1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет35/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

6.6 Дж. Локк философиясы
Дж. Локк (1632-1704 жж.) - Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе». Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:
1) дүние материалды;
2) таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);
3) адамда «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
4) сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet), тәжірибе жазылатын таза тақта (tabula rasa);
5) тәжірибе көзі – сыртқы дүние;
6) философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;
7) адам идеалы – сабырлы, заңды тыңдайтын және заңды сыйлайтын, адамгершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен дара тұлға;
8) мемлекет идеалы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құрылған мемлекет;
9) Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.
Таным теориясында; сезімдік таным алғашқы, ол қарапайым идеялар туғызады, ал ойлау мақсатты таным құру бойынша бұларды жүйелейді, тәжірибе сыртқы, ішкі болып бөлінеді. Сыртқы тәжірибе қабылдаған заттар арқылы, ішкі тәжірибе білім көзі арқылы қалыптасады деген пікірлерін ұсынады. Лок материяның сандық ерекшеліктерін ғана ескереді. Материалды дене бір-бірінен бітімі, қозғалысы, тығыздығы арқылы ажыратылады, бұлар – бірінші сапалар, материалды дененің өзінде өмір сүрмейтін екінші сапалар болады: түс, иіс, дыбыс, дәм т.б. Сезім мүшелері жұмыс істемесе, ол қасиеттер жоғалып, екінші сапа, яғни, заттардың өзінің себептері қалады. Ол ақиқатты идеялардың бірігуі мен ажырауы немесе олардың белгілерінің білдірілетін заттарға сәйкес келуі мен келмеуі бойынша анықталады деп түсіндірді. Ал таным: интуитивті (өзінен-өзі айқын ақиқат), демонстративті (математиканың, этиканың ережелері, құдай болмысы) және сензитивті (жеке заттардың өмір сүруі) болып бөлінеді. Соңғысы неғұрлым айқын және дәйекті деп біледі.
Локк өзінің діни көзқарастары бағытындағы «Христиандықтың ақылға қонымдылығы» атты туындысында діни фанатизм мен сектантыққа қарсы шығып, төзімділік туралы ұстанымдарын дәйектеді, шынайы христиандықты ажыратып алуды көздеді. Ал этикалық көзқарастарында ол математикаға ұқсас болуы керек деп, ізгілік ләззат алуды ұлғайтып, азап шегуді азайтады деген тәрізді идеяларын паш етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет