09
А
Й
МАҚТАР А
Й
НАСЫ
30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ
ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
ЖАСТАР КІМНЕН
ҮЛГІ АЛАДЫ?
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің
ХVII көшпелі отырысы 21-23 сәуір аралығында
Атырау қаласында өтті. Кеңес 2014 жылы бас-
ты назарды жастарды жұмысқа орналастыру
мәселелеріне аударды.
ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты
жөніндегі Кеңес еліміздің мемлекеттік жастар
саясаты қызметін жетілдіре беруде ауқымды
жұмыстар атқарып келеді. Қазіргі кезде Кеңес
құрамы 49 адамнан тұрады. Олар: мемле-
кеттік органдардың, республикалық жастар
мекемелерінің,
ғылыми,
шығармашылық
өнердің талантты тұлғалары мен бизнес,
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері.
Кеңес отырысы басқосуларына жастар мен
айтары бар тәлімгерлер шақырылды. Осын-
дай кездесу сәуірдің 21 жұлдызында қаладағы
Нұрсая ықшам ауданындағы АРЕС Petrotechnic
колледжінде ұйымдастырылды. Аталмыш кол-
ледж кәсіби техникалық білім берудің бірінші
аймақаралық орталығы, өткен жылдың наурыз
айында ашылған болатын. Еңселі білім ордасы
заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.
Оқытушылар — әлемдік деңгейдегі білімді
шетелдік мұғалімдер мен жергілікті мамандар.
Әзірге мұнда үш түрлі мамандыққа дайында-
уда: Мұнай-газ өндіру технологиясы; Бақылау
өлшем аспаптары және автоматтандыру
технологиясы; Кен орындарын игеру бойын-
ша мамандар. Оқу орны білім берудің жаңа
бағдарламасын жүзеге асыра отырып, біртін-
деп факультеттер санын 12 мамандыққа жет-
кізбек. Колледж түлектері Қазақстан дипло-
мын және халықаралық серіктес канадалық
Оңтүстік Альберта дипломын алып шығады.
Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Жатақханада
ауылдардан келген 480 студент орынмен, асха-
намен қамтылған.
Оқу ордасының кең кітапхана залына облыс
колледждері мен орта мектептерінің дарын-
ды жоғары сынып оқушылары жиналды. Та-
лапты жастармен кездесуге Білім және ғылым
министрінің орынбасары Балықбаев Тақир
Оспанұлы келді. Отырысқа Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университетінің
ректоры Мамраев Бейбіт, Атырау мұнай
және газ институтының ректоры Құлжанов
Дүйсенбек және бір топ қонақтар қатысты.
АPEC колледжінің директоры Салахов Рустам
құрметті меймандарды таныстырып, сөз берді.
Тақир Оспанұлы бұл кездесудің мақсаты ашық
әңгімелесіп, жастарды толғандырып жүрген
сұрақтарға жауап беру, болашағына бағдар
сілтеу екенін айтты. Назарбаев университе-
ті мен зияткерлік мектептердің іс-тәжірибесін
басқа оқу орындарына тарату, тереңдете
оқыту, колледждердің кәсіби техникалық білім
беру жүйесін әлемдік деңгейге көтеру, оқу про-
цесіне алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізу
жайы әңгімеленді. Маңызды бастамалармен
танысқан жастардың вице-министрге сауал-
дары бар екен. АРЕС колледжінің студенттері
Жасұлан Самиғоллаұлы, Сәттіғұл Мұратбек,
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ма-
хамедаева Мөлдір тағы басқа да жастар өздерін
толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Сұрақтардың дені диплом алғаннан кейін
тәжірибең жоқ деп кәсіпорындардың жұмысқа
алмайтындығы, жоғары оқу орындары грант-
тары, шәкіртақы көлемін көтеру, шетелде білім
алу жеңілдіктері жайында болды.
Білім және ғылым министрінің орынбасары-
мен ашық әңгімелесу жастарды ойландырды,
оның айтқандарын үлгі тұтты, «болашақта
еліме пайдалы азамат болуым үшін қазірден
бастап алдыма қандай мақсаттар қоям, соған
жетер жолда не істеуім керек?» деген сана-
лы парасат-пайым орнықты. Кездесуден соң
тарқап кетпей, топ-топ болып жиналып, өзара
көзқарастарын ортаға салып жатты...
ЖАҒДАЙ БАР,
ҰМТЫЛЫС КЕРЕК
Келесі күні қаладағы «Ренессанс» қонақүйінің
мәслихат залында Кеңестің пленарлық отыры-
сы басталды. ҚР Президенті жанындағы жастар
саясаты жөніндегі Кеңес төрағасы Әбдірахимов
Ғабидолла құттықтау сөзді Атырау облысы
әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке берді. Өңір
басшысы облыстағы жастардың хал-жағдайын
баяндайтын деректерден мысалдар келтір-
ді. Атырау облысында 158 000-дай жас бар.
Олардың 75 992-сі қалада болса, ауылдық
жерде 81 646 жас тұрады. Жастар саясатын
жүргізу жұмыстарына бөлінетін қаржы соңғы екі
жылда 10 миллионнан 1 млрд. теңгеге көбейді.
Жастарды тұрғын үймен қамту, денсаулығын
қорғау, білім беруде, қалаішілік көлікпен
жүруде жеңілдіктер жасалуда. Көптеген жастар
алыс-жақын шетелдердегі жоғары оқу орын-
дарында оқып жүр. Осы Кеңестен кейін жаңа
бағдарламалар қолға алынбақ.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынба-
сары Макен Бахтияр өз облысындағы жастар
саясатының жүзеге асырылуынан біршама
мәліметтер келтіре отырып, жұмыссыздықты
болдырмау бағытында ауылдық жерлер-
де жастарды кәсіпкерлікке баулудың жолға
қойылғанын, 92 жас адам өз ісін ашуға не-
сие алғанын айтты. Өткен жылы «Дипломмен
ауылға» бағдарламасы бойынша 528 маман
ауылдарға келіп, оларға тұрмыстық жағдай
жасалған. Облыста «Қолжетімді тұрғын үй-
2020» бағдарламасы бойынша 280 отбасы
жаңа пәтер кілтін алыпты. Жастарға жасалып
отырған игіліктің алдағы уақытта да демеушілігі
мол болмақ.
Маңғыстау облысынан келген әкімнің орын-
басары Нұрғалиева Халиланың баяндама-
сынан білгеніміз: облыста жастардың үлесі
28 пайыз екен. 2013 жылы 1 938 жас жұмысқа
орналасып, тұрмыстарын жақсартқан. «Ди-
пломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 462
жас маман ауылға барған. Биыл жастар ісін
өркендетуге облыстық бюджеттен 214 916 000
теңге қаржы бөлініп отыр. Облыста студент-
тер мен мүгедек жас адамдарға да жасалған
қамқорлықтар, жас отбасыларға жағдайлар
баршылық. Жатақханалар пайдалануға беріл-
ген.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс
Мұқан облыстағы жастардың 52 пайызы
ауылдық жерде екенін айта отырып, салыстыр-
малы деректер келтірді. Осыдан он жыл бұрын
облыста жастар арасындағы жұмыссыздық
17 пайыз болса, 2014 жылы 3,3 пайызға дейін
төмендеген. Облыста бос жұмыс орындары жет-
кілікті: мұғалімдер, дәрігерлер, құрылыс маман-
дары қажет. Жастарға арналған бағдарламалар
нәтижелі
жүзеге
асырылуда.
«Жастар
тәжірибесі» жобасына өткен жылы 1309 жас
қатыстырылып, 118-і жұмысқа қабылданды.
Ауылға аттанған дипломды 201 жас елді мекен-
дерде еңбекке араласты. Мүмкіндігі шектеулі
жастардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы
қоғам бақылауында. Еңбек жәрмеңкелері жолға
қойылған. Бірнеше жастар ұйымдары мен еңбек
биржасы құрылып, бос орындар мен жұмыс
берушілер ақпараттарын зерттеп, сараптайды.
Кәсіпкерлікке үйрету бағдарламасына орай
Орталықтар ашып, кеңестер беріледі. 2013
жылы 5800 жас маман жұмыстарға орнала-
сты. Аудандарда «Жастарға қызмет көрсету
орталықтары» ашылды.
Ақтөбе облысының жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқармасының басшы-
сы Есмағамбетова Дариға «өңірдегі тұрғын-
дардың 30 пайызы жастар еншісінде» деп
сөз бастап, жеті жоғары оқу орнында 25 187
студент оқитынын айтты. Жастар арасында
жұмыссыздық 2,9 пайыз. Өткен жылы ауылдық
жерлерге 452 маман жұмысқа орналасқан.
«Жасыл ел» Жалпыұлттық бастама еңбек мау-
сымына өткен жылы 4 610 сарбаз қатысып, оған
180 млн. теңге жұмсалған. «Жастар тәжірибесі»
жобасымен 623 жас жұмысқа қабылданған.
Кеңесте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау тете министрі Әбсәттаров Қайрат баян-
дама жасады. Еліміздегі жастардың жұмысқа
орналасуы
жағдайындағы
мәселелерге
тоқтала отырып, мектептердің тұлға тәрбиелеп
шығарудағы рөліне мән берді. «Жастар
болашақ мамандық таңдауда дәл шешім
қабылдай білуі керек, кәсіби бағдар, өзіндік се-
нім, жауапкершілікті сезіну, байсалды көзқарас
балғын шақтан бастау алып, рухани толысуына
дейін қалыптасқанда еліне, жеріне қызмет ете-
тін азамат тұлға өсіп шығады».
ОТЫРЫС
ОТЫРҒАНДАРДЫ
ОЙЛАНДЫРДЫ
Көп мәселе ортаға салынды. Мәңгілік елдің
жастары арқалайтын жүк жауапты да маңызды.
Сол буынды өсіріп шығару үлкен жауапкерші-
лік артып отырғанын сезінген көшбасшылар
мен тәлімгерлер ешнәрсені бүгіп қалмады.
Жастардың денсаулығы мен білімі, құқығы мен
қылмыс деңгейі, жұмысқа орналасуы мен от-
басын құруы, жастар саясатын қаржыландыру
мен билікке қатысуы — бәрі айтылды. Дамыған
елдердегі жастардың өмірінен де мысалдар
келтіріліп жатты. Негізгі түйін — масылдық
көзқарасты жою мен өз өміріне өзі жауап-
ты бола алатын жан-жақты жетілген, барлық
жағынан да табысты жас адамды тәрбиелеп
шығару. Сонда жастар өмірден өз орнын тауып
қана қоймай, елінің шынайы патриот азаматы
болады. Ал қазіргі басты мәселе — оларды
жұмысқа орналастыру жайы.
Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінде
республикада 14 пен 29 жас аралығындағы
жастар саны 4 376 148-ге жетіпті. Солардың
116,1 мыңы жұмыссыз. «Жастар» ғылыми-
зерттеу орталығының сауалнамасы бойынша
жастардың жұмысқа орналаса алмауының
басты себептері: жұмыс тәжірибесінің бол-
мауы, жалақының төмен болуы, диплом-
ды мамандардың бәсекеге төмен қабілеттігі
және тұрғылық жерінде жұмыс орындарының
жоқтығы. «Осы мәселелердің қиюын келтіруде
не істеуге болады?» деген сауал төңірегінде
пікірталас біраз ұсыныстарды өмірге әкелді.
Олардың бәрі Кеңестің биылғы жұмыстарында
қаралатын болады.
Осы отырыс аясында барлық жинал-
ғандардың
қатысуымен
«Жасыл
Ел»
Жалпыұлттық бастамасының Х мерейтойлық
еңбек
науқанына
старт
берілді.
Ол
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекет-
тік университетінің «Жайық» спорт кешенін-
де салтанатты жағдайда басталды. Қаланың
саябақтарына көшеттер отырғызылды.
ЖАСТАР ТАҒДЫРЫ —
ЕЛ ТАҒДЫРЫ
Үш күн бойы Атырау өлкесі жастық жалын-
мен алаулап, ел болашағы тағдырын ойлаған
жандарды мінберге көтерді. Кеңес мүшелері
оқу орындары мен кәсіпорындарда, ауыл-
селоларда жастармен кездесті. Облыстық
басқармалардың, департаменттердің бас-
шыларының, қалалар мен аудан әкімдері
орынбасарларының, ресурстық орталықтардың
басшыларының, Атырау, Ақтөбе, Батыс
Қазақстан, Маңғыстау облыстарының жас-
тар ұйымдары көшбасшыларының, үкіметтік
емес ұйымдар мен саяси партия өкілдерінің
қатысуымен екі күндік семинар өтті. Айтылған
мақсатты ойлар әр қатысушыны бей-жай
қалдырмағаны анық. Жастар тағдыры ел
тағдыры екенін ойласақ, шоғырланған өзекті
мәселелердің жеткілікті екенін күнделікті өмірден
көріп те келеміз. Халқымызда «Жақсы сөзге
жан сүйінеді» деген мақал бар. Сондықтан көп
болып, ол проблемалардың әлеуметтік себебін
тауып, шешімін алуды жүзеге асырған жөн-ау.
Айтылған ойлардың қорытындысы осынысы-
мен де құнды болмақ.
Светлана Муньянова
Кәсіпкерлікке кең өріс ашылғанда Бестамақ селолық округінің
әкімі Тағыберген Исенов: «Аға, наубайхана ашыңызшы, халыққа нан
керек», — демесі бар ма? Жаңа ұсыныс Байғананың жанына жағып
кетті де ол бірден келісімін берді. Егер қу бейнетке тап болатынын
білгенде, бұған келіспес те еді. — 2020 бағдарламасы бойынша бі-
рінші наубайхана болғанда жұмысшыларға 600 мың теңге төледім.
Ауданның сол кездегі басшылары: «Біз жерді қате бердік, наубай-
хананы бұзу қажет», — деді де, бұзғызып тастады. Наубайхананы
өзіміз қайта салып береміз деп уәдені үйіп-төкті. Алты да сегіз қылып
жарын көреді де, үдерім жоқ болып кетті. Қалғанын өзім жасадым.
Төрт айда екі наубайхананы салдым. 2013 жылдың қазан айының
аяғында түгел бітірдім. Шағын кәсіпкерлікке инфрақұрылым бойынша
Үкіметтен 3 млн. теңге бөлінді. Соны кіргізу керек дедім, бірақ олар
көгілдір отынды да, жарықты да, суды да кіргізуге асыққан жоқ. Осы
аталғандарды 2013 жылдың 27 желтоқсанында бастап, 2014 жылдың
5 қаңтарында бітірді. Наурыз айының 18-де көгілдір отынды қосты.
Жыл жарым уақытым босқа кетті. Осы уақытта қарызға белшемнен
баттым. Құда-жекжаттардан, туысқандардан, анамнан, «Каспий банк-
тен» 670 мың теңге қарыз алдым. Үйімді, машина мен малымды ке-
пілдікке салуға тура келді. Билік өкілдерінің қысастығынан бір жарым
жыл бойы кәсібімді бастай алмай, бейнет көрудемін. Құрылысқа кет-
кен шығынды кім төлейді? Жер актісін берерде әкімсымақтар қандай
ойда болды екен? Адам тағдыры ойыншыққа айналғаны ма? Жүйкем
жұқарды, ауру болдым. Шегіне жетіп тұрған секілдімін. «Нұр Отан»
партиясының мүшесімін, ондағылар да көмектесе алмай отыр, —
дейді Байғана Рысмағамбетов әбден шарасыз күйде.
Өмірдерек: Рысмағамбетов Байғана Қазиханұлы 1957 жылы
дүние есігін ашқан. Отыз екі жыл мал дәрігері болып еңбек етті. 2004
жылы Бестамаққа келіп қоныс тепті. Жары Гүлсім екеуі үш қыз, екі
ұлды дүниеге әкелді.
Ас атасы — нан. Қорек көзі болғандықтан, адамдардың көпшілігі
оны тұрақты түрде тұтынады. Ал Бестамақ ауылында бес мыңға
жуық халық тұрады. «Қаладан жеткізілген «Рамазан» комбинатының
өнімдері кейде сапасыз болып келеді», — дейді ауыл тұрғыны Айбек
Тәжікенов. Оның сөзін жалғаған ауыл ақсақалы Таквадин Мұқашев:
«Тұрған жеріңде адамша тұрғың келеді. Бізде мәдениет үйі, кітапхана
атымен жоқ. Көңіл көтергісі келетін жастарға қиын. Кейде бос уақытта
кітап, газет оқығың келеді. Ең болмаса өз кәсібін ашып, дөңгелеткісі
келетіндерге неге тосқауыл қойылады? Әлде әкімдер «қазаншының
еркі бар, қайдан құлақ шығарса» дегенді желеу еткісі келе ме, әйтеуір
Байғанаға обал жасады. Оның көрмеген қорлығы қалмады. Ақыры
ол қант диабеті ауруына шалдықты. Мына салынған «Байғана» на-
убайханасы қазіргі талапқа сай, өте әдемі жасалған, өз көзіңмен
көр», — деді налып. Мен жұпыны салынған наубайханаға имене
кірдім. Имене кірген себебім, оны мен емес, әуелі аудан әкімі Асқар
Шериязданов мырза көруі қажет еді. Бірақ билік тұтқасын жаңадан
ұстаған шенеунік ел игілігі үшін салынып жатқан кәсіпкер Байғана
Рысмағамбетовтың наубайханасын көрмек түгілі, Бестамақ селолық
округіне ат басын бұрмаған екен. Осы оймен наубайхана есігін аштым.
Әркез бойынан кісілік келбеті сезіліп тұратын Байғана Қазиханұлы
бірден 2 миллион 800 мың теңге тұратын нан пісіретін автоматты газ
пешін көрсетті. Наубайхананы тұрғызуға 5 миллион 500 мың теңге
жұмсалыпты. Осы кезге дейін аудан басшылары бұдан жағдайың
қалай деп сұрамапты. Сонда кәсіпкерге кім қол ұшын береді?
— Мен Елбасының сөзіне имандай сендім. Облыс әкімінде, оның
орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібековтің қабылдауында болдым. Бі-
реуінен қайыр болмады. Аудан басшыларының «наубайхана салсаң,
өзің үшін саласың, бізге көк тиынға қажеті жоқ деген сөзі шымбайы-
ма қатты батты. Бұлар қалай елді басқара алады? Әрі жаз кезінде
тендер жариялау керек еді. Ауданның бұрынғы әкімі Айбек Сағиев
ауданды тұралатып кетті, соның кесірі маған тиді. Аудан әкімшілігіне
өтінішіммен барғанда, ондағылар мені полициямен қудаламақшы
болды. Алайда тәртіп сақшыларына жағдайымды, өз кәсібімді ашу
үшін келгенімді қазақтың жалпақ тілімен баяндап бердім, олар
түсінді, заңды жақсы білсе керек, үнсіз кетіп қалды. Енді нан пісірейін
десем, көк тиын ақшам жоқ. Ұн, шекер, ашытқы алу үшін кемінде
400-500 мыңдай ақша керек. Оны маған кім береді? Осының бәрі
маған әдейі жасалған қастандық па деп ойлаймын. Құрылысқа кет-
кен шығынды кім төлейді?
Нағымжан Алдияров, Алға ауданы әкімінің орынбасары:
— Өндірісті өрге сүйреу, ауыл шаруашылығына қолдау жа-
сау, тұрғындарды жұмыспен қамту — халықтың тұрмыс-тіршілігін
көтерудің ең тиімді де төте жолы. Президенттің жыл сайынғы Жол-
дауында шағын бизнесті қолдау керектігін айтып, тиісті міндеттер
мен тапсырмалар жүктегені белгілі. «Бизнестің жол картасы-2020»
бағдарламасы жүзеге асырылып, ауданда өз кәсібін ашамын де-
ген жандарға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Жалпы
Алға ауданында 40 мың халық бар, оның жартысына жуығы Алға
қаласында тұрады. Заманның қиын кезінде шетелдерге өнім беріп
тұрған Алға химия зауыты, Ақтөбе өңірін жұмыртқамен, құс етімен
қамтып отырған Алға құс фабрикасы тоқырауға ұшырады. Заман
өзгерді екен деп халық Алғаны тастап кеткен жоқ. Өз күнін көріп,
шаруасын дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Алға қаласының өзінде
бірнеше жан жеке дүкен, машина жөндеу орнын, шайхана ашты.
Олардың қатары көбейіп келеді. Ауданда 1400 кәсіпкер бар. 2013
жылы 20 адам өз кәсібін ашты. Елді мекенге тұщы су жеткізу 80
пайызға орындалды. Былтырдың өзінде Ақай, Болгарка, Нариман
ауылдарына тұщы су тартылды. «Нұрбұлақ» ауылына көгілдір отын
жеткізілді. Жылына 4-5 ауылдық жерге көгілдір отынмен қатар, тұщы
су жеткізіледі. Биыл 5 ауылға көгілдір отын, 1 ауылға ауызсу тарту
жоспарлануда. Тек Алғаның өзінде 3 наубайхана жұмыс істейді.
Кәсіпкерлікпен айналысамын дегендерге шағын несие, жер беріледі.
Бұған қоса өз бизнесін ашамын деген ірі кәсіпкерлерді мұнда құшақ
жая қарсы алады. Бестамақ ауылындағы Байғана Рысмағамбетовке
алғашқы берілген жер үлкен трассаға жақын орналасқан болып
шығады. Сондықтан оны бұзу қажеттігі туындаған. Алайда нақ сол
тұстан жер беріп, әкімшілік тарапынан құрылысты салып берген. На-
убайхана ашарда суы, жарығы, көгілдір отын қосу жүргізілген. Тендер
кезінде оның құжаттары дайын болмай қалған. Аудан басшылығы
тарапынан оған жұмысты бастау үшін ұн, 50 мың теңге қосымша
қаражат берілген. Осылайша, аудандық әкімшіліктегілер одан
көмектерін аямай жатқандарын айтады. Кәсіпкер наурыз айының
басында 200 мың теңге шағын несие алыпты. Билік басындағылар
кәсіпкер боламын деушілерге қолдау-көмектерін жасаумен бірге,
олардың да ұмтылыс жасауы тиістігін айтады. Ең бастысы өзіне се-
нуі керек дейді олар.
Жетпісбай Жанахметов
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов (бұрынғы
Луговой) ауданы, Тереңөзек ауылының тума-
сы
Еркін Жайлаубековты балалық және мектеп
қабырғасында білім алған шағы 50-жылдардың
тұсында, яғни халықтың әлеуметтік тұрмысы енді
ғана көтеріле бастаған кезінде өтті. 1959 жылы орта
мектепті үздік аяқтаған ол, еш жаққа бұрылмастан,
Жамбыл атындағы ұжымшардың трактор бригадасы
мүшелігіне қабылданып, ДТ-54 тракторына отырды.
Мектеп қабырғасында машинатану пәнінен алған бі-
лімін терең меңгергендіктен, тракторшы мамандығын
санаулы уақытта игеріп, шаруашылықтың науқан
жұмыстарына белсене араласты. Атқарған еңбектері
үшін басқарма тарапынан алған бірнеше марапаттау
қағаздары мен ақшалай, заттай бағалы сыйлықтары
жетерлік. Ол кезде жоғары оқу орындарына түсу үшін
талапкер өндірісте екі жыл еңбек етіп, сонда ғана
жеңілдікпен қабылданатын. 1961 жылы алдына қойған
мақсатын орындау үшін Ресейдің Горький (қазіргі
Нижий Новгород) қаласындағы политехникалық
институтының автомобиль жолдарын пайдалану факультетіне
құжаттарын тапсырады. Қабылдау емтихандарынан сүрінбей өтіп, бі-
лімгер атанды. 1966 жылы жоғары техникалық оқу орнында білім алған
қарадомалақ ауыл баласы алғашқы еңбек жолын Алматы автомобиль
жолдары ғылыми-зерттеу институтының қызметкері болып бастап, одан
соң Мәскеудегі Бүкілодақтық автомобиль жолдары Академиясының
аспирантурасын аяқтап, 1970 жылы техника ғылымдарының кандида-
ты атағын алды. Білімі мен білігі мол жігерлі жас көп ұзамай қызмет
баспалдағымен көтеріле берді. Он алты жыл Республикалық автокөлік
транспортын жөндеу бірлестігінің бас инженері, Қазақстан бас ин-
женері, Қазақстан Республикасы автокөлік транспорты министрінің
бірінші орынбасары қызметтерін мінсіз атқарды. 1992-98 жылдары
Қазақстанда мемлекеттік холдинг «Желдірме» компаниясы құрылып,
тікелей Еркіннің басшылығымен алғаш рет «ЛИАЗ-5256,» «ПАЗ-3205»
автобустары, «ЗИУ-682» троллейбусы және жүк таситын «Газель» авто-
мобилдері Алматы, Шымкент қалаларында жаңа түрде құрастырылып,
өндіріске берілді. 1997 жылы ол халықаралық
көлік Академиясының корреспондент мүшесі,
2000 жылы Ресей көлік Академиясының акаде-
мигі болып сайланған. 2006-2009 жылдары жеті
ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты, жүзден
астам ғылыми еңбектер, монография жазып,
жаңалықтар ашты. «КСРО-ның өнертапқышы»
және Қазақстан Республикасының «Құрметті ав-
тотранспорт қызметкері» атақтарының иегері
Ерекең зиялылардың отбасында өсіп, есейген.
Бес ата Бектеміс елінің бір ұрпағынан тарай-
тын әкесі Әлмағанбет — математик, көп жылдар
бойы мектеп директоры қызметін атқарса, анасы
Күләнда апай да химия пәнінен дәріс берген ұстаз
еді. Өмірлік жары Нұргүлсім Қазақ-Американ
университетінің жанындағы Алматы байланыс
коллежінде ұстаздық қызмет атқарған. Ұлдарының
тұнғышы Асқар — банк қызметкері, Асхаты АҚШ-
тың Лос-Анжелес қаласындағы Оңтүстік Калифор-
ния университетінде ғылым докторы. Еліне еңбегі
сіңген жерлесіміз Ресей көлік Академиясының академигі, Қазақ көлік
және коммуникация академиясының профессоры Еркін Әлмағанбетұлы
Жайлаубеков қазір Алматы қаласында тұрады. Өзінің кіндік қаны та-
мып, туып-өскен алтын бесігі — Тереңөзек ауылында соңғы жылдары
әр отбасына ауызсу, табиғи газ жүйелері тартылды. Мектеп, ауылдық
клубтар, балабақша ғимараттары жөнделіп, дәрігерлік амбулатория,
мешіт үйі, ардагерлер аллеясы, тойхана халық игілігіне пайдалануға
берілді. «Осындай игі істерді көріп, көңілім толды», — дейді ол ауылға
келген сапарында. Ақыртөбе орта мектебінде бір сыныпта білім алған,
бұл күнде құрметті еңбек демалысындағы жігіт ағалары — Досболов
Амангелді, Муслимов Балтабай, Мейманхулов Айтым және осы мақала
жолдарының авторы академик жерлесімізді әрқашан мақтан етеміз.
Достарыңызбен бөлісу: