1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері оларға мінездеме



бет7/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

1.Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері оларға мінездеме.

МДП зерттеу әдістері: Эксперимент; Бақылау; Әңгіме; Тест; Сауалнама; Іс – құжаттарын зерттеу әдісі.

Бақылау – қандай болса да педагогикалық, құбылысты мақсатты түрде қабылдау болып табылады, оның көмегімен зерттеуші іс жүзіндегі нақтылы материалмен немесе деректермен қаруланады.Жаппай және ішінара.
Әңгімелесу –бақылау кезінде жеткілікті түрде айқын болмаған жағдай жөнінде қажетті информация немесе түсіндірме алу мақсатында жүргізілетін зерттеудің дербес түрі немесе қосымша әдісі ретінде қолданылады.
Анкеталанған кезде – материалды анкеталардың көмегімен жаппай жинау әдісі кезінде - анкета кімге жіберілсе, сол адам сұрақтарға жазбаша жауап береді.
Оқушылардың жазба, графикалық және творчестволық жұмыстарын зерттеу әрбір оқушының жеке – даралығын оның жұмысқа деген көзқарасын белгілі бір қабілеттерінің бар болуын сипаттайтын бағалы деректермен зерттеушіні қаруландыратын әдіс болып табылады.
Педагогикалық документацияны зерттеу іс жүзіндегі деректерді жинау әдісі. Бұл документтерде бірқатар себепті байланыстарды анықтауға, кейбір тәуелділіктерді табуға көмектесетін объективті деректер жазылып қойылады.
Пед.лық экс – белгілі бір жұмыс әдістеріне немесе тәсілдеріне арнай тексеру ұйымдастырылады. Нақтылы қалыптасқан тәжірибені қазірдің өзінде барды тіркеп қана қоятын әдістердің көмегімен зерттеуге қарағанда, эксперимент қашан болса да жаңа тәжірибе жасауды көздейді, онда ұсынылып және тексеріліп отырылған педагогикалық жаңалық белсенді роль атқаруға тиіс.

Табиғи эксперимент –педагогикалық экспериментті қолданудың негізгі шарты тексеріліп отырған жаңалық оқыту мен тәрбиенің тиімділігін арттыруға жәрдемін тигізе алады деп ойлау үшін негіз жеткілікті болғанда, оны оқу-тәрбие процесінің қалыпты барысын бұзбай өткізу болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет