1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Мектепке дейінгі тәрбиені дамытудағы Ф.Фребельдің ролі және оның балабақшасы



бет9/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

3.Мектепке дейінгі тәрбиені дамытудағы Ф.Фребельдің ролі және оның балабақшасы.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында – ХХ ғасырдың басында Европада неміс педагогы Фридрих Фребельдің (1782 – 1852) мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды.


Фребель педагогикалық жүйесінің қарама – қайшылығы болды. Ол рухты бастапқы, бұл материядан басым тұрады деп пайымдайтын идеалистік философияға негізделді. Фребель тәрбиені адам бойындағы болмысынан болатын төрт: іс - әрекеттің, танымның, көркем және діни инстинктердің дамуы деп түсінді. Тәрбие мақсаты – баланың бойында әуел баста құдай берген, бар адамға тән қасиетті анықтап білу. Табиғи дарындылық принципіне Фребель нақ осындай түсінік берді. Ол тәрбие табиғаттың бергеніне ештеңе қоспайды, тек өзінің бойына біткен қасиеттерді дамытады деп есептеді.Фребель «Балалар бақшасы» деген терминді енгізді, мұның өзі бүкіл дүние жүзінде жаппай қабылданды. Мектепке дейінгі мекеменің бұлай аталуынан, сондай – ақ тәрбиеші әйелдерді Фребель «баулаушы» деп атаған. Оның балаларға арналған деген сүйіспеншілігі, педагогтарды баланың есеюіне және дамуына көмектесуге шақырады, мақсаты педагогтардың ықпалдың маңызына жоғары баға бергені айқын көрінеді.
Фребель дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады. Олардың жүргізу жөніндегі методикалық нұсқауларға талдау жасады. Ол балалармен олардың жасына сәйкес жұмыс жүргізудің алуан тәсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тәрбие практикасын едәуір байтты. Фребель сәби және мектепке дейінгі жастағы балалардың тілімен қалыптасу кезеңдеріне егжей – тегжейлі көрсетті және затпен таныстырудың бұрын оның атын білу қажеттілігін талап етті.

Фребельдің идеялары кең тарады, әйтсе де балалардың іс-әрекетінен тым көп шек қойғаны, жаттығулармен сабақтардың күрделілігі, баланың табиғатын мистикалық тұрғыдан түсіндіргені үшін бұл идеялары прогресшіл педагогтар сынға алды. Фребель маңызды педагогика тарихында мынамен анықталады: ол мектепке дейінгі мекемелер жұмысының теориясын бірінші болып жасап, мектепке дейінгі педагогикалық ғылымның дербес саласы болып бөлінуіне себепкер болды. Ол мектепке дейінгі тәрбие идеясын насихаттау және балалар бақшаларын кең тарату үшін көп іс тындырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет