1. Математика пәнінің мақсаты мен міндеттері


 Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану



бет6/20
Дата14.08.2023
өлшемі0,7 Mb.
#105253
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Математика)

6. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.
Білім жүйесіне ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда. Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында көп жылдардан бері педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келемін. Сол жасалған жұмыстарымның негізінде оқушының - есептің берілгенін толық оқып шығуға дағдыландыру - теорияны білу, оны логикамен ұштастыру - шапшаң ойлау қабілетін қалыптастыру. - көру, есте сақтау қабілетін дамыту - есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу - пәнге деген құзырылылығын арттыру бағыттарын қалыптастыруды басшылыққа аламын. Қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Педагогикалық менеджмент тұрғысынан дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақты салыстырмалы талдауды зерделей отырып, сабақты жаңаша құруды үйреніп, оқушыларға оқу тапсырмасын дайындап, олардың танымдық қызметін белсендіруді, білім сапасын арттыруды мақсат етіп алдым. Oсы мақсатқа жету үшін инновациялық технологияларды сабақта қолданамын. Ж.А.Қараевтың және Ж.У.Кобдикованың «Үш өлшемді әдістемелік жүйемен оқыту» Ж.А. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту технологиялары» іс -тәжірибе барысында өзінің өміршеңдігін көрсетіп келеді. Блум таксономиясының үлгісі негізінде оқу тапсырмаларын дайындап, сабақты жоспарлау өз нәтижесін беруде. Сыныптағы оқушылардың пәнге қызушылығы артып, білімнің сапа көрсеткішіне өзгеріс енді.
Сабақты Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтіледі Осы орайда оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған Ж.У. Кобдикованың басшылығымен жазылған 6 сынып математика оқулығын көмекші құрал ретінде атап айтуға болады. Әңгімелесуші –оқулық нұсқасында жазылған бұл оқулық нәтижеге бағытталған сабақ жоспарын құруға, оны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Оқулықта Блум таксономиясына негізделіп дайындалған деңгейлік тапсырмалар алты қадаммен берілген.
1-қадам. «Білу» тапсырмаларын орындау нәтижесінде өткен тақырыптың мазмұны бойынша ең қажетті ақпараттарды білетін болады. 2-қадам. «Түсіну» тапсырмалары «Білу» тапсырмалары жауаптарының себеп-салдарын анықтауға бағытталады. «Білу» тапсырмаларының жауаптарына «Неге? Не себепті?» деген сұрақтар қою арқылы түсіну дағдылары қалыптасады. 3-қадам: «Талдау» тапсырмалары «Түсіну» тапсырмаларының нәтижелерін салыстыруды талап етеді. Олардың ұқсастығы мен ерекшеліктері арқылы тақырыптың басты идеясын тұжырымдауға болады. 4-қадам: «Жинақтау» тапсырмаларын орындау арқылы тақырыптың тұжырымдалған басты идеясын көрнекі түрде тірек сызба ретінде құрастырады. 5-қадам: «Қолдану» тапсырмасында сабақта оқып үйренгендерін практика жүзінде пайдаланып, әртүрлі есептер шығарып, күтілетін нәтижелерге жетуге болады.6-қадам: «Баға беру» тапсырмалары тақырыпты меңгерудің соңғы қадамы болғандықтан, біліп үйренгендерін өмірмен байланыстырып, қорытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет