2.Жеке адамның қажеттіліктері мен мотивтері, дүниетаным мен сенім: Адам-белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзекшелігі болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады., бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда алған компонеттер. Тәжірибе, білім, әс-әрекет т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен,талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғам дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Жеке адам психологиясының неге бағытталғандығын көрсететін неггізгі компоненттердің бірі – адамның дүниетанымы мен сенімі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Оның басты ерекшелігі – дүниенің даму заңдарын дұрыс түсіндіретін ғылымға негізделген дүниетаным ғана адам психологиясына дұрыс бағыт береді. Кісі еңбегін қанайтын адамдардың дүниетанымы мейлінше реакцияшыл болады. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көре-тұра бұрмалау, пессимизмге салыну – керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді (еңбек адамын құрметтей білу), оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені ұайта құру жолындағы жан қиярлық күреске баулиды.
Адамның алдына мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірімен байланыстылық берік сенімнен туады. Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжірибесін байланысты, бекімеген дүниетанымын берік болмайды. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Өйткені бұл екеуі, құстың қос қанатындай адамның ең асыл қасиеттері болып табылады. Берік сенім жоқ жерде тыңғылықты дүниетаным да, тұрақты мінез-құлық та болмайды. Сенімі қалыптаспаған адамның шындықтың жай-жапсарын дұрыстап айыруға, өмірде өз орнын дұрыс таңдай алуына да шамасы жете бермейді. Осындай адамдардың психологиясын орыстың ұлы жазушысы Н. Г. Гоголь тамаша көрсеткен: «Әрі-сәрі адамдар, бұлар ол да емес, бұл да емес, қандай адамдар екенін түсіне алмайсың, қаладағы Богдан да емес, селодағы Селифан да емес». Сенім жоғалған жерде тіршіліктің мәні де шамалы. Сенім-пікір талас, көзқарас қақтығысында, империализмге кең қол ашылғанда ғана шындала түседі. Ол адамға бірден келмейді, сенім көріністерін топшылау, кесіп, пішіп көру, тәжірибе жжинақтап, соны қорыту арқылы, терең, тиянақты білім негізінде қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |