1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет24/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
Иоанн Скотт Эриугена (810-877 жж) схоластиканың батыс Еуропада қалыптасуын аяқтаған көрнекті ойшылдардың бірі. Басты еңбектері: «Табиғаттың бөлінуі туралы», «Құдайдың алдын-ала белгілеуі туралы» т.б. Христиандық теологияны негіздегенмен, идеялары, жалпы алғанда, креационистік қағидадан көбіне алшақтау жатты, жаратылған мен жаратушыны, табиғат пен құдайды сәйкестендіретін пантеистік идеяны қуаттады. Құдай бастау және соңы, оның жеке жақтылығы жоқ екендігін айта келе, неоплатоншылдықты христиандықпен бітістіруге тырысты. Құдай ізгілік бастау, егер ол адамдарды бір нәрсеге тағайындаса, ізгілікке ғана тағайындайды, бірақ адам еркін, ол шексіз зұлымдық пен ізгіліктің аралығында өз таңдауын жүргізеді дей келе, күнәлілерді мәңгі жазалаумен келіспеді, себебі, бәрі де, шайтан да, күнәлі де түптің түбінде бәрібір абсолютті құдайға, ізгілікке қайта оралады, ал зұлымдық уақытша, салыстырмалы нәрсе екендігін дәйектейді. Теология философиядан алшақтамайды, философия арқылы ол рациолданады дейді.
11-12 ғасырлардағы схоластика кезеңіндегі номинализм мен реализм бағыттарының арасындағы тартыс көптеген мәселелерді қамтыды. Кейбір түйіткілдер софистикалық жалған түсініктерді таразылады. Мәселен, «Құдай өзі көтере алмайтын ауыр тасты жасап шығара ала ма?» деген сауал бойынша қайшылық мәнді сөйлемдерді тудырады: Егер ол жасай алмайтын болса, онда құдыретті емес, ал жасап шығарып, оны өзі көтере алмаса, онда да құдіретті бола алмайды. Бірақ бұл екі бағыттың пікір таластырған ең негізгі мәселесі – жалпылық, яғни, жалпы ұғымдар жөнінде болды. Бұл мәселе, Антика дәуіріндегі Порфирийдің «жалпы» қалай өмір сүреді? деген сауалынан бастау алды. Бұны теологияға апарып теліген ортағасыр ойшылдары – Құдайдың үштігі біртұтас және үштіктілік бөлектік, осы үш жақ пен бір құдайдың арақатынасы қандай деген мәселе қояды. Осыған орай, үштік құдайды бір деп санайтын – унитарлар немесе антитринитарлар бағыты мен осы бірліктің өзі үштік құрылым екендігін ұсынатын тринитарлар болып екіге бөлінеді. Яғни, Бірлік пен Үштіктің қатынасы көптік пен жекенің қатынасына келіп тірелді де, сайып келгенде, ол жеке мен жалпының қатынасы мәселесін туғызды. Демек, жалпының өзі тек санада ма, әлде шындықта ма деген философиялық мәселеге айналды.
Бұндай ой түйіткілдері тартыс ретінде қойылмаса да, Антика дәуіріндегі Платон мен Аристотельдің көзқарастарына сәйкестенді. Платонның идеясында «жалпы» идея ретінде заттарға және жекеге дейін өмір сүреді, Аристотельдің көзқарасында жалпы форма ретінде сол жекелердің, заттардың өзінде өмір сүреді.
Осындай мәселелердің жалғасы ретінде жалпы ұғымдардың шынайы өмір сүретіндігін негіздейтін бағыт реалистер деп аталды. Бірақ бұның өзі екі бағытқа бөлінеді: келісімді реализм – «жалпы» сол заттардың өзінде өмір сүреді десе, шеткі реализм – жалпы заттарға дейін өмір сүреді деп түсінді. Реалистер: Гильом Шамполық, Ансельм Кентерберийский т.б.
Реализм бағытына қарама-қарсы номинализм ағымы туды. Олар жалпылардың шынайы емес, тек атау ғана екендігін негізге алды, «ноумен» - атау, сөз деген мағынаны беретін болғандықтан, олар номиналистер атанды. Жалпы тек сөзде ғана емес, ұғымда да бар екендігін негіздеген келісімді номинилистердің пікірлерінен концептуализм пайда болады. Номиналистер: Беренгар, Росцелин, Абеляр т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет