2) Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы мен даму кезеңдері
3.Мектепке дейінгі баланың мәдени-гигиеналық дағдылары, оларды қалыптастыру тәсілдері
Ең кішкентай балалар қарапайым дағдыларға (қолын жууға, түймесін алуға), үлкендері неғұрлым күрделі дағдыларға (тамақ жегенде шанышқыны пайдалануға, ұқыпты болуға) үйренеді. Мәдени-гигеналық қалыптастыру шарттары мен тәсілдері: жақсы ұйымдасқан жағдайларды таза, біршама кең, барлық режим элементтерін (жуыну, тамақтану, ұйықтау, оқу, ойнау) іске асыруға мүмкіндік беретін қажетті жабдықтары бар. Күнделікті атқарылатын гигиеналық процерудалардың бір уақытта атқарылуын күн режимі қамтамасыз етіп отырады, мұның өзі мінез-құлық мәдениеті, дағдылары мен әдеттердің біртіндеп қалыптасуына есебін тигізеді. МДБ еліктегіш келеді, сондықтан дағдылардың қалыптасуына үлкендердің жеке басының үлгісінің тигізетін рөлі үлкен. «Егер балаалрдан тамақ үстінде кітап оқымауды талап етсеңіз,-деп үйретті А.С.Макаренко,- өзіңіз де осыны істемеуіңіз керек.
Мақтау қажетті дағдының қалыптасуын тездете түседі. Дағдыларды қалыптастыруда балаларға жеке-дара қатынас жасау маңызды.Балаға берілетін барлық нұсқау олардың әдетіне айналатын іс-әрекеттерге дұрыс көзқарас тудыратын достық лебіз бен байсалды түрде айтылуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |