1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі



бет22/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Евгения Александровна Флерина (1888 - 1952) мектепке дейінгі педагогиканың жалпы проблемаларын шеше отырып, балаларға эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлді.

Е. А. Флерина балаларғға эстетикалық тәрбие берудіің маңызды ерекшеліктерін ашып көрсетті. Мектепке дейінгі балалардың тілін, көркем сөз қорын, бейнелеу іс-әрекетін дамытудың методикасынн талдады. 1946 жылы оның редакциялауымен педагогикалық институттардың мектепке дейінгі факультеттерінің студенттері үшін тұңғыш оқу құралы – «Мектепке дейінгі педагогика» шықты.

Александра Платоновна Усова (1898 - 1965) мектепке дейінгі педагогика теориясын дамыту үшін көп іс тыңдырды. Педагогикалық ғылымдар академиясында құралған мектепке дейінгі балаларға тәрбие беру лабораториясының тұңғыш басшысы болды.

А. П. Усова мектепке дейінгі балаларды балалар бақшасы мен ата-аналарымен оқытудың теориялық негіздерін талдап, оларды мектепке даярлау ісін жақсарту жолдарын зерттеді. Оның еңбектегі балалар бақшасындағы сенсорлы тәрбиенің жаңа жүйесі жөніндегі принциптерді анықтап белгілеуге, ойын проблемаларын жемісті зерттеуге көмектесті.

Осы көрнекті кеңес дәуіріндегі педагогтарының мектепке дейінгі тәрбие саласындағы еңбектері, сондай-ақ басқа да көптеген зерттеушілердің жұмыстары, шын мәнісінде, педагогика ғылымы жүйесінде жаңа тармақты – кеңес дәуірі кезіндегі мектепке дейінгі педагогиканы жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет