1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Балалар бақшасындағы мерекелер мен сауықтар



бет5/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
2. Балалар бақшасындағы мерекелер мен сауықтар. Мерекелер мен сауықтар – мектеп жасына дейінгі балалардың өміріндегі жарқын да қуанышты оқиғалар. Өнердің алуан түрін ұштастыра отырып, олар балалардың сезімі мен санасына үлкен әсер етеді. Н.К.Крупская атап көрсеткендей: «Өнер арқылы баланың өз ойы мен сезімін тереңірек ұғынуына, айқынырақ ойлап, айқынырақ сезінуіне көмектесу керек». Мерекелерді әзірлеу мен өткізу балаларға адамгершілік тәрбие беруге қызмет етеді: олар ортақ әсерімен бірігіп, ұжымдыққа тәрбиелейді, Отан туралы, тұған елдің табиғаты, еңбек туралы әндер мен өлеңдер патриотық сезімдерді қалыптастырады, мерекелер мен сауықтар қатысу бала бойында тәртіптілік, мінез-құлық мәдениетін қалыптастырады. Әрбір мерекенің негізінде белгілі идея жатыр, сол идея әр балаға жеткізілуі тиіс. Мысалы: 16 желтоқсан - тәуелсіздік күні, 1 мамыр – бүкіл халықаралық ынтымақ күні т.б. Осы идея мерекенің бүкіл мазмұнына арқау болуға тиіс, оны ашып көрсетуге өлең, музыка, би, хоровод, көркем безендірулер қызмет етеді. Мерекелер програмасында өнердің әр түрлі ұжымдық және жеке орындаулар жарасымды ұштасқаны жөн. Бір тақырыпты шешуде бірін-бірі толықтыра отырып, олар балаларға жасалатын эмоциялық ықпал күшін арттырады, сонымен бірге әрқайсысы балаға ерекше әсер етеді.

Мерекелер түрлері: 1) қоғамдық-саяси мерекелер: Тәуелсіздік күні, 1 мамыр, Жеңіс күні , Тұнғыш президент күні т.б 2) Тұрмыстық м: Жаңа жыл, балаларды мектепке шығарып салу, наурыз. 3) Маусымдық м: Қысты шығарып салу, Алтын күз.

Қоғамдық-саяси мерекелер ерекше салтанатпен өткізіледі. Мұндай мерекелер балалардың жалаулармен, шарлармен, гүлдермен, залға мейрамдап шығуымен басталады, содан соң олар жүздерін қонақтарға қаратып тұрады. Тұрмыстық және маусымдық мерекелер өзінің тақырыбымен, балалардың тұрмысы мен өміріне байланыстылығымен, көркемдік безендірілуімен және құрылымымен өзгешеленеді. Оларда өзіндік көбірек салтанатылық болады. Мерекеге әзірлену және оны өткізу жөніндегі жауапкершілік мектепке дейінгі мекеменің бүкіл ұжымына жүктеледі. Мерекелік бағдарламаны музыкалық жетекші тәрбиешімен бірлесіп, «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасын» ескере отырып жасайды. Жұмыстың әрбір қатысушысына. Залды көркемдеуге, костюмдер әзірлеуге, атрибуттар жасауға т.б. жуапты адамдар белгіленеді. Мерекені жүргізуші адам сайланады. Сауық кештер 10 күн сайын күнің екінші жартысында ұйымдастырылады. Ол 3 топтастырылады: 1. Ересектердің балаларға әзірлеген сауық кеші, 2. Балалардың өз күшімен әзірленген кештер, 3. Ересектер де, балаларда қатысатын аралас сауық кеші.

Ойын-сауық кештерде балаларға таныс ертегілерден инсценировка жасалады, әңгімелер, өлеңдер оқылады, ән шырқалады. Ересек топтар үлкендердің көмегімен қуыршақ спектакілін дайындауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет