1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет37/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Ф. Бэкон таным саласында кездесетін елестерді қалай деп атайды?
2. Танымдағы индуктивті әдістің маңызы қандай?
3. Р. Декарттың «күмәндану» принципінің маңызы неде?
4. Т. Гоббс «субстанция» ұғымын қалай түсінеді?
5. Т. Гоббс мемлекеттің пайда болуы жөнінде қандай теория жасайды?
6. Б. Спиноза субстанциясының ерекшелігі неде?
7. Монада дегеніміз не?
8. Дж. Локк екінші сапаға нелерді жатқызады?
9. Дж. Локктың мемлекет, жекеменшік және азаматтық қоғам жөніндегі ойлары.
Әдебиеттер тізімі
1. Жаңа дәуір философиясы. 20 томдық. – Алматы: Жазушы, 2005. – 6 т.
2. Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIII вв. – М., 1996.
3. Рассел Б. История западной философии. в. 2т. – М., 1993.
4. Реале Б. Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней. Т.3. Новое время. – Спб., 1994.
7 ХVІІІ ғасырдағы француз философиясы
ХVІІІ ғасырдағы француз материализмі франциядағы орта ғасырдан жаңа заманға өтпелі кезеңнен кейін туындаған XVII-XIX ғасырлар аралығын қамтитын ағарту дәуірі мен революциялық кезеңдегі философиялық ой пікір аймағы.
Мишель Монтен, Марена Мерсенна, Пьер Гассенди сияқтылар XVII ғасырдағы жаңа философияны жасаушылар ретінде қалыптасып, ағарту дәуіріне кең жол ашқан болатын. Осыған орай, француз материализімін шартты түрде ағартушылық және революциялық кезең деп бөліп көрсетуге және 2 бағытқа ажыратуға болады:
1) Декарт негіздеген материалистік физика: Ламетри, Дидро т.б.
2) Локк ілімін басшылыққа алатын материалистік сенсуализм: Гельвеций, Гольбах т.б.
Ағартушылық кезең – мәдени-идеологиялық және философиялық болып табылатын, білім мен ғылымға, парасаттылыққа, адам құқығына, тарихи оптимизмге, прогресс пен құлықтылыққа, демокаратикалық қағидаларға негізделген дәстүр. Ол француздарда айтарлықтай мәнге ие болды: XVIIІ ғасырдың басында – Вольтер, Монтескье, Ж. Мелье т.б. болса, 1740 жылдардан бастап, Ламетри, Дидро, Кондильяк, Руссо, Тюрго, Гельвеций, Гольбах т.б. философия тарихынан көрнекті орын теуіп, мынадай ұстанымдарды басшылыққа алды: ақылды жоғары қоя отырып, оны еркін ой-санаға ұмтылушылық, антидогматизм, антиклерикализм, саяси радикализм сияқты адамзат дамуындағы барлық мәселелерді шешудің құралы деп білді. Ағартушылық XVIIІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Германияда өрістеді: Виланд, Лессинг, Гердер, Клопшток, Гете, Шиллер т.б. Олардың француздық ағартушылықтан айырмашылығы дінді сынауды аса сақтықпен жүргізді және ұлттық болмысқа баса назар аударды, ал XVIIІ ғасыр мен XІХ ғасырдың басында ағартушылық дәстүрлер Солтүстік Америкада өрістеді: Франклин, Пейн және Ресейде де кең қанат жая бастады: Радищев, Новиков, Ломоносов т.б.
Вольтер Франсуа Мари Аруэ (1694-1778 жж.) – француз философы, жазушы, тарихшы, ағартушылықтың көрнекті өкілі. Негізгі шығармалары: «Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Ньютон философиясының негіздемесі», «Сократ», «Қалталы философиялық сөздік» т.б. Ол құдайдың болмысын дәлелдеудің жаңа тәсілін ұсынды, бұндағы аксиоматикалық тәсіл, алдымен, «Мен өмір сүремін, демек, бір нәрсе мәңгі өмір сүреді» деген тезиспен айғақталады. Бірақ бұндай дәйектеуді сынаушылар алдымен оның механикалық тұрпатты көзқарасын негізге алды. Вольтердің түсінігі бойынша құдайдың атрибуттарын талқылауға және оны бекітуге адамның мүмкіндігі жоқ. Ол барлық тәжірибеден тыс метафизиканы теология деп атады, Декарттың мәңгі жан түсінігі мен туа біткен идеяларын жоққа шығарды, шынайы философия механицизм мен теологиядан тәуелсіз болуы тиіс, бірақ метафизикалық пайымдаулар мүмкіндіктің кейбір үлестерін қамтиды. Философия шынға ұқсас гипотезаларды тудырады, эвристикалық қызмет атқарады, бірақ нақты білімге ұмтылмау керек. Үстемдікке әсерлі қатынас «халықтық фанатизм», сондықтан әрбір партия белгілі бір дінді ұстанады, теология жеке мүдделермен жүреді және тұтас қоғамдық мүдделер деңгейіне шыға алмайды, ізгілік пен зұлымдықтың шынайы өлшемі қоғамның игілігі, демек, мораль «теологиялық пікірмен» байланысты болмауы қажет, қоғам әртүрлі теологиялық сенімдерге емес, құдайға философиялық сеніммен қарайтын табиғи (мемлекеттік) дінге мұқтаж. Егер теологиялық дін – «фанатизмнің анасы, азаматтық ажыраулар, адамзат тегінің жауы» болатын болса, мемлекеттік дін – қоғамдық мораль заңдылығының және тәртіптің негізі. Тарих адамдардың пікірінің нәтижесімен жүріп отырады, адамдардың барлық әрекеттері қандай-да бір көз жеткізулерге сүйенетін болса, пікірлер күресі тарихи процестің қозғаушы факторы формасында болады деген пікірлерін дәйектей келе, провиденциализм идеяларын былайша түпкілікті жоққа шығарады: а) тарихтың барлығы жақсы жағына қарай қозғала бермейді; б) тарихи процесс жеке оқиғалардың хаосынан кем емес, әрбір оқиға белгілі бір себептерден туындайды, бірақ ол себептердің өзара қатынасынан қандай-да бір заңдылықты табу мүмкін емес.
Тарихты теологиялық тұрғыдан қарастыру тәсілінің орнына ол философиялық тұрғыдан зерделеуді ұсынады, осыған орай, Вольтер «тарих философиясы» терминін енгізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет