1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Неоплатонизм және натурфилософияның дамуы



бет28/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

5.2 Неоплатонизм және натурфилософияның дамуы
Марсилио Фичино (1433-1499 жж.) өзінің бастапқы қызметін Платонның, Плотиннің және Проклдың еңбектерін аударудан бастады. «Платон. Жанның өлмейтіндігі туралы теология» деп аталған еңбегінде Платон идеяларын мистицизммен ұштастырды. Құдай жоғары, шексіз тіршілік иесі, оның әрекетінен бірте-бірте жарату үрдісі арқылы заттар әлемі туады, әлем сатылы құрылады; ең төменгі бөлігінде енжар материя, одан кейін парасатты жан, періштелер мен құдай орналасады. Адамның жаны құдайлық пен материалдықтың аралығында деген идеяларын ұсына отырып, жан барлық болмыстың сатылары, ол кейіннен құдайға оралатындығының арқасында әлемді тануға қабілетті, адам ұлы ғарышты танитын – ықшамғарыш (микрокосмос), осы құдаймен тоғысатын таным адамның басты даңқы деп пайымдайды.
Пико делла Мирандола (1463-1494 жж.) Адам – ықшамғарыш (микрокосмос), ол өзіне жерлікті, хайуандықты және аспандық бастауды біріктіреді, алғашқысы ауадан, судан, жерден және оттан құралса, хайуандық – дене мен адамның қоректенуі, аспандық - оның тану қабілеті мен ақылы. Адам хайуанға ұқсай алады, неғұрлым жетілген де бола алады, ол адамның өзіне байланысты: жануарлық деңгейге түсе ме, әлде құдайлық сатыға көтеріле ме? Сондықтан адам шексіз жетілу табиғатына ұмтылу қажет деп түсіндірді.
Еуропалық және араб тілдерін меңгергеннен кейін, астрологияға қарсы болса да, ол қаббаламен, «табиғи магиямен» айналысады, әріптер мен сандар арқылы жоғары күштерге ықпал етуге болады деп түсінді.
Патрици Франческо (1529-1597 жж.) – итальяндық гуманист, философ, неоплатоншылдықтың көрнекті өкілдерінің бірі. Негізгі шығармалары: «Поэтика», «Универсумның жаңа философиясы» т.б. осы «Универсумның жаңа философиясы» деп аталатын негізгі шығармасында әлемнің бұрыннан-ақ қалыптасқан объективті шексіздігі, органикалық тұрпатты тұтастығы, иерархиялық жүйемен құрылған бірлігі туралы ілімді дамытты. Осы органикалық тұтастықтың байланысы мен барлық заттардың «туысқандығы» - құдайлық тұтастықпен сәулененетін жарық деп түсіндірілді. Патрици әлемнің түпкі бастауы мәселесіне қарай да ойыса түсті: «Бәрінен бұрын – ештеңе, алғашқыдан кейін – бәрі, Бастаудан – бәрі, Бірліктен – бәрі, Игіліктен – бәрі, Үш бірлікті құдайдан – бәрі. Құдай, игілік, бірлік, бастау, бастапқы - парапар». Бұл идеяда «Ештеңе» - ең әуелгі, алғашқыға қозғаушы, алғашқыдан да бұрын, ең түпкілікті, ақырғы «субстанцияны» білдіріп тұр. Ол құдайдан, алғашқыдан (дүние), бастаудан, бәрінен де бұрын, ең алғашқыдан да бұрын, басталудан бұрынғы – бастапқы мән болып табылады.
Кузандық Николай (Николай Кузанский) (1401-1464 жж.) – ең соңғы схоласт, әрі орта ғасырдан қайта өрлеу дәуіріне өтпелі кезеңдегі алғашқы философтардың бірі, рационалист және мистик, гуманист, құдайтанушы, математикалық жаратылыстанудың теоретигі, апофатикалық теология мен натурализмді бітістіруші, географ. Құқықтанушы және медик ретінде де белгілі болған. Мәселен, алғаш рет Еуропаның картасын жасаған. Негізгі шығармалары: «Католиктік келісім туралы», «Күнтізбенің түзетілуі туралы», «Ғалымның білімсіздігі жөнінде», «Құдайды іздеу туралы», «Қалыптасу туралы», «Ғалым білімсіздігінің апологиясы туралы», «Құдайды көру туралы», «Мүмкіндік ретіндегі болмыс туралы», «Құранды терістеу» т.б. қатар сегіз математикалық трактат жазған. Осыған орай, оның тұлғалық дүниетаным ерекшелігін былайша ажыратып көрсету жолға қойылған:
1) Орта ғасыр философиясын қорытындылаушы.
2) Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның кіріспесі ретінде ренессанс кезеңіндегі философиялық бағдарларды ұстанушы (гуманизм, пантеизм, эмпиризм, натурализм т.б.).
3) Жаңа заман дәуіріндегі философия мен ғылымның ізашары, жол салушысы.
4) классикалық философиядағы таным теориясының генетикалық негізін қалаушы.
Ол болмыстың математикаланған моделін ұсына отыра, Құдайды өзекті аяқталмаған шексіздік ретінде таниды, «абсолютті максимум» түрінде көрсетеді. Ол таным теориясында сезімді, пайымдауды, ақылды өзін іске асыру сәтінде әртүрлі мақсаттар мен аймақтарда көрсете алатын субъектінің таным қабілеті деп түсіндіреді. Табиғаттың барлық құбылыстарының негізінде математикалық формализм арқылы ғана көрсетуге болатын объективті прапорция жатқандығын байыптайды.
Ол көне антикалық мұралардағы адам ғарыштың қайталанған шағын үлгісі ықшамғарыш деген идеяға қайта оралды. Адам періштеден басқа барлық тіршілік иелерінен жоғары табиғаттың орталық буыны деген қорытынды жасады. Адамның жоғары теориялық қабілеті болып табылатын ақыл шексіздікті де ойлауға қабілетті және тек қарама – қарсылықтарды ғана емес, бірліктер мен үйлесімділіктерді де көреді деген тұжырым бойынша «қайшылықтар сәйкестігі» деген ілімді дамытады. Ақыл өзінің нәтижелерін соңғы ақиқат деп танымау керек, себебі, ақыл ешқашан аяқталмайтын абсолютке жақындап келе жатқан үрдіс деп түсіндіреді.
Оның идеясындағы құдай – барлық жердегі және еш жердегі абсолютті максимум болып табылады, бұл пантеизм ғарыштың құрылымын басқаша түсінуге мүмкіндік ашты. Құдайдың жаратушылық әрекетін екінші жоспарға шығарып, әлемнің шегі және тұрақты орталығы болмайтындығын негіздеді, орталық болса да ол шартты. Аяқталған, шекаралық нәрселердің барлығы абсолютті максимум мен абсолютті минимум аралығында екендігін атап көрсетті. Мәселен, осы идеяларын «Ғалымның білімсіздігі» деген туындысында былайша дәйектейді: «Максимум дегеніміз – одан ештеңе де үлкен болмау қажет әлдене. Абсолютті максимум жоғары шек, әрі – бәрі және онда бәрі бар болғандықтан, ол – жалғыз. Оның шегі жоқ, бірақ бәрін шектей алады. Одан әмбебап бірлік шығады, әлем абсолютпен бірігеді. Абсолютті болмыс абсолютті максмумнан басқа ештеңе де емес, яғни, максимумсыз ештеңе де өмір сүрмейді...
Жер қозғалмайтын сияқты болғанмен, ол қозғалады. Құдай бізді қоршап тұр және орталық. Ол бәрін жаратқан, жаратылғандар бір-біріне қатысты. Мысалы: аяқ – көзге, қолға, денеге пайдалы... жер күннен кіші, Меркурийден, Айдан үлкен. Құдай арифметиканы, геометрияны, музыканы, астрономияны т.б. өнерлерді пайдаланып, әлемді жаратқан. Арифметика арқылы әлемді біртұтас қылды, геометрия арқылы форма мен тұрақтылық, қозғалғыштық, музыка арқылы прапорцияны жасаушы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет