2. Жеке адам туралы түсінік,оның компоненттері,оларға мінездеме
Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер көп. Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат – белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілермен байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қаршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесі (субектіге) айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |