Әдебиеттер тізімі 1. Ортағасырлық діни философия. Жиырма томдық. 5-том. – Алматы: Жазушы, 2005. 2. Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б. 5 Ренессанс философиясы 1. Қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшеліктері. 2. Неоплатонизм және натурфилософияның дамуы. Антикалық өмір сезімімен туыс, орта ғасырлық философиядан кейінгі және оған көп жағдайда идеялық жағынан қарама-қарсы келіп, жаңа өмірлік сезіну мен түйсінулер қалыптасқан, мәдениет пен философия қайта өркендеген Еуропадағы 14-16 ғасырлар аралығын қамтитын кезең ренессанс деп аталады. Орта ғасырдағы құдайға ұмтылатын теоцентрлік көзқарастар үстемдігінің орнына адам мәселесін алға қоятын ой-пікірлер қалыптасты, бұл кезең туындылары антика дәуірінің мұраларын кеңінен пайдалану үрдісіне көшті, сондықтан да бұл уақыт қайта (қайтадан даму) өрлеу дәуірі деп аталады. Ол шартты түрде үш кезеңге бөлінеді: бастапқы ренессанс (14 ғ.), ренессанстың гүлденуі (15 ғ.), соңғы ренессанс (16 ғ.). Яғни, қайта өрлеу дәуірінің аймағындағы мынандай ерекшеліктері бар: - көне Грекия мұраларын қайтадан жаңғыртып, оларға сүйеніп отырады: аристотелизм, платонизм, эпикуреизм, стоицизм т.б. ілімдер қайтадан өңделе бастады. - теоцентризмнің орнына антропоцентризмнің келуі: адамның әлемдегі орны мен жалпы жағдай, тағайындалуы, микрокосм идеясы т.б. - гуманизм, яғни, адамсүйгіштік қағидалардың үстемдік ете бастауы: құқықтылық қағидалары, адамды басты құндылық деп табу, оның еркіндігі мен бақыт туралы идеялар т.б. - пантеизм, яғни, құдайдың жеке жақтылығын түсіріп, оны жалпы табиғатқа апарып таңу; - әлемнің жаңаша ғылыми картинасын космологиялық тұрғыдан байыптау: геоцентризмнің терістелуі мен гелиоцентризмнің орнықтылуы; - утопиялық социализм идеялары: әділетті қоғам орнату идеялы; - реформация мен саяси – әлеуметтік мәселелердің қойылуы т.б. Осыған орай, бұл дәуірді мынандай сатыларға бөледі: 1) Гуманисттік (14 ғасырдың ортасы мен 15 ғасырдың орта шені): Данте, Ф. Петрарка, Эразм Роттердамский, Мор, Монтень т.б. 2) Неоплатоншылдық: Плетон, Фичино, Мирандола, Николай Кузанский (15 ғасырдың орта шені мен 16 ғасырдың басы). 3) Натурфилософиялық (16 ғасырдың екінші жартысы – 17 ғасырдың басы): Леонардо да Винчи, Коперник, Бруно, Галилей т.б.