23
30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ
ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
ШЕМПИОН
ҒАЛАМТОРДАҒЫ МЕКЕНІМІЗ:
www.kazakhstanzaman.kz
E-mail:
kazakistanzaman@mail.ru
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ, ТАНЫМДЫҚ
ГАЗЕТ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ ЖӘНЕ МЕНШІК ИЕСІ:
“ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN” ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ
СЕРКАН ХАСТҮРК
БАС ДИРЕКТОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ
СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ
БАС РЕДАКТОРЫ
ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
ИНДЕКС: 65977
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 050000,
Алматы қаласы, Наурызбай батыр, 31,
Гоголь көшесінің қиылысы.
Тел.: 279-80-22, 279-94-99
факс: 279-80-77
Астана қаласындағы тілшілер: тел./факс: 8 (7172) 50-24-45;
№29 бөлме, Журналистер үйі.
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнде тiркелiп,
№ 9429-Г куәлiгi 01.08.2008 ж. берiлген. Газет бетiнде жарияланған материалдардың көзқарасы мен
фактiлердiң нақтылығы үшiн редакция жауап бермейдi. Қолжазба авторға қайтарылмайды. Жарнама мен
хабарландырулардың мазмұны мен мәтiнiне жарнама берушi жауапты. “Қазақстан-ZAMAN” газетiнiң
компьютер орталығында терiлiп, беттелдi. Газет аптасына бiр рет — бейсенбі күндерi шығады. Газет
материалдарын көшiрiп басу үшiн мiндеттi түрде редакцияның рұқсаты қажет. Суреттердiң сапасына
редакция жауап бередi. Газет ЖШС “Гамма-Принт” баспасында басылған. МЕКЕНЖАЙЫ: 050061,
Алматы қаласы, Райымбек батыр даңғылы, 369. ТАРАЛЫМЫ: 12 000. Газетіміздің электрондық нұсқасы
www.kazakhstanzaman.kz апталық тиражы: 8335. ТАПСЫРЫС №532
Бас рeдактордың бірінші орынбасары: ЖАНБАҚЫТ БОРАНТАЕВ
Бас редактордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары:
КЕМЕЛБЕК ОЙШЫБАЕВ
Жауапты хатшы: БАУЫРЖАН КАРИПОВ
Кезекші редактор: НҰРГҮЛ
ЖАМБЫЛҚЫЗЫ
Қамшыбасар-тұжырым: ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
Әлeуметтік сын: ЖАНБАҚЫТ БОРАНТАЕВ; Тел.: +77013623807
Экономика, спорт, туризм: ЕРМЕК
САХАРИЕВ
Саясат, тарих: ҚҰРМАНҒАЛИ НҰРҒАЛИЕВ
Түркі дүниeсі, жастар мәселeсі, дін: МИРАС КЕСЕБАЕВ
Демография, экология, денсаулық: АРАЙ САХАРИЕВА
Мәдениет-өнeр: БАУЫРЖАН КАРИПОВ
Отбасы, әдебиет, тіл, тарих: НҰРГҮЛ ЖАМБЫЛҚЫЗЫ
Фототілші: ЕЛНАР БЕЙМІШ
Корректор: ГҮЛФИЯ ЕЛЕМЕСОВА
Беттeуші: ГҮЛШАТ АБУОВА
Терімші-хатшы: ДАНА КЕРІМБЕКОВА
Маркетинг бөлімінің менеджері:
ҚАНАТ ЕСЖАНОВ; Тел.: +77051369856
Халықпен байланыс және жарнама бөлімінің директоры:
АРИФ ЭМРАХ ШЕЙХАН
Меншікті тілшілeрдің бастығы: СӘУЛЕ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ
МЕНШІКТІ ТІЛШІЛEР:
АСТАНА:
Тілшілeр қосыны бастығының орынбасары:
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК, Тел.: +77023148143
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: ДАХАН ШӨКШИР; Тел.: +77014509057
АЛМАТЫ: НҰРИЛА БЕКТЕМІРОВА; Тел.: +77017258534
АҚТӨБЕ: ЖЕТПІСБАЙ ЖАНАХМЕТОВ; Тел.: +77029570870
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ: ЖҰЛДЫЗ ТОЙБЕК; Тел.: +77013329834
ҚЫЗЫЛОРДА: БЕЙБІТ БҮРКІТБАЙҰЛЫ;
Тел.: +7 (7242) 225695, +77771863040
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: ШАДИЯР
МОЛДАБЕК; Тел.: +7705 987 77 99
ЖАМБЫЛ: БОЛАТ МӘУЛЕН; Тел.: +77711586161
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН: НҰРСАЙЫН ШӘРІП; Тел.:+77779623740
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ: СВЕТЛАНА МУНЬЯНОВА;
Тел.: +77015184682, +77713422208
ҚОСТАНАЙ: ҚЫДЫРБЕК ҚИЫСҚАН; Тел.: +77751365757
МАҢҒЫСТАУ: ДАНИЯР АРАЛБАЙҰЛЫ; Тел.: +77021026101
ПАВЛОДАР: ЖАРҚЫН АМАНТАЙ; Тел.: +77076093897
Көкпар – түркі
жұртының
ұлттық спорты
Жақында Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық
спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен
«Ұлттық ат спорты ойындарының теориялық және
методикалық мәні» атты ғылыми-методикалық семинар-
мәжіліс өтті.
Онда «Ұлттық спорт ойындарының мәдениетін көтеру» мәселесі
жан-жақты талқыланып, ұстаздар мен мамандар баяндамалар
жасап, өз ойларын ортаға салды. Семинар барысында ең басты
мәселенің бірі ретінде жамбы атудың үш сызбасы ұсынылды. Олар:
жамбыны жерде тұрып, аттың үстінде тұрып, шауып келе жатып ату.
Сондай-ақ, көкпар жайы да кеңінен сөз болды. Көкпар – бағзы за-
мандардан бері қазақ ұлтымен бірге жасасып келе жатқан, аса та-
нымал ат ойындарының бірі. Ол тек Қазақстан ғана емес, Орта Азия
халықтарына да кеңінен тараған. Қазақстанда бұл ойын ресми түрде
2001 жылдан бері республикалық біріншілік ретінде өтіп келеді.
Одан басқа жер-жерлерде жылына 300-ге жуық атаулы жарыстар
өтіп тұрады. Ресми статистика бойынша, Қазақстанның көп жерле-
рінде жоғары оқу орындарында спорттық дене шынықтыру сала-
сында ұлттық ойын түрлерін, әсіресе ат спортын дамыту мәселесі
қолға алынуда. Студенттердің, жастардың дене тәрбиесін дамыту
жұмысында ұлттық ойын түрлерін, әдіс-тәсілдерін кіргізу жұмысының
үлкен мәні бар. Ол жігіттерді тек ептілікке, шапшаңдыққа, күштілікке
баулып қана қоймай, сонымен бірге командада бірлесе әрекет ету,
ат баптау, оны түсіну сияқты сайыскер шабандозға қажет көптеген
ұлттық таным мәселелерінен хабардар етеді. Бүгінде елімізде
құрамына жүздеген маман кіретін «Ұлттық ат спорты түрлері» фе-
дерациясы жұмыс жасап жатыр. 2013 жылы құрамына Қазақстан,
Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Польша сияқты 10 мемле-
кет кіретін халықаралық «Көкпар» федерациясы құрылды. Мұндай
халықаралық дәрежедегі ірі шара, яғни көкпардан Азия біріншілігі
келер жылы Түркия мемлекетінде ұйымдастырылмақ. Мұны Мәжіліс
барысында Қауымдастықтың төрағасы Бекболат Қанайұлы Тілеу-
хан хабарлады. Бұл – ортақ мұраға ден қойған қазіргі ұрпақтың
ірі жетістіктерінің бірі деп бағалаған жөн. Ежелден ат жалында
өскен бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған бірнеше
спорттық ат спорты ойындары бар. Олардың бастылары: бәйге/ ат-
чабыш (қазақ, қырғыз, түркімен, өзбек), қыз-қуу/кыз-кумай, қыз жа-
рысы/кыз-жарыш (қазақ, қырғыз), низаки-нетум (түркімен), теңге ілу
(қазақ, әзірбайжан, өзбек, еңкейме), папах-оюну (әзірбайжан) және
т.б. Соның бірі қазіргі таңда Еуропа мен Азияның назарына ілініп,
жаңа биікке көтеріліп келе жатқан – көкпар ойыны. Оны қазақтар
«көкпар», өзбектер «улақ», қырғыздар «лақ», тәжіктер «бузкаши»,
ауғандар «бузавиш», мажарлар «көкбөрі», қытайлар «Дауян» неме-
се дауян дүй-көкпар деп атайды. Дауян топтық ойын деген мағынаны
білдіреді. Көкпар өтетін алаңды ипподром, Тұлпарсаз, Ат шабатын
бәйге орны, Ат майданы, Ат шабар немесе ат шабыс, ал қытайша
«Сайма шаң» деп атайды.
Ерғали Мұхиддинов, ҚазСТА ұлттық спорт түрлері
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., профессор, ҚР-ға
еңбегі сіңген жаттықтырушы.
Кендебай Әбіш, ҚазСТА ұлттық спорт түрлері
кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к., ҚР спорт шебері.
Жуықта оңтүстік астанамызда Кекушинкай каратэ-до спор-
тынан Алматы қаласындағы Қазақтың Спорт және туризм
академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған жастар
арасындағы Қазақстан біріншілігі болып өтті. Кекушинкай
(жапон тілінде «жоғары ақиқат қоғамы» дегенді білдіреді)
каратэнің ең қиын әрі қатал түрлерінің біріне жатады. Соған
қарамастан, ол — өте қызықты спорт түрі. Спорттық жекпе-
жектер (кумитэ) қорғаныс киімдерінсіз (шлем, қолғап, про-
тектор) шынайы сайыс (толық контакт) түрінде өтеді. Онда
жалғыз ғана шектеу — басқа соққы жасамау. Сайыстар қолмен
де, аяқпен де қатты соққылар жасау арқылы өтетіндіктен,
жарыстар көп көрермендерді жинайды. Қазақтың Спорт
және туризм академиясы аталған жекпе-жек түрі бойынша
жаттықтырушылар мен спортшыларды дайындайды. Осы
жолы да додалы бәсекеге республиканың 13 облысы мен
Астана, Алматы қалаларының, сондай-ақ көрші қырғыз елінің
150-ден астам белді файтерлері қатысты. Жарыс жекелей
есепте өтті. Қазылар алқасының құрамына ҚазСТА-ның сту-
денттері мен бұрынғы түлектері кірді. Бас төреші — М.А.Жол-
дасов, хдсш, қара белдік, 5-і дан; Бас хатшы — Ж.К.Сәменов,
қара белдік, 3-і дан; Атқару комитетінің төрағасы — Ерғали
Мұхиддинов, п.ғ.к., профессор, ҚР-дың еңбек сіңірген
жаттықтырушысы, Қазақстан күрес федерациясының тұңғыш
Президенті; Атқарушы комитет — Т.М.Ахмадиев, доцент, қара
белдік, 3-і дан; Ж.Ж.Малшиев — спорт шебері, қара белдік,
1-і дан. Төрешілер: А.Дүйсенбай, Қ.Жақатаев, Қ.Тоқтыбаев,
С.Тұрғанбаев, Б.Смағұлов, Қ.Сәрсенбаев.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша төмендегі
файтерлер жарыс жеңімпазы атанды. Ерлер арасында:
Мұрат Садықов (абсолютті салмақта); Ә.Жеткерген (75 келі,
3-орын); М.Мұқажанов (2-орын, 70 келі). Қыздар арасында:
Әйгерім Айшуақова (абсолютті салмақ).
Күрес:
Олжа мәз
емес
Күрес түрлерінен Астана-
да өтіп жатқан Азия бірінші-
лігінде жарыстың алғашқы
күні еркін күрестен 57 келіде
сынға түскен жерлесіміз
Расул Калиев Азия чемпионы
атанды. Ол алдымен тәжік
балуанын, жартылай финал-
да Самат Надыпбекұлын
жеңсе, ақтық финалда
моңғол балуаны Дамдинба-
зар Цонгбатардан басым
түсті.
86 келіде Аслан Кахидзе ширек фи-
налда Ким Гуаникті, жартылай финал-
да моңғолиялық Оргодал Уитуменді
ұтқанмен, финалда ирандық Мейсам
Жоукарға жол беріп, күміс медальмен
қанағаттанды. Лондонда тамаша өнер
көрсетіп, спортсүйер қауымды қуантқан
Ақжүрек Таңатаровтан (65 келі) жүлде
күткенбіз, бірақ ол үмітіміз ақталмады.
Балуанымыз алғашқы белдесуінде-ақ
жапон балуанына жол беріп, жүлдеден
құр қалды. 125 келіде ел намысын
қорғаған Дәулет Шабанбай ширек фи-
налда Курбан Курбановты ұтқанымен,
жартылай финалда болашақ сары
құрлық чемпионы ирандық Гасеми
Камилден жеңілді. Ал Дәулет қолаға
таласта кәріс және қырғыз балуан-
дарын ұтып, қоржынға қола салды.
Дәурен Жұмағазиев ширек финалда
ирандық, кейін осы құрлықтық доданың
чемпионы болған Мохаммади Сеид
Ахмедтен ұтылды. Кейін жұбаныш
кездесуде
үндістандық
Ражнееш-
ты жеңгенімен, қолаға таласар тұста
моңғолиялық Батшулун Батмангнайға
есе жіберіп, жүлдесіз қалды. 58 ке-
ліде әйелдер күресінен сынға тұскен
Айжан Исмағұлова бірінші айналымда
үндістандықтан ұтылып, жарысты ерте
аяқтады. Есесіне қазақ жұртының келіні
— Татьяна Аманжол (қыз кезіндегі тегі
— Бакатюк) жартылай финалда жапон
балуаны Анна Ивуамерені, ал финалда
моңғол Нарангерел Эрденесухты ұтып,
алтыннан алқа тақты. Татьяна осы-
мен үшінші рет Азия чемпионы атанды.
Жанкүйер қауым зор үміт күткен 61 келі-
де күресетін Дәулет Ниязымбетов жар-
тылай финалда ирандық Масоуд Ис-
маилпоурден ұтылып, қолаға таласқан
жұбаныш белдесуінде қырғыз Базар
Базаргуриевтен басым түсті. Иран ба-
луаны сары құрлық чемпионы атанды.
Еркін күрес қорытындысы бойын-
ша Қазақстан 51 ұпаймен Иран (70),
Моңғолия (63) құрамаларынан кей-
інгі жүлделі үшінші орынға жайғасты.
ТМД елдерінен Өзбекстан — төртінші
(41), Қырғызстан — алтыншы (37),
Түркіменстан — он бесінші (4).
ОҚЫРМАН ҚАПЕРІНЕ
Қажымұқан ұрпақтары
Дүниенің төрт бұрышына мәшһүр болып балуандығымен танылған белгілі
Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ұрпақтары жайлы дерек, сөз жоқ,
қалың көпшілік қызығушылығын туғызады. Осы жайлы кезінде Шәмші Ниязин
деген азамат көп зерттеу жүргізіп, нақты деректер жинаған екен. Cол автордың
жинаған деректеріне жүгінсек, әу баста Мұңайтпас атамыздан тараған үш
бала болыпты. Асан, Үсен деген екі бала төрт-бес жастар шамасында қызыл
шешектен шетінеп кетіп, Кабира анамызды Айсары (Ернақтың әйелі) әжеміз,
әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып әруақты жерлерге түнетіп жүріп,
дүниеге Мұқан атты ұл келіпті. Мұқан жеті жасқа келгенше ана сүтін еміп өсіпті
деген әңгіме бар. Әсіресе бес-алты жасқа жеткенше ана сүтіне қанағаттанбай
сүт іздей бергесін, Исабек деген нағашысы сүтті екі ешкі әкеп берсе керек.
Қажекең ер жетіп, өзіне-өзі келгенше кедейлік көріп, жалшылықпен жалданып,
үй ішін асырайды. Тәңірі берген қара күштің арқасында ауқатты жандарға
жалданып нәпақасын тауып күнін көріп жүргенде, орыс палуаны жолдау ха-
тын алып Петерборға барып, сондағы дядя Лебедев атты спорт мектебіне
түсіп, сонда күрестің әдіс-тәсілін меңгеріп, кейінірек орыс палуандарына еріп
дүниенің төрт бұрышына барып өнер көрсетіп, жалпақ жұртқа таныла бастай-
ды. Қажекең өз ғұмырында бес әйелге үйленген екен. Кешегі Кеңес дәуірінде
соғыстан соң көп әйел алған деген айып тағылып, Қажекең солақай саясаттың
таяғын көп жейді. Қажекеңді көзі көргендердің айтуынша, өмірінің соңғы екі-үш
жылында мемлекеттен алатын зейнетақысы мен жоғарыдан беріліп тұратын
арнайы тапсырыстағы (мата, қант-шай секілді) нәрселерден қағылып қалған
екен. Енді сол Қажекеңнің бес әйелінен тараған бүгінгі ұрпақтарына келсек.
1.Батима анадан Халиолла туылады.
Халиолладан: 1.Шабдан. (баласы – Жұмахан) 2. Жанайдар. 3. Әлке.
4.Құлымбет.
Бұл балалары Ресейдің Омск облысындағы Варшава ауданына қарасты
Редькое деген селоның Қыпшақтар ауылында тұрады.
2. Ырыстыдан: 1.Рашида. 2.Әсия. 3. Азия.
Бұлар Қызылорда облысының Шиелі деген жерінде тұрады.
Азиядан: Бақытбек, Тұрлыбек деген екі бала бар.
З. Хадишадан Мұхтар деген ұл бар дейді. Кезінде Мәскеудің госциркінде
ойын көрсеткен екен. Елдегі әкесінің туыстарына бір келіп кеткен дегенді де
естідік.
4. Мінәйдан: Айдархан туылады. Ал Айдарханның:
1. Нұрлан. 2. Шаттық. 3. Арман деген балалары бар.
(Бұл жерде ескерте кететін бір жәйт мынау: Қажекең ағайыны Ескермес
дүниеден өткен соң, қазақы салт-дәстүрдің үрдісімен әмеңгерлікпен жесір
қалған Мінәйға үйленеді)
5. Бибіжаннан Жанәбіл туылады.
Жанәбілдің: 1. Бақытжан. 2. Еркебұлан. 3. Жанар. 4. Айжан атты ұл-қыздары
бар.
Біз білетін Қажекеңнің ұрпақтары, міне, осылар. Бұл күндері Шілік пен Те-
мірланда Қажекеңнен тараған жиырмаға жуық түтін бар.
Спорттық гимнастика:
Алғашқы жеңіс
Қазақстандық қыздар ересектер арасындағы әлем кубогының кезеңінде бұрын-
соңды жүлде алып көрмеген-ді. Сол олқылықтың орнын Словенияның Любляна
қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде қарағандылық Ека-
терина Чуйкина толтырып, еркін жаттығу бойынша қола жүлдеге қол жеткізіп, үздік
үштікке енді. Тағы бір гимнасшымыз Жанерке Дүйсек бөренедегі жаттығу бойынша
финалға шығып, жетінші орынмен қанағаттанды. Дүйсек іріктеу сынында 12,750 ұпай
алып, финалға үшінші нәтижемен шыққан болатын. Алайда шешуші кезеңде ол біраз
қателіктер жіберіп, төрешілерден 11,350 ұпай ғана алды. Егер ол іріктеудегі нәтижесін
қайталағанда, сөзсіз үздік үштік санатына енер еді. Амал нешік?
Әуесқой бокс:
Қос қазақ жеңіс тұғырында!
Әуесқой бокстан Болгария астанасы София қаласында жасөспірімдер арасында
өткен әлем біріншілігі мәреге жетті. Жарыс қорытындысында біздің құрамадан төрт
бірдей боксшымыз ақтық финалға шығып, солардың екеуі алтын, екеуі күміс ме-
даль алды. Атап айтар болсақ, 49 келіде жұдырықтасқан Шалқар Айқынбай өзбек
Сүлеймен Латиповты ұтып, құрама қоржынына алғашқы алтынды салды. Екінші ал-
тынды 60 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов әперді, ол румын Арсен Муста-
фаны жеңді. Қапталдағы төрешілердің үшеуі де жеңісті біздің қос боксшымызға бер-
ді. Ал 56 келіде бағын сынаған Сұлтан Зәуірбек кубалық Хавьер Иванестен айласын
асыра алмай, күмісті қанағат тұтты. 81 келіде Вадим Казаков та болгар Благо Най-
даневке есе жіберіп, күміспен күптелді. Қыздар арасында Алуа Балқыбекова қола
жүлдегер атанды. Қазақстан жалпыкомандалық есепте ұпай саны бойынша бірінші
орынды еншілесе, екінші орынды АҚШ, үшінші орынды Ресей иеленді.
МАМЫР, МАУСЫМ АЙЛАРЫНДА
ӨТЕТІН ІРІ ЖАРЫСТАР КЕСТЕСІ:
9 мамыр-1 маусым. Велоспорт: «Джиро д’Италия көпкүндігі ( Солтүстік Ирлан-
дия, Ирландия, Итарлия. 97-рет өткізілгелі отырған халықаралық веложарыстың
алғашқы үш кезеңі Ирландия мен Солтүстік Ирландия территорияларында өтеді).
30 мамыр -1 маусым. Академиялық есу: Еуропа біріншілігі (Белград, Сербия).
30-31 мамыр. Кәсіпқой бокс: Бүкіләлемдік бокс сериясының ақтық финалы.
7-14 маусым. Семсерлесу:
Еуропа біріншілігі (Страсбург,
Франция).
9-14 маусым. Көркем гимна-
стика: Еуропа біріншілігі. (Баку,
Әзірбайжан).
16-27 маусым. Стендтік ату.
Еуропа біріншілігі (Сарлоспуш-
та, Венгрия).
Каратэ-до (Кекушинкай):
Жастар арасындағы ел біріншілігі
ЕРМЕК
САХАРИЕВ
ermek.sahariev@mail.ru
Каратэ-до (Кекушинкай)
Көкпар
Татьяна Аманжол