Байланысты: 1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін
4.2 Бірінші (арабтілді философияның туу, қалыптасу) кезеңдегі негізгі бағыттар 1) Мутакаллимдер мектебі. 2) Мутазилиттер мектебі. 3) Суфизм. Мутакаллимдер - радикалды исламды жақтаушылар. Мутакаллимдер мектебінің өкілдері исламның діни догмаларын негіздеп, араб-ислам схоластарының рөлін атқарды. Мутазилиттер - («бөлінгендер») ислам философиясын дамытқанмен, кейбір мәселелерді материалистік тұрғыдан түсіндірді. Мысалы: 1) исламның адамның жаралуы, дүниенің шығуы, тағдырдың жазуы,т.б. туралы догмаларды рационализм мен материалистік тұрғыдан түсіндірді; 2) құдай туралы антропоморфты түсінікті (Құдайдың адам бейнелілігін) терістеді; 3) құдай мен әлемді бір деп жариялады; 4) адам ақылының күшіне сенді; 5) адам танымының күші мен мүмкіндіктеріне сенеді. Суфизм(1. «суф»-«жүн шекпен киген адам»; 2. «саф», «сафа» - «тазалық»; 3. «сафуа» - «таңдаулы болу» деген мағыналар гректің «софос» - «даналық» сөзінен алынған) адамның өз еркімен сыртқы дүниеден, бұ дүниелік қызықтан бас тартып, өз өмірін Құдай жолына арнауы. Суфизм аскетизмді, мистиканы жоғары игілік деп есептейді. Суфизм – 8-9 ғасырларда қазіргі Ирак, Сирия жерлерінде пайда болып Араб халифаты елдеріне кең таралған, кейіннен, әлем мұсылмандарына да ықпал еткен діни-мистикалық ілім. Басты қағидалары: Құдайдың хақтығына шек келтірмей, оған жан-тәнімен берілу, адам жанының Құдаймен бірігуі, жер бетіндегі пендешіліктен қол үзіп, материалдық игіліктен бас тартып, шәкірттердің (мөриттердің) аскеттік өмір стилін қолдануы, Құдаймен тоғысу үшін ерекше экстаз жағдайына ену, құпия ілімдерді (эзотерия) игеру және оны көпшілікке (экзотерия), «білімсіздерге» жарияламау, Құдайды сүю арқылы интуитивті түрде «нұрлануға» жету (ақиқат жолы), мадақ жырларын жырлау (зікір салу), терең пантеистік танымды ұғыну, осындай практикалық іс-әрекеттерді ұстаздардың (мөршиттердің, пірлердің) өз басынан өткізу т.б. Сонымен қатар онда мынандай өзіндік қалыптасқан категориялар жүйесі бар: ахуал, ақиқат, зейін, дәруіш, дария, гаухар, ғайб, ғайбат, ибадат, жаухар, сыр, ризық, хал, ынсап, ықлас, қаусар, харам, тәуба, тәлім, тәуекел т.б. Бұл ілімді алғаш негіздеушілер: Зу-н-Нун әль-Мысыри, Абу Абдаллах әл-Мухасиби, әл-Ғазали, Суфи Алаяр, А. Яссауи т.б. Мәселен, Мухасиби «хал» ілімін, яғни, құдайға баратын жолда сопының қас-қағым сәтте нұрлануын негіздесе, маламатийа мектебі адамның ішкі жан дүниесінің тазаруын ұсынады, ал Джунайт «фана» жүйесін, яғни, мәңгі абсалюттегі үстем болмысқа жеткізетін мистикалық жібіп кетуді байыптады да, шариғат – жалпы мұсылмандық діни заңдар, тарихат және хақиқат – құдайлық шыңдыққа жету сатыларын дәйектейді. Суфизмдегі бұл үрдіс, тек абсолюттегі үстем бостыққа ұмтылу ғана емес, білім алудағы мистикалық тәсіл, адамның ішкі дүниесіндегі құдаймен тоғысу, ФАНА бейболмысына сіңу арқылы нұрлану болып та табылатын танымдық-практикалық шындық. Суфизм идеяларындағы «хәл» күйі үздіксіз үдеріс арқылы сыртқы әлеммен байланысын үзу, фана мақамына жету, адамның «өзін» жоғалтуы бойынша «фанаға»- «өз болмысын Тәңірде ерітуге», тәңірмен бір болуға (фана фи Аллах) ұмтылыстың нақты көрінісі. Ал «фана» феномені алғашқы жабырқау мен мұң – психологиялық күй бойынша, онтологиялық – (болмыс бірлігі мен Хақты түйсіну) таным тұңғиығына сіңу арқылы, теологиялық – (өз болмысын Құдайлық деңгейде еріту, жоғалту, онымен тұтасу) сатыға көтерілу. Калам (әңгімелесу, сұхбат, сөз деген мағыналарды білдіреді) – орта ғасырдағы араб-мұсылмандық фалсафадағы діни бағыттардың бірі. Бұл үш кезеңге бөлінеді: ерте (7 ғасырдың аяғы – 8 ғасырдың басы); мутазилиттер кезеңі (8 ғасырдың аяғы – 10 ғасырдың ортасы); классикалық кезең (10-12 ғғ.). Алғашқы кезеңіне христиандық пен иудаизм өкілдерімен пікірталастар жүргізу тән және үлкен, кіші күнә, тағдырдың тағайындалуы сияқты мәселелер төңірегінде ой өрбітті. Осыған орай, тағдыр түсінігіне мойынсұнушылар – джабариттер, адам әрекетіндегі белгілі бір деңгейдегі еркіндікті дәйектеушілер – кадариттер болып екіге бөлінді. Ал мутазилиттер кезеңінде дискурстық мәселелердің шеңбері ұлғайды: алғашқы жаратушы, құдайдың бірлігі (таухид) және оның қасиеттері (сифат) т.б. Ашари өзінің ілімін «аралық бағыт» (мазхаб аусат) ретінде ұсынды да, фатализм мен волюнтаризм сияқты шеткі бағдарларды теріске шығарады. Ол Құранның мазмұнын сөзбе-сөз түсінуге және оны аллегориялармен көмкеруге қарсы шықты, эсхатологиялық түсінікке сеніммен қарады, Әбу-әль-Хасан Ашаридің ізбасарлары да осы пікірлерді дамытты: әль-Бакиллани, әль-Джувайни т.б. Бұл ілім алдымен әлемнің мәңгілігі мен жанның өлетіндігі туралы ілімді жоққа шығарды. Ал 15 ғасырдағы соңғы калам исфахан мектебі арқылы суфизм мистикасына бет бұрды. Мутазилиттер (бөлінгендер деген мағынада) – көне Грекиядағы философия мен логиканың тәсілдерін құдай мен адам қатынастарында қолдануды алғаш рет ұсынған бастапқы мұсылмандық теология өкілдері. Олар құдайдың қасиеттерін айнытпай сол қалпында түсінуге қарсы шықты, құдайға адамдық тәндік болмысты таңуға болмайтындығын дәйектеп, ол құдайдың бірлігі идеясына қарсы келетіндігін тұжырымдайды. Құдай сөз сөйлеу қабілетіне ие екендігін жоққа шығара отырып, Құранның мәңгілігін терістеп, ол Құдай құдыретінің бір ғана көрінісі деп білді. Құранның қасиеттілігі оның әріптерінде емес, рухында дей келе, «илм ат-тафсір» деп аталатын оны арнайы түсіндіру ілімін енгізді. Олар ерік еркіндігін қолдап, адам істеген әрекеттеріне құлықтылық тұрғыдан жауапкершілікте болатындығын ұсынды. Үлкен күнә (сахиб кабира) жасаған мұсылман адам құдайсыз (кафиром) болып табылмайды тек ортаңғы жағдайда сақталады деп түсіндірді. IX ғасырда арабтілді философияның жаңа II кезеңі басталды. Ол кезеңнің жалпы белгілері: 1) медицина мен жаратылыстану саласынағы жаңалықтар нәтижесінде материалистік идеялардың күшеюі; 2) ежелгі грек философиялық идеяларының енуі нәтижесінде араб философиясының араб-грек философиясына айналуы; II кезеңдегі европаландырылған арабтілді философияның қалыптасуына үлес қосқан философтар: Әл Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина (Авицена), Ибн-Рушд (Аверроэс).