19.Ұзындықты, салмақты және уақытты оқыту әдістемесі Балалардың ұзындық туралы түсініктері мектепке дейін пайда болады. Мектепке алғаш келген кезде, балалар сызықтық өлшемділікті айыра біледі (нәрселердің ұзындығын, енін, биіктігін, олардың ара қашықтығын). Олар қатынастарды дұрыс тағайындайды: ұзынырақ-қысқарақ, кеңірек-тарырақ, қашығырақ-жақынырақ, т.б.
Мектепте оқытудың алғашқы күндерінен бастап балаларда
кеңістік түсініктерді айқындай түсу мөселесі қойылады. Бұған
нәрселердің өлшемділігі жөнінен салыстыру жаттығулары
көмектеседі. Түзу сызықпен және кесіндімен сызықтық
өлшемділіктің тасымалдаушысы ретінде танысу берілген ұғымды
қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады. Кесінділерді
көзбен шамалап салыстыру арқылы балалар тең және тең емес
кесінділер жөнінде түсінік алады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жиынынан бір кесінді бөліп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Алайда метрді қарастырған кезде әрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығулардың жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын. Екінші бір методистер өлшеудің алғашқы бірлігі етіп сантиметрді енгізуді ұсынады (бағдарламада осылай берілген) бұл әрбір оқушының партада отырып өлшеу бойынша көптеген жұмыстар орындауына мүмкіндік береді.
Метр мен сантиметр арасындағы қатысты тағайындамай тұрып, ұзындығы метрден кіші, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметрді енгізуге болады.
Балалар сантиметрі жөнінде көрнекі түсінік алу үшін, көптеген жаттығулар орындаған жөн. Мысалы: олар өздері сантиметрдің моделін жасауы, дәптерлеріне 1см кесіндіні сызу, клеткалар бойынша) шынашақтың ені шамамен 1см-ге тең екендігін өздерінің табуы керек.
Әрі қарай оқушылар кесінділерді өлшеумен таныстырылады. Балалар өлшеу процесін және өлшеу нәтижесінде алған сандар нені көрсететінін оның түсіну үшін, сантиметр модельдерін салудың және оларды есептеуді қарапайым әдістерінен қиынына өлшеп салуға біртіндеп жөн. Содан кейін сызғышты немесе рулетканы істіріп қиып, өлшеу тәсіліне кіріскен жөн.
Көзбен өлшеуді үйретудің бүкіл жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болады. Алғашқы кезең-көз мөлшердің қатыстылық түрімен жұмыс істеуді үйрету, мұнда ол шаманың неше есе биіктігін анықтай алады. Мұнда оқушыларға мынандай тапсырмалар мен сұрақтар қойылуы мүмкін: бірінші кесінді екіншісіне қарағанда қанша ұзын? Көзбен берілген кесіндіден екі есе ұзын кесінді сыз.
Келесі кезең құрал-сайман өлшем процесіндегі кейбір шама мәніне байланысты мысалдар берілген, оларды балалар білуі қажет.
Одан кейінгі кезеңде балалар өз беттерінше көзбен өлшеуді үйренеді. Қатыстылық көз мөлшерден айырмашылығы мұнда шаманың бағасы абсалютті бірліктермен - метр, дециметр, метрді еселеумен жүріп отырады.
Келесі кезеңде оқушылар кесінділерді өлшеудің алғашқы бірлігімен таныстырылады. Кесінділер жанынан бір кесінді бөлініп алынып, бірлік ретінде қабылданады. Балалар оның атауын біліп алады да, осы бірліктің көмегімен өлшеуге кіріседі. Өлшеу бірлігінің қайсысын бірінші енгізу жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.
Ондық санын өткеннен бастап сантиметр ұғымымен танысады және кесіндіні өлшеуді қолдана бастады. Өлшеудің алғашқы бірлігі ретінде, шағын кесінділерді өлшеудегі өлшеуіш ретінде сантиметр енгізілген. Сантиметр - берілген кесіндінің ұзындығы есебінде немесе дәптердің екі тор ұзындығы деп түсіндіріледі.
Көптеген әдіскерлер (Н.С.Попова, П.С.Исаков және А.М.Пышкало т.б.) алдымен балалар өздері клетка қағаздан жасалған сызғышпен пайдаланғандары жөн екенін айтады. Бұл сызғыштардан сантиметрлік бөліктер жасалады, бірақ цифрлар жазылмайды. Ол сызғыштарды пайдалана отырып балалар кесінділерді өлшеуді, жолсыз қағазға кесінділер сызады. [10]
Кейінірек жаңа өлшеу бірлігі - дициметр енгізіледі. Дициметр өлшемімен танысуда оның 10 сантиметр өлшемінетең екендігін қарастырылады. Берілген ұзындық кескінін құрастыруда және оны өлшеуде 3 тәсілді атап өтуге болады.
Бірінші тәсіл - өлшенетін кескінді біріне-бірі беттестіріледі.
Екінші тәсіл - кейін тастау (қалдыру), берілген кескінді өлшеп қарындашпен белгілеп, кейін қалдыра береді, сонымен белгіленген жерден бастап, қанша қайырғанын санайды.
Үшінші тәсіл - санау арқылы; сызғыш немесе рулетка таспасы өлшенетін кесіндіге қойығанда, алғашқы белгі ол кесіндіге басымен теңестіріледі, оның ұзындығының өлшеу құралының ликаласында белгіленген жерге тоқталуымен, яғни кескіннің санын анықтаймыз. Өлшеуіштің немесе сызғыштың нольдік белгісі кесіндінің бір ұшымен дәл беттестірілуі тиіс.[13]
Метр жеке эталон (өлшеуіш) ретінде бар. Оның көмегімен мүғалімге өлшеу процессін көрсету оңай. Сондықтан кейбір әдіскерлер алғашқы өлшеу бірлігі ретінде метрді ұсынады. Алайда метрді қарастырғанда әрбір оқушы жұмыс істеу үшін өлшеу процесінің өзін түсінуге өте қажетті жаттығуларды жеткілікті мөлшерін жүргізу қиын.Метрмен жұмыс сантиметрмен таныстыру негізіндегіше өткізіледі. Содан кейін өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынас тағайындалады. (1 дициметрде, 1 метрде немесе сантиметр бар, 1 метрде немесе дициметр бар). Балалар әртүрлі екі өлшеуіштің көмегімен өлшеуге жаттығады, нәтижесінде құрама атаулы сандар алады. Мысалы, партаның, қақпағының ұзындығы 4 дициметр - 5 сантиметр, тақтаның ұзындығы 2 метр 8 дициметр. Осы уақыттан бастап сәйкес кесінділерді салыстыру негізінде атаулы саңдарды салыстыруға кіріседі.