1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім берудің негіздері



бет66/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инклюзивті білім берудің негіздері.




  1. Балабақшадағы күн мезеті, оның ерекшеліктері, күн мезетіне қойылатын педагогикалық талап.

Режим- іс-әрекет пен демалыстың алуан түрін уақыты мен кезегіне қарай тиімді болуды көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.Режимді құрайтын элементтердің (тамақтану,ұйқтау,ойнау,оқу,серуендеу) белгілі бір жүйемен қайталанып отырыатындығының нәтижесінде бір түрден екінші түрге ауысуды оңайлататын балалар тұрмысының үйреншікті құбылыстары орын алады.Режимнің орындалып отыруы баланың нерв жүйесіне және организмдегі барлық физиологиялық процестердің жүріне игі әсер етеді.Режимге қойылатын талап балалардың жасына қарай психофизиологиялық ерекшелітерге тәрбиелеу міндеттеріне,жағдайға байланысты анықталып отырады. Режимге қойылатын негізгі талап- балалардың жас ерекшеліктерін есептеу.Сәбилер топтарында ұйқыға,киінуге,шешінуге және бетіқолын жууға т.с. уақыт көбірек беріледі.Ересек топтарда балалардың дербестігінің артуына байланысты тұрмыстық процестерді атқаруға уақыт анағұрлым аз жұмсалады,соған орай,ойынға және басқа іс-әрекеттерге уақыт көбірек жұмсалады.Режимді орындау процесінде балалардың денсаулығы жағдайын,олардың психиялық даму дәрежесін ескеру керек.Денсаулығы осал немесе сырқаттан айыққан балалардың ұйқтайтын уақыт және таза ауада серуендеу мерзімі ұзартылады,тәрбиелік-білімдік жұмыстар мазмұнына да қажетті өзгерістер енгізіледі. Келесі талап- режимнің тұрақтылығы: дер кезінде тамақтану,оқу,ойнау,ұйқтау.Ол балалардың қайталанып отыратын құбылыстарға дағдылануына көмектесіп,балалар жөн-жосыққа,тәртіпке үйретіледі.Редимнің бұзылуы балалардың денсаулығына және олардың мінез-құлықына теріс әсер етеді:олар қызынып,қыңырлыққа салына бастайды,олардың арасында ұрыс-керістің болуы жда мүмкін.Режим белгілегенде жыл мерзімдері ескеріледі.Мәселен,жазғы кезеңде балалардың таза ауада болу уақыты ұзартылады,оларды таңертең ертерек оятып,ал кешкісін ұйқыға кештеу жатқызады.Дұрыс жасалған режимнің гигиеналық және педагогикалық маңызы үлкен.Ол күн сайын қайталана отырып,балалардың организмін белгілі бір ырғаққа үйретеді,іс-әрекетінің алмасып отыруын (ойын сабақ еңбек) қамтамасыз етеді,сөйтіп нерв жүйесін шаршаудан сақтайды.Режимнің орындауы мәдени-гигиеналық дағдылардың қалыптасуына,ұйымщылдық пен тәртіптілікке тәрбиелеуге көмектеседі.Режимнің дәл орындалып отыруы балалардың уақытты сезіну сезімін тәрбиелеп,олар уақытты бағалай бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет