2) Темперамент туралы жалпы түсінік: темпераменттің физиологиялық және психологиялық сипаттамасы.
Темперамент(лат.-бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының-жиынтығы. ОЛ дегеніміз- психикалық процестердің өтуініің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын , олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.
Холерик-шапшаң, белсенді, ұстамсыз, күйгелек. Ерекш:күйггелек, тыныммсыз, шамданғыш, көңілі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, ашуланшақ.Ондай оқушы қимыл-әрекетті с үйеді, қызыққан жұмысқа әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды.
Сангвиник-пысық, оңтайлы, тұрақсыз . псих.сипаттамасы: ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, оптимист, өмір сүйгіш, көңілді, басшылыққа құштар.Ондай бала:көңіл-күйі тез өзгергіш, көп нәрсеге қызығады, сыныпта мұғалімнің айтқанын қиналмай ұғады.
Флегматик- ұстамды, сабырлы, баяу, сылбыр . Ерекшелігі: өте сақ, жұртқа жақсылық тілейтін, орынсызт асып-саспайды,сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды, ауыр мінезді,мәселені тез шешуге асықпайды.
Меланхолик-сезімтал, тұйық. Ол сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, песссимист, сөзге сараң, аса бояу қозғалатын жайбасар. Әрі жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр,қисық.
Достарыңызбен бөлісу: |