1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет29/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

Коперник Николай (1473-1543 жж.) астроном, ойшыл. «Аспан аумағының айналмалылығы туралы» деген басты еңбегінде байырғы Антика дәуіріндегі Аристарх Самосскийдің (б.э.б. 3 ғ.) гелиоцентризм идеясы қайтадан қолға алынып, жаңғыртылып, ғылыми ақиқат тұрғысынан дәйектеледі. Астрономия тарихында алғаш рет планета аралық қашықтықты байқау арқылы зерттейді, Аристотельдік-Птолемейлік геоцентрлік жүйе жоққа шығарылады да, осы мәселе жөніндегі әлем мен адам туралы діни-теологиялық түсініктер терістеледі. Онда қарама-қарсылық қағидасы жүзеге асырылады: «көрініп тұрған дәйекті емес, шындық құбылыстарға жасырынған бұрылған бейнеленулер шындық». Осы гелиоцентрлік жүйе кейіннен ғылым дамуы тарихында «коперниктік бетбұрыс» деп аталды.
Галиллей Галилео (1564-1642 жж.) – итальяндық ойшыл, классикалық механиканың негізін салушы, астроном, математик, физик, жаңа механикалық натурфилософияның бастаушысы. Ол жаратылыстану мен философияның ара жік шектеулерін алғаш рет ажыратты. Негізгі шығармалары: «Жұлдызды хабаршы», «Күн дақтары туралы», «Кастеллиге хат», «Әңгімелер және екі ғылым саласына қатысты математикалық дәлелдеулер» т.б. Галиллей: Айдағы таулар мен кратерлер, жұлдыздардың көлемі мен олардың ара қашықтығы, Күн бетіндегі дақтар, Юпитердің 4 серігі, Сатурнның сақинасы, Құс жолының жеке жұлдыздардың шоғыры екендігі сияқты маңызды астрономиялық жаңалықтардың ашылуына себепші болды. «Әлемнің екі маңызды жүйесі жөніндегі сұхбат – птолемейлік және коперниктік» деп аталатын еңбегі жарыққа шыққаннан кейін коперникшілдігі үшін инквизиция сотына түсті, сондықтан бұл теориядан бас тартуға мәжбүр болды. Содан соң инерция идеясы, дененің еркін құлауы, қозғалыстың салыстырмалылығы қағидасы т.б. жаңалықтар аша отырып, классикалық динамиканың негізін салды. Сайып келгенде, Галиллейдің дүниетанымында әлемнің объективті өмір сүретіндігі, шексіздігі мен мәңгілігі туралы ой қозғалып, ол құдайлық алғашқы қозғаушы түрткіні мойындады. Табиғатта ешнәрсе пайда болмайды және жойылмайды, тек денелердің өзара орналасуы мен олардың бөліктерінің қозғалысы ғана жүзеге асып отырады. Материя бөлінбейтін атомдардан тұрады, олардың қозғалысы – әмбебап механикалық қозғалыс. Табиғаттағы барлық қозғалыстар себепті механикалық қозғалыспен шартталған. Осыдан ғылымның нағыз шынайы міндеті – себептерді іздеу екендігі туындайды деген тәрізді пікірлер ұсынған.
Ол таным теориясында табиғатты танудың шексіз экстенсивтілігін басшылыққа алса да, интенсивті тану арқылы абсолютті ақиқатқа қол жеткізудің мүмкін екендігін көрсетті. Табиғатты тануда басты екі тәсілді ұсынды: резлютивтік – қарапайым бақылауға ғана емес, жоспарлы түрде қойылған тәжірибеге сүйену керектігі туралы аналитикалық әдіс; екіншісі – композитивтік – дедукциялық тізбекпен гипотетикалық болжамдарды талдау арқылы ақиқаттылықты тексеру.
Джордано Бруно Филиппо (1548-1600 жж.) – итальяндық материалист, философ, ақын. Сонымен қатар Еуропадағы құпия, әрі мистикалық ілім Каббалаға табынушы. Басты еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», «Ерлік интузиазмы туралы», «Біздің заманның философтары мен математиктеріне қарсы жүз алпыс тезис», «Монадо, сандар, фигура туралы» т.б.
Бруноның поэтикалық пантеизмі жаңа жаратылыстанулық ғылыми білімдерге, әсіресе, коперниктің гелиоцентрлік жүйесіне, эпикуреизм мен платонизмнің идеяларына сүйенілген еді. Шексіз әлем тұтастай алғанда, сол Құдайдың өзі болып табылады, ол барлық жерде ішінде де, үстінде де емес, бірақ қатысу арқылы бар. Универсум өзінің ішкі күштері арқылы қозғалады, жеке заттар өзгермелі және өзінің ұйымдасуына сәйкес келе отырып, мәңгі рухтың ырқында болады дей келе, ол табиғатты, материяны құдаймен теңестіреді (Заттардағы құдайлық). Барлық болмысты панпсихизм ретінде түсініп, гилозоизмге ойысады. Жер тірі тіршілік иесі ретінде күнді айнала қозғалады, планеталар да өз орбитасымен оны қоса айналып жүреді, сансыз өзге дүниелер де шексіз әлемге орналасып алып жануар сияқты болып тірі тіршілік иесі ретінде өмір сүреді деп, мынадай ойларын дәйектейді: әлем өзінің барлық мүшелері арқылы жанданған. Әлемдік жан әмбебап интеллект, бүкілжалпы ақыл ретіндегі ажырамас қасиетті алып жүреді. Құдай ұғымы әлемдік жан ұғымымен сәйкестенеді. Жерлік және аспандық әлемдер біртектес, пайда болмайды және жойылмайды, олар әртүрлі бірігулердің сансыз көп түрлерін құрайды. Сансыз көп күндер өзінің орналастырып алған планеталарымен қоса өзінің орбитасынан айналып жүреді (өзге әлемдер де осы әлем сияқты мекен етуге болатындай). Әлем тұтастай алғанда, орталық, ол барлық жерде. Әлем – жерді қоса есептегенде, өмірдің әртүрлі формаларының орны. Философияның мақсаты христиандықтағы сенімдік трансцендентті Құдайға жету емес, «Заттардағы Құдайды» тану болып табылады деген ойлар ұсынады.
Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем – универсум (әмбебап бастама), жалғыз ғана мәнділік. Сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.
Джордано Бруноның негізгі түсініктері әлем мен оның құрылымы турасындағы философиялық ойтолғамдарға тоғысты. Мәселен, бесінші сұхбатынан үзінді келтірер болсақ: «Бесінші сұхбат. Теофил. Әлем біртұтас, қозғалмайды, шексіз. Бірлік деп – абсолютті мүмкіндікті, шындықты, форманы немесе жанды, материя немесе денені, заттарды, барлықты айтамын, әлем өзінің шексіздігі арқылы ұлғаймайды және азаймайды. Оған ешнәрсені қосуға да, алуға да болмайды, себебі, шексіздіктің бөлшектері болмайды». Бұндағы әлемнің жалғыздығы мен бірлігі жөніндегі ұғымдар оның «бар» болып табылатындығын үстемелейді және тұрақтылығын аша түседі. Сондықтан ойшыл дүниенің универсумдық сипатын қуаттай отыра, болмыстың өмір сүруінің өзі оның бірлігі, тұтастығы арқылы қамтамасыз етілгендігін байыптайды. Әлемнің жойылмайтындығы, тұрақтылығы, қозғалмайтындығы – шынайы болмыстың мәнін аша түсетін тұжырым.
Утопиялық социализм – «утопия» және «социализм» деген сөздерден біріккен, біртұтас ұғым ретінде қалыптасқан түсінік. Яғни, утопия – әзірге орындалмайтын, қиялшыл, болашақта болуы мүмкін арман-мұраттардан туған тек теориялық тұрғыдағы, абстрактілі идеялар болса, «социализм» - социум (қоғам) деген сөзден шыққандықтан қоғамдасып өмір сүру деген мағынаны білдіреді. Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық социализм идеялары да осындай арман-мұраттарды аңсаудан туған құбылыс.
Мор Томас (1478-1535 жж.) – ағылшын философы, құқықтанушы. Басты еңбегі «Утопияның» алғашқы бөлімінде шаруалардың жерлерінен айырылу туралы қайғылы жағдайларды суреттейді, екінші бөлімінде болмаған, идеалды қоғам туралы жазады да, оның белгілі бір алыстағы аралда орнауы мүмкін екендігі туралы жобасын пайымдайды. Ондай қоғамда жеке меншік болмайды, бәрі де бәріне арналады, күн сайын алты сағаттан кем жұмыс жасамайтын еңбек күні туралы айтылады, билік те, ақшада мүлде болмайды, алтын мен күмістен барлық лас әрекеттердегі ыдыстар жасалады, негізгі нәрсе қоғамдық және жеке мүдделердің сәйкестігі емес, жекенің жалпыға бағынуы деп біледі. Мәселен: «Киімдерінің түсі жүннің табиғи түсімен түстес және барлық адамдардікі бірдей»,- деп пайымдайды. Мор жеке меншікті барлық әлеуметтік қиындықтарың себебі деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет