3)Балалардың шағымдары және тәрбиешінің оған қатысы
Тәрбиешіге жақын балалар егер де басқа бала тәрбиешінің столына жақындайтын болса, оны дереу тәрбиешгіе жеткізеді. Сол кездегі тәрбиешінің сол баланың шағымына назар аударып, онда жақындауға болмайтнын айтады.
Билет № 25
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмысы: жұмыс формалары, ата-аналармен жұмыс түрлері.
Әрбір отбасыны, оның тұрмыс жағдайын, баланы тәрбиелеу жүйесін жақсы білу үшін, қажетті өзара түсіну мен сенім қалыптастыру үшін, қажетті өзаратүсінісу мен сенім қалыптастыру үшін мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері ата-аналармен жеке жұмыстың алуан түрлі формаларын пайдаланады, бұлар: әңгімелер, консультациялар,отбасыға бару,жекелеген аналарды,әкелерді балалар бақшасына шақыру, жеке ескерткіш кітапшалар мен жылжымалы папкалар жасау. Ата-аналармен және отбасының басқа да мүшелерімен әңгіме ертеңгісін және кешкісін, балаларды балалар бақшасына әкелген және үйге алған кезде өткзілууі мүмкін. Тәрбиеш ата-аналарды немесе отбасының басқа да мүшелерін арнайы шақыра алады. Тәрбиешінің ата-аналарме таңертенгі әнгімесі қысқа болады, бірақ баланың көніл күйін білу үшін әңгімелерінің маңызы өте зор. Баланың кешкі уақытты және түнді қалай өткізгенің сұрағаннан кейін тәрбиеші ата-аналарға бүгін қандай қызықтар болатының: паркке экскурсияға баратының, музыка сабағы болатының т.т мүмкіндігінше қысқаша хабарлайды. Ата-аналарме кеші уақыты да шектеулі. Педагог олардың кейбіреулеріне балалар бақшасында баланың күнді қалай өткізгенің, өзін қалай ұстағаның, не нәрсеге назар аудару керек екнін айтады. Баланың үстінен ата-анаға шағым айтуға болмайды, өйткені олардың бұған реакциясы педагогикалық тұрғыдан жарамсыз болып шығуы мүмкін.
Ата-аналармен әңгімелер қысқаша болғанымен мазмұнды, олар үшін пайдалы болуға тиіс. Бұған тәрбиешінің жақсы дайынғы, ізгі ниеті көмектеседі.
Ата-аналармен балалар бақшасының меңгерушісі де, медицина қызметкерлері де әңгімелеседі.
Ата-аналарға консультациялар олардың бала тәрбиелеуде жіберген қандай да бір ағаттықтары мен қателіктерін талдау үшін неғұрлым келелі әңгіме қозғап, жағдайды түзету жөнінде сапалы кеңес пен нұсқау беру қажеттігі туған кезде өткізіледі. Ата-аналарға арналған консультацияны тәрбиеші, дәрігер, мекеме меңгерушісі, логопед, юрист өткізеді. Алғашқы бару айрықша жауапты. Мектепке дейінгі мекеме мен отбасы арасындағы өзара түсінісудің, сенім мен байланыстың орнауы көп жағынан сол бірінші барудың қалай өткеніне байланысты болмақ. Отбасыға барғанға дейін оның құрамын, ата-аналардың мамандығын, жұмыс орнын, үйден балалар бақшасы мен жұмыс орнына дейін қанша жер екенін сипаттайтын деректерді біліп алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |