  мектебі  жоқ. 

Сіздерге  көрсетіп  отырған  кітапта  бітімгершілік 

бабалар дәстүрінен басталатындығы жан-жақты 

баяндалған. Шынын айту керек, қазір біз меди-

ацияны  отбасылық  мәселелерді  шешуге  ғана 

бағыттап  жүрміз.  Алайда  бұл  жұмыстың  аясы 

да, ауқымы да кең. Қандай оқиға болсын, мейлі 

ол саяси, мейлі ол әлеуметтік, медиаторлар тігі-

сін келтіріп, мәселені ушықтырмай шешуі керек. 

— Жақсы беделі бар кәсіби медиаторды табу 

үшін қайда хабарласуға болады? 

Қоғам  қайраткері  Дос  Көшім:  «Медиатор  бо-

латын  адам,  ең  алдымен,  халыққа  танымал 

және  әділ  болуы  шарт.  Ондай  болмағанда  біз 

медиаторларға  жүгіне  де  қоймаймыз.  5  күндік 

медиациялық семинардан өткен адам даукесті-

гінен  арыла  бастайды  екен.  Біздің  мақсатымыз 

2-3 жылдың ішінде 13 мыңға жуық медиаторлар 

дайындау  болатын.  Қазір  800-ге  жуық  бітімгер 

маманды дайындадық. Қазір солардың ішіндегі 

ең  мықты  деген  30-ын  Қазақстанның  кез  кел-

ген  жеріне  дауды  шешу  үшін  жібере  аламыз», 

— деді.


—  Қазақстанда  қанша  медиация  орталығы 

бар? 


Қоғамдық  бірлестік  директоры  Ж.Жақыпов: 

«Қазақстанда 30-ға жуық медиация орталықтары 

бар және олар түрлі мәселелер бойынша жұмыс 

істеп  жатыр.  Біз  медиаторлар  санының  да, 

сапасының да жақсы болғанын қалаймыз және 

осы бағыттағы жұмысымызды жалғастыра бере-

міз», – деді нық сеніммен.

—  Медиация  қылмыстың  өршіп  кетуіне  жол 

ашпай ма?

Дос  Көшім  мырза:  «Оны  зерттеулер  айта 

жатар.  Бірақ  медиацияға  кіргелі  бері  түрмеге 

қамалатындардың азайғаны айдан анық. Қазіргі 

уақытта  заң  тұрғысында  медиаторлар  жұмыс 

жасап  жатқандықтан,  ауылды  жердегі  кәкір-

шүкір қылмыстар араағайындықпен шешімін та-

уып жатқанын өз басым сенімдімін», — деді.

ҚР «Медиация туралы» Заңында кәсіби және 

кәсіби  емес  медиаторлар  көрсетілгенін  жеткіз-

ген  Қоғамдық  бірлестік  директоры  Жанділдә 

Жақыпов  олардың  қызметінің  ақылы  және 

ақысыз түрінің де болатынына ерекше тоқталып 

өтті. «Кез келген  40 жасқа толған азамат жер-

гілікті атқарушы органға кәсіби  емес медиатор 

болып тіркеле  алады.  Олардың  қызметі тегін. 

Ал  арнайы  тағылымдамалардан  өткендерді  біз 

кәсіби  медиатор  ретінде  тани  аламыз.  Олар 

өз  еріктерімен  ақылы  да,  ақысыз  да  қызмет 

көрсетеді. Кімді таңдау халықтың өз қалауында», 

— деді.

Мамандардың айтуынша, медиатор дауласқан 



екі  жақты  өзі  келістірмейді,  сұрақтар  қоя  от-

ырып,  екеуінің  өздігінен  бір  бітімге  келуіне  жол 

ашады.  Медиацияның  тағы  бір  ерекшелігі 

–  жанжалдасқан  екі  тарап  бірлесіп  бітімгерші-

ге жүгінуге келеді. Екінші жағын зорлап әкелуге 

болмайды.  Сондай-ақ,  бітімгер  екі  жаққа  да 

бейтарап  ұстанымда  бола  отырып,  олардың 

өздігінен  ортақ  шешім  қабылдауына  себепкер 

болады. Яғни медиатор екі тарапқа ұсыныс та, 

баға да бере алмайды. Тек қана араағайындық 

көрсетеді.

Тауық ұрлап, бірнеше жылды арқалап темір торға тоғытылып 

жатқандар жайлы ойлағанда, ішің удай ашиды. Балалықпен, білме-

стікпен істелген қылмыстың арты орға жығып, бір адамның ғұмыры 

сергелдеңге түсіп жатады кейде. Зардап шеккен адам арыз жазып, 

ұсталған ұры ісіне өкініп, соңғы үкімді сот шығарып, істі бітіреді. Біз сөз 

еткелі отырған медиацияның қажеттілігі осындай уақытта туындамақ. 

Медиация — соңғы жылдары өркениетті елдерде кеңінен қолданылып, 

жанжалдарды сотқа жеткізбей, үшінші адамның араласуымен шешудің 

нақты жолына айналған жаңа сала. Жаңа сала деп таңсық көріп 

жатқанымызбен, дау-жанжалды шешу үрдісіне арналған нақты талап-

тар қазақ халқының алғашқы заңдар жинағы  — «Жеті жарғыда» кеңінен 

көрсетілгенін қадап айтқымыз келеді. Тарих беттеріне үңілсек, билердің 

шығарған үкімінің 80 пайызы адамдарды бітістіру бағытында болғаны 

айқын көрінеді. Медиацияның  да мақсаты осы.

«Естімеген  елде  көп»  деген  осы-

ау.  Бомба  жарылғанын,  газ  бал-

лон  атылғанын  естіп  едік.  Бірақ 

қалтадағы ұялы телефонның өртенгені 

таң  қаларлық  жағдай.  24  сәуір  күні 

Астанада 

1-сынып 


оқушысының 

қалтасындағы  ұялы  телефоны  жары-

лып, соның салдарынан ол 3-дәрежелі 

күйікпен ауруханаға жеткізілген. 

Күйік  сүйекке  дейін  жеткен.  Ал 

Ариананың анасы Әлия Қамзина: «Біз 

қазір  ауруханада  жатырмыз,  сірә,  бі-

раз  болатын  түріміз  бар.  Терісін  жа-

мау  керек.  Мен  Samsung  компания-

сына  телефон  шалдым,  олар  бәрін 

өтеп, емдеу шығындарын төлеуге уәде 

берді», – деп отыр. Қазір қыздың ата-

анасы  перзенттерінің  денсаулығына 

алаңдаулы.  Бәрі  жақсы  болып  жат-

са,  олар  Samsung  компаниясынан 

кінәлілерді анықтауды талап етпекші.

Қалай  десек  те,  бұл  істен  ғибрат 

алмай  болмас.  «Сақтансаң  ғана 

сақтаймын»,  —  деген  Алла  тағала. 

Белгісіз жағдайда өртеніп кеткен үйлер 

мен  мас  күйінде  өртеніп  кеткен  кей 

мәйіттер туралы мәліметтердің артын-

да осы қалта телефонының да зарда-

бы жатпасын. Абайлайық, ағайын!



Астанадағы медицина 

университетіндегі 

«БОС ОРЫНДАР 

ЖӘРМЕҢКЕСІ» 

 24 сәуірде Астана медицина универси-

тетінде 2013-2014 оқу жылының түлектері 

– резиденттер, интерндерді жұмысқа 

орналастыруға арналған дәстүрлі «Бос 

орындар жәрмеңкесі» өтті.

 Шараға Астана қаласы мен Ақмола, Солтүстік 

Қазақстан,  Қостанай  облыстарының  Денсаулық 

сақтау  басқармасына  қарасты  78-ден  астам 

медициналық мекеменің бас дәрігерлері, сондай-

ақ, аталған басқарманың өкілдері мен әкімшілік 

қызметкерлері және медициналық мекемелердің 

кадр бөлімінің басшылары қатысты.

 «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысып отырған 

қала  мен  облыстарға  жетіспейтін  дәрігер-

мамандардың жалпы саны төмендегідей:

Биыл  Астана  медицина  университетін  561 

жас  маман  тамамдайын  деп  отыр,  оның  ішінде 

резиденттердің жалпы саны 73 болса, интерндер 

– 330. 


2013 жылғы жәрмеңкеде аталған университеттің 

98,5%-ы  (түлектердің  15%-ы  ауыл-аймақты 

таңдаған)  жұмысқа  орналасқан.  Ал  биылғы 

жәрмеңке қорытындысы бойынша,  бітірушілердің 

97%-ы жұмыс тапты. Түлектердің  47,8%-ы Аста-

наны, 25%-ы Ақмола облысын, 8,5%-ы Солтүстік 

Қазақстан  облысын  таңдаса,  қалған  13,3%-ы 

басқа аймақтарды таңдады. 



Айжан Біржанқызы, Астана медицина 

университетінің биылғы түлегі:

— Мен эпидемиолог-гигиенист мамандығы бой-

ынша бітіріп жатырмын. Өзім ауылдық квота бой-

ынша оқуға түскен болатынмын. Міне, енді күйеуім 

екеуміз бірге «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 

бойынша  Ақмола  облысы  Денсаулық  сақтау 

басқармасы жанындағы «Есіл орталық аудандық 

ауруханасына»  жұмысқа  орналасқалы  жатыр-

мыз. Күйеуім – Жалпы практика дәрігері. 

 Алдағы уақытта университеттегі 7 жылдық бі-

лігімізді  қолданып,  халқымыздың  денсаулығын 

жақсартатын боламыз! 



Құрманғали Нұрғалиев

НАҒАШЫБАЙ 

ҚАБЫЛБЕК

mart.75_2010@mail.ru



Оқушы қыздың 

ұялы телефоны 

неге жарылды?

04

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Мемлекеттік тілді менсінбеген 

форум

Басынан аяғына дейін «екі тұғырлы тілде» (ағылшын 

және орыс тілі) ғана жүргені көңілге қаяу түсіргенін жа-

сыра  алмаймыз.  Орыс  және  ағылшын  тілдерімен  «жа-

расым» тауып, осы елдің ақы егесі қазақтың тіліне «жа-

латпа»  ғана  тиді.  Егер  медиа  форумның  конференция 

бағдарламасының  қазақ  тіліндегі  нұсқасы  «жалатпаға» 

жараса...  Сондықтан  да  «түсінікті  тіл»  –  орыс  тілінің 

қоғамдық  қажеттілік  деңгейіне  мемлекетттік  тіл  (!)  –  

қазақ тілінің өз елінде, өз жерінде жете алмай тұрғанын 

көргеннен  кейін  ойы  дұрыс  қай  қазақ  қуансын?!  Осы 

елдің ақы егесі әрі мемлекет халқының 67%-ын құрайтын 

қазақ мүддесінің ескерілмеуі – үлкен заңбұзушылық және 

Тәуелсіздікті құрметтемеу, бағаламау! 

Сондай-ақ,  осы  медиа  форумның  төрайымы  Дариға 

Назарбаева  ханымның  баспасөз  еркіндігін  қостай  от-

ырып,  оның  жауапкершілік  жүгін  өздері  де  сезіну 

маңызды дегенге сайған ойды айтуы орынды-ақ... Бұны 

бір  тақырыптан  қоғамдық  пікір  туғызып,  соңын  ресми 

биліктің үн қатуына дейін мәжбүр еткізетін кейбір орыс-

ша  ақпарат  құралдарына  (бұл  жерде  «Аңыз  адам» 

журналына  қатысты  дау  ғана  емес,  орыс  мүддесін, 

әсіреұлтшылдықты қоздатуды ғана көздейтін және соңғы 

уақыттары жиілеген түрлі «аңыз әңгімелерге» де қатысты 

айтылып отыр) да бағыттап қоюға болады. 

«Жүндеп» кеткен 

саясаттың өкілдері және басқа 

да туралы...

  Медиа  форумның  ішкі  мазмұнына  келсек,  жетпей 

қалған  тұсы  медиа  форумға  келгендердің  барлығы 

дерлік  өз  елінің  ресми  билігінің  өкілдері  емес,  демек, 

олардың айтқан сөзі сол елдің ресми ұстанымын білдір-

мейді.  Оның  үстіне  келген  қонақтардың  көбісі  биліктің 

10-15  жыл  бұрынғы  өкілдері,  соны  көріп,  түйгендер. 

Ескірген,  «жүндеп»,  «борсып»  кеткен  саяси  ереженің 

өкілдері,  яғни  олардың  ойлары  қазіргі  әлемдегі  түрлі 

ресми билік құрылымдарының, ірі елдердің саяси ойын 

ережесін байқата алады деп санау қиын. Әрине, қазіргі 

әлемнің ауқымды да өзекті мәселелері тақырып ретінде 

алынғанын мойындаған ләзім. 

Енді «көңілге түрлі ой салар» жақтарына тоқталсақ... 

Бұған  Еуразиялық  медиа  форумның  бізге  тікелей 

қатысты  үш  тақырыбы  сәйкесетіндей:  біріншісі,  жаңа 

әлемдік  тәртіп,  әлемдік  саяси  қарым-қатынастар,  екін-

шісі,  Украина  дағдарысы  және  үшіншісі  —  Еуразиялық 

экономикалық одақ.

Өткен 4-5 жылды айтпағанда, соңғы бірнеше ай әлемдік 

қауымдастықтағы  «тепе-теңдікті»  сақтаудың  қасаң 

қағидасы әлі сақталып тұрғанын көрсетіп отыр: ірі мем-

лекеттер шағын немесе өз саясатын орнықтыра алмаған 

түрлі елдерді жұтып қоюдан, тұрақтылығын бұзып, іріткі 

салып, әміріне құлдық ұрар билікті орнатудан еш тайы-

натын емес. 



Ресей билігін ақтап алу қиын

  Десек  те,  АҚШ  конгресі  өкілдер  палатасының  экс-

спикері (1995-1999) Ньют Гингрич мырза өз елінің өткен 

ғасырдың 80-жж. қуатынан айырылғанын атай отырып, 

қазіргі жаһандану тұсында да әр елдің өз мәдениеті мен 

басқа да құндылықтарын сақтауға мүмкіндігі болуы ке-

рек екендігін баса айтты. Сондай-ақ, Қазақстан мемлеке-

ті соңғы онжылдық айналасында ұлтаралық саясат пен 

тұрақтылықты сақтауда үлгілі жолда екенін де қыстыра 

кетті.  


Израильдің  бұрынғы  премьер-министрі,  «Ацмаут» 

партиясының  жетекшісі  Эхуд  Барак  әдеттегіше,  Таяу 

Шығыстың таусылмай келе жатқан мәселесін талқылай 

отырып,  «Хамас»  экстремистік  ұйымына  шүйіле  кетуді 

ұмытпады.  Бірақ  ондаған  жылдар  бойы  Палестинаның 

тәуелсіздікке  ұмтылу  қадамдарына  тосқауыл  қойып, 

обал жасап отырған Израиль туралы жөнді сөз айта ал-

мады. Демек, сол жердегі араб бауырларымызға өз елін 

құру  жолында  әлі  де  көп  тері,  мүмкін,  беті  әрмен  қаны 

төгіле бермек... 

Бұл бізге де сабақ: тәуелсіздікті кері серпитін идеяға 

толы «ойшылдарға», оны «тегін» келді деп жүргендерге 

және т.б.     

Залдан  ресейлік  делегат  Израильге  қарата,  оның 

ядролық держава екендігін, бірақ сондай қауіпті қарудың 

басқа елдерге таратпау келісіміне кірмегендігі турасын-

да    Эхуд  Баракқа  сұрақ  қойды.  Бұл  сұрақ  қойылмаса 

да,  қазіргі  халықаралық  шиеліністің  жаңа  сериясында 

ядролық қару жәйі сөз болуы түсінікті. Өйткені қандай да 

бір ұрда-жық, шолақ ойлы әлдебіреу билік басына келіп, 

қаруды  өзі  ұнамаған  елге  «қойып»  қалса  не  болмақ?.. 

Құпиясын,  тіпті  қарудың  өзін 

лаңкестік  ұйымдарға  сатып  жі-

берсе ше?! Соңы неге апарарын 

елестетудің өзі өте ауыр. 

Кей 


деректерде 

қазіргі 


барлық  елдердегі  ядролық  қару 

қуатының жойқындығы шамамен 

Жер көлеміндей 50-60 планетаны 

күлге айналдыруға жетеді екен! 

Тағы бір қаупі — ядролық қаруы 

бар  елдердің  ішінде  Пәкстан, 

Үндістан, Израиль сондай қауіпті 

қаруды таратпау туралы шартқа 

қол  қоймаған.  Тіпті  Пәкстан 

ядролық  қаруды  бірінші  болып 

қолданбау міндетін алмаған... 

Демек, дәл осы қарудан адам-

Осыдан біраз уақыт бұрын  «Ка-

раван» газетіне Мәжіліс депутаты, 

Қауіпсіздік кеңесінің экс-хатшы-

сы, генерал-полковник Қайырбек 

Сүлейменов сұхбат беріп, 

жоғарыдағы сұраққа жан-жақты 

жауап берген-ді. Лауазымды тұлға 

баршаны мазалайтын сауалдарға 

жауап бергендіктен, осы сұхбатты 

оқырмандар назарына ұсынуды жөн 

көрдік. Сонымен, сөз Қ.Сүлейменов 

мырзада:


«Біздің қарулы күштеріміз 

ешкімнен кем емес»

Экстремизмнің  табиғатына  тек  діни  ғана  емес, 

әлеуметтік-экономикалық  сала  да,  халықтың  билікке 

сенбеуі  де  әсер  етеді.  Мұндай  наразылықты  корруп-

ция,  шенеуніктердің  бюрократизмі,  тұрмыстың  төмен 

деңгейі  туындатуы  мүмкін.  Осыдан  екі  жыл  бұрынғы 

Жаңаөзендегі  оқиғадан  кейін  оперативтік  жағдайдың 

тұрақтанғандығы байқалады, біздің міндетіміз — осы 

жетістікті  бекемдей  түсу.  Ең  бастысы  —  байлар  мен 

кедейлердің,  христиандар  мен  мұсылмандардың, 

шала-қазақтар  мен  нағыз  қазақтардың  арасында 

қарама-қайшылықты  ушықтырмауымыз  керек.  Ше-

шілмейтін  мәселе  болмайды,  маңыздысы  —  оппо-

ненттерді сыйлап, олармен диалогқа бару. Украинада 

болған  соңғы  оқиғаларды  ескере  отырып,  Қазақстан 

халқының  басын  біріктіруді,  этностар  мен  барша 

ұлттардың әлеуметтік жіктері арасындағы   өзара се-

нім  ахуалын  бекемдеуді  әрі  қарай  жалғастыра  беру 

қажет. 

Бізге  Қытай  да,  АҚШ  та  қатер  төндірмейді.  Біз 



қиындықты  өзіміз  туындатамыз.  Радикалдар  діни 

және  әлеуметтік-экономикалық  жағдайға  байла-

нысты  болмауы  тиіс  шиеленістерді  туындатып, 

жағдайды ушықтырады. Оны болдырмайды деген ел 

армиясының мүмкіндігін әсірелеуге де, қабілетіне шек 

келтіруге  де  болмайды.  Қазақстан  армиясы  Қытай 

мен  Ресей  Қарулы  күштеріне  қарсылық  көрсете  ал-

майды  деу  дұрыс  емес.  Біздің  армия,  ең  бірінші  ке-

зекте,  елдің  оңтүстік  шекарасындағы,  соның  ішінде 

Ауғанстандағы тұрақсыз жағдайға байланысты, сырт-

тан  төнетін  қатерлерден  қорғануға  арналған.  Армия 

дегеннен шығады, кәсіби кадрларды дайындау — кез 

келген  мемлекеттің  әскери  саясатының  негізі.  Бізде 

төл офицерлерімізді дайындайтын база қалыптасқан. 

Дегенмен, басқа елдердің тәжірибесін де пайдаланған 

жөн.  Мен  экстерриториялық  ұстанымды  сақтай  от-

ырып  әскерге  шақырудың  аралас  түрін  жақтаймын. 

Себебі кейбір әскер түрлері контрактниктердің күшімен 

алға қойылған әскери міндеттерді орындай алмайды. 

Мәселен, ішкі істер әскерлері мен шекарашылар қатаң 

шекаралық тәртіпті немесе жаппай тәртіпсіздік кезін-

дегі  заңдылықты  қамтамасыз  ете  алмайды,  өйткені 

заң  бұзушылардың  арасында  олардың  туысқандары 

мен  жақындары  болуы  мүмкін.  Ал  басқа  аймақтан 

шақырылған  сарбаз  тәртіпті  қамтамасыз  ете  ала-

ды. Бүгінде армияда да коррупция кең қанат жайған. 

Қазір  әскерилерді  әскери  мүліктер  мен  техника-

ларды  сатып  алуды  ұйымдастырумен  байланысты 

мәселелерге  қатыстырмау  туралы  мәселе  қаралып 

жатыр.  Әскерилер  мен  құқық  қорғаушылар  өздерінің 

тікелей  істерімен  айналысуы  керек,  ал  шаруашылық 

мәселелерді,  мейлі,  мамандардың  тапсырысы  бой-

ынша  арнайы  үкіметтік  құрылымдар  шешсін.  Құқық 

қорғау органдарының имиджі нақты азамат пен поли-

ция, сот арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынас 

сипатына тәуелді, яғни ол осындай қатынастың жеке-

лей,  кейде  бұрыс  тәжірибесі  негізінде  қалыптасады. 

Айталық, адамға айдап кеткен автокөлігін тауып бер-

се, пікір — оң. Егер бұл мәселеге көңіл бөлінбесе, бол-

маса  полицейлер  өкілеттіліктерін  асыра  пайдаланса  

— имиджге дақ түседі. 

Құқық қорғау органдарының 

беделін әділдік көтереді

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің беделінің 

түсуі  ең  алдымен  олардың  кәсібилік  деңгейлерінің 

төмендеуіне  байланысты.  Осыдан  15  жылдай  бұрын 

ІІМ  құрамының  төрттен  үш  бөлігін  әскерде  қызмет 

еткен  адамдар  құраcа,  қазір  органдарға  адамды 

көшеден  қабылдауы  мүмкін,  оның  сотталмаған,  дені 

сау  болса  болғаны.  Меніңше,  полицияға  жастардың 

ең үздік өкілдерін қызметке алу керек. Бұл салада өз 

мамандығына берілген, нағыз патриот адамдар болуы 

қажет.  Жаңа  қылмыстық-процессуалдық  кодексте 

(ҚПК) тергеуге дейінгі тексеру алып тасталынды. Тер-

геуге дейінгі тексеруден бас тарту — бюрократиялық 

машақатты төмендетуге бағытталған. Тергеуге дейінгі 

өндірісте  жаппай  заңсыздыққа  жол  бермейтін  нақты 

тетік қажет. Мас жүргізушілер мен жол қозғалысы ере-

желерін  бұзғандарға  жазаны  күшейткен  дұрыс.  Бұл 

олардың  жауапкершілігін  арттырады.  Либерализм 

жақсылыққа әкелмейді.  Мен бастабында Қылмыстық-

атқару  жүйесі  комитетін  (ҚАЖК  —  КУИС)  ІІМ-ден 

Әділет  министрлігіне  беруге  қарсы  болғам.  Бірақ  ол 

кезде  «пенитенциарлық  жүйені  либеризациялауды» 

жақтаушылар  жеңген.  Нәтижесінде  колониялардағы 

жағдай  күрт  нашарлап,  жаппай  тәртіпсіздіктер  жиі-

леп,  әр  апта  сайын  айыпкерлердің  дене  мүшелерін 

зақымдау  фактілері  тіркеліп,  қылмыстың  алдын  алу 

мен ашудың бірыңғай жүйесі бұзылды. ҚАЖК-тің ІІМ-

ке  оралуымен  салыстырмалы  түрде  тәртіп  орнықты. 

Жүйені  адамгершіліктендіре  отырып,  реформаларды 

миға қонымды шекте жалғастырған абзал. Жаңа ҚПК 

авторлары  айыпталушыларға  сәлемдеме  беру  мен 

жүздесуді  қысқартуды  ұсынады,  меніңше,  бұл  дұрыс 

емес. Айыбын өтеушілердің жақсы мінез-құлыққа бет 

бұруына ынталандыруды неге шектеуге тиіспіз? Бізде 

айыбын  өтеушілердің  еңбегі  жеткілікті  пайдаланыл-

майды.  Олар  өнім  шығарса,  өздеріне  жұмсалатын 

мемлекет  шығынын  айтарлықтай  азайтып,  түрмеден 

босағаннан кейін қоғамда бейімделу жеңіл тиюі үшін 

аса қат мамандықтарды игере алар еді. 

Қылмыс неге 

азаймай отыр?

Рас, қазір елде қылмыс саны азаймай отыр. Мысалы, 

2013 жылы республикада қылмыстың өсуі 25,1 пайыз-

ды құрады. Дегенмен, бұл санды шынайы қылмыстың 

өсуімен  байланыстыруға  болмайды.  Президенттің 

талабына  сәйкес,  бүгінде  полиция  мен  прокурату-

ра  қылмысты  есептен  жасырып  қалу  фактілерімен 

күрес жүргізуде: қазір әрбір арыз тіркеледі. Тергеу мен 

сот  органдарының  істі  қосымша  тексеруге  қайтару 

мүмкіндігімен  байланысты  көпжылдық  тәжірибесі 

үкімдерге  ақтау  шығаруды  алып  тастауға  негіз  бол-

ды.  Тергеушінің  қателігі  заңсыз  жауапқа  тартылған 

адамды ақтаумен емес, жағдайды түзеу мүмкіндігімен 

аяқталды.  Көп  жағдайда  әлгі  жазықсызды  қамаудан 

«ың-шыңсыз»  босатып  жіберетін.  Жаңа  ҚПК  жобасы 

«қосымша  тексеру»  түсінігінің  өзін  жоққа  шығарады. 

Қазір соттар жазықсыздарды ақтауға міндетті. Соны-

мен  бірге  соттардың  сапасын  үкімдерді  ақтау  саны-

мен  бағалауға  болмайды.    Ақтаудың  жоғары  процесі 

қылмыстық  істердің  нашар  тексерілетінін  білдіреді. 

Бірде-бір айыпталушы өзін кінәлімін деп мойындамай-

ды. Осыған қатысты шетелдік тәжірибеде ақтау ұсақ 

бұзақылықтар үшін ғана шығарылады: Біздің жоғары 

лауазымды  шенеуніктерде  коррупциямен  күрес 

— бұл тек құқық қорғау органдарының ісі деген пікір 

қалыптасқан.  Ведомствоның  ішіндегі  бақылау  қайда, 

коррупцияға  қарсы  тұрып,  күресу  жөніндегі  жұмыс 

қайда? Өз басым бірінші басшы жаңа орынға келгенде 

«сенімді  қару  тасушыларын»  өзімен  бірге  ала  келе-

тін  бұрыннан  қалыптасқан  «басқарудың  командалық 

ұстанымына»  қарсымын.  Әрине,  басшының  бұрынғы 

жұмысында өзін көрсете білген жекелеген мамандар-

ды шақыруы кейде дұрыс та, бірақ бұл оған бұрынғы 

қызметкерлерді  жаппай  жұмыстан  қууға  құқық  бер-

мейді.  Коррупцияға  қарсы  күрес  мәселесінде  әзірше 

түбегейлі жақсару байқалмайды. Біздің ең басты мін-

детіміз  —  барлық  қоғам  өкілдерін  еліміздің  ұлттық 

қауіпсіздігіне  зор  қатер  төндіретін  осы  зұлымдықпен 

күреске шақыру болмақ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет