1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны


Людвик Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы



бет43/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

8.4 Людвик Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы
Фейербах Людвик Андреас (1804-1872 жж) - неміс философы. Басты еңбектері - «Өлім мен өлімсіздік туралы ойлар», «Философия реформасына тағайындалған тезистер», «Болашақ философиясының негізгі шарттары», «Христиандықтың мәні» т.б. Гегельшілдік философияның кейбір тұстарын сынаған Фейербах әлемді - адам оның орталығында орналасқан органикалық бірлік деп түсіндіріп, бұны философияның әмбебап, бірден-бір жоғарғы пәні ретінде қарастырып, діннің шығуы жөнінде өзіндік теорияларын ұсынды. Сондықтан оның идеяларын түсіндірушілер Фейербахты материалист және атеист, философиялық антропология өкілі деп әртүрлі бағыт бойынша бағалаған болатын.
Негізгі ерекшелігі антропологиялық материализм. Ақиқат, шындық,
сезімділік барабар. Ақиқатқа барар жол - материализмде де, идеализмде де
емес, физикалық пен психикалық адамда динамикалық тұтастықты құрайды.
Антропология адамдық рухтың өнімі ретінде теология. Адам мәні - ақыл,
ерік, жүрек. Бұл дүниелік пен оның ар жағындағылардың айырылуы
түсіндірілуі керек, себебі, адамзат жан-тәнімен, жүрегімен өзіне шоғырлануы
керек: өзінің әлеміне және өзінің қазіргісіне. Егер біз осындағы емес жақсы
өмірге сенбесек, күшті осы өмірге ұмтылуымыз керек, бірақ жалғыз емес,
біріккен күшпен. Сондықтан жалғыз шынайы дін ретінде құдайды сүюдің орнына 
адамды сүюді қоюмыз керек деген идеяларын ұсынады.
Осындай ұстанымдарға ауысқан Фейербах бастапқыда гегельшіл болғанмен, кейіннен оны сынауға қарай ауыса бастайды. «Гегель философиясын сыну», «Болашақ философиясының негізгі жағдайлары» т.б. шығармаларында осы мәселелер жиі айтылады. Мәселен, «Гегель өзінің философиясын болмыс ұғымынан немесе абстрактілі болмыстан бастайды; неге оны нақ сол болмыстың өзінен, шынайы болмыстан бастамасқа» деп ой түйіндейді. Әлемді органикалық бірлік ретінде бағалап, оның орталығы адам деп түсіндіреді. «Христиандықтың мәні» деген еңбегінде адамға айрықша маңыз берді, оны философияның негізгі пәні ретінде қарастыру қажеттігін айтады. Дінді сынауға ұмтылып, оны адамның психикасынан іздеу қажеттілігіне келіп тіреледі. «Құдай - адам жанының түкке тұрғысыздығы мен әлсіздігінің құпиясы тыныштық табатын ең түпкі тереңіне кұлаған махаббаттың көз жасы» деп түсіндіреді.
Адамның ішкі мәніне үңіле келіп, ол өлім мен өмір мәселесіне де тоқталады: «Уақыт болмыс пен бейболмыстың бірлігінің көріну формасы деп аталады. Біздің бүкіл өміріміз өткендік және бір сәткі лездік. Барлық өмір осы бір сәткілікті жалғастыру; біз бір сәттерде ғана өмір сүреміз, мен енді бармын, ал келесі бір сәтте болмауым да мүмкін, өмірімнің аяқталар тұсында мен өзімнің өмірімнің тек қана бір сәт болғандығын айта аламын»
Демек, бұл тұжырым - өмір тұтастай өткінші сәттерден құралып, өзін-өзі жоғалтады дегенге келіп саяды.
Шындығында, шексіз тұтас уақыт аясындағы «туғанға дейінгі кезең мен өлгеннен кейінгі кезеңнің» өмірмен салыстырған игерусіз ұзақтығы мен трансценденциялық асқақтығы - адам болмысына қатысты алғанда сезімдік және парасаттылық тұрғыдан дәйектеледі. Бірақ оның идеясы осы түйіннің екінші қырын оптимистік және өмір шабыты тұрғысынан қарастыруға бағытталады: «Философ өлгеннен кейін өзінің өмір сүруін жалғастырады, бірақ адам ретінде емес, тек философ ретінде ғана, яғни, ол өзінің өлімін ойлай алады, философ тіршілік иесін терістеуді тіршілік иесі ретінде, бейболмысты болмыс түрінде кейіптей алады». Бұл идеялардан көріп отырғанымыздай, өлім проблемасының үстем деңгейде қарастыруға болатын парадигмасын ойшыл «философ» мәртебесімен айшықтайды. «Философтың» өлімнің өзін-өзі терістейтін Бейболмысын түйсінуі де жоққа шығарылып, өмір сүрудің өлімнен кейін де «жалғасуын» «философиялық өмір сүрумен» байланыстырады. Өлім - объективті, бәріне ортақ, әмбебап болғанмен, философтың өлімі - «өмір сүрудің өмір сүрмеуі», «өмір сүрмеудің өмір сүруі» болып табылатындығын тануымызға болады.
Классикалық неміс философиясы философия тарихында өзіндік елеулі орны бар ауқымды мәселелерді көтерген және артына айтарлықтай із қалдырған маңызды бір кезең болды. Мәселен, Г.Ф Гегель өзінің жүйесін ұсына отырып, бұны философияның аяқталуы деп түсіну керек деген ойды меңзеді. ХІХ-ХХ ғасырларда неогегельшілдік, неокантшылдық бағыттары қайта жаңғырса, «фихтешілдік» арнайы атау ретінде кейінгі философияға танымал болды.
Л. Фейербах философиясы – неміс классикалық философиясының соңы және материализмге өтудің басы.
Людвик Фейербах философиясы (1804-1872 жж.) – өкілдері Кант, Гегель, Шеллинг және Фихте болған неміс классикалық философиясының аяқталу кезеңі, ал неміс және әлемдік философиядағы материалистік дәуірдің бастамасы болды.
Фейербах философиясының басты бағыты – неміс классикалық идеализмін сынау және материализмді негіздеу болды.
Философиялық бағыт ретінде материализм Фейербахқа дейін (Ежелгі Грецияда – Демокрит және Эпикур, Жаңа Заманғы Англияда – Бэкон, Локк, Францияда – ағартушы - материалистер) пайда болғанмен, аталған философиялық мектептер, негізінен өз заманының ішкі ұлттық көрінісі ғана болып жүйесіздік пен қайшылықтарға толы болды. Теологияның ығында жүріп, материалистік идеялар мен Құдай тіршілігі арасын жақындатуға тырысты (жақындату жолы – деизм). Л.Фейербах философиясы жүйелі материалистік ілімнің үлгісіне айналды. Оның жалпы сипаты:
1) атеизм – көпғасырлық діни ықпалдан толық босану, ажырау;
2) құдай мен дін табиғатын материалистік тұрғыда түсіндіруге талпыныс;
3) қоршаған дүние мен адам мәселелерін ғылым жетістіктеріне сүйене отырып түсіндіру;
4) саяси – әлеуметтік сұрақтарға қызығушылық;
5) қоршаған дүниенің танылатындығына сенім.
Фейербах философиясы неміс классикалық философиясы мен ХІХ ғ. неміс материализмі арасындағы ара – жік, марксизмнің ізашары болды. Фейербах философиясының ықпалымен қалыптасқан маркстік философия (К.Маркс, Ф.Энгельс) Германияның ұлтық шеңберінен асып, әсіресе ХІХ ғ. ортасы мен соңында – ХХғ. бірінші жартысында бүкіл, жалпы әлемдік философияға айналды. Коммунистік даму жолымен жүрген елдерде (Кеңестер Одағы, Қытай, Шығыс Европа, Азия мен Африканың кейбір елдерінде) материалистік философия ресми және жалпыға міндетті болды.
Фейербах өз философиясының алғашқы кезеңінде идеалистік философияны, әсіресе Гегель философиясын қатты сынға алады:
1) Болмыс пен ойлаудың теңдігі идеясын сынады.
2) Материалды дүниенің бастапқы себебі және дербес субстанция- абсолютті идеяның болуын мойындайды.
3) Жаттанудың абсолютті идеяның материалды дүниеге айналуының мүмкін еместігін логикалық түрғыдан дәлелдейді (қоршаған дүниені көруге, сезінуге болады, ал абсолютті идея – Гегельдің ойдан шығарылғаны).
4) Философия мен діннің ынтымағын, бірлігін мойындамады.
5) Диалектиканы да терістеді (Фейербахтың қателігі).
Гегель философиясын Фейербах, ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес келмейтін, өткенге бағыттауға, сенім – наным ықпалындағы жалған философия деп атады.
Гегель объективті идеализміне Фейербах өзінің антропологиялық материализм теориясын қарсы қойды. Бұл теорияның мәні:
1) Тіршілікте шынымен бар реалдылықтар – табиғат және адам.
2) Адам – табиғаттың бөлігі.
3) Адам - материалды мен руханилықтың бірлігі.
4) Адам – философияның басты пәні, мәселесі болуға тиіс.
5) Идея өз бетінше тіршілік етпейді, ол – сананың жемісі.
6) Құдай –жеке және дербес реалдылық емес; Құдай - адам қиялының жемісі.
7) Табиғат (материя) мәңгі және шексіз, оны ешкім жаратпайды және ешкім жоя алмайды.
8) Бізді қоршап тұрғанның (нәрселер, құбылыстар) бәрі – материяның түрлі көріністері.
Фейербах философиясында Құдай мәселесі ерекше орын алады. Құдайдың тіршілігі (бар болуы) идеясы мен материалистік көзқарасы арасын жақындатуға тырысқан деистерден, т.б. өзгеше Фейербах:
1) Атеистік позицияны ұстанады.
2) Құдай мәселесін антропологиямен тығыз байланыста қарастырады. Л.Фейербахтың атеистік-антропологиялық теориясының негізгі қағидалары.
3) Құдай – дербес реалдылық емес.
4) Құдай – адам санасының туындысы.
5) Дін мифологиялық-фантастикалық идеология және оның шын дүниеге еш қатысы жоқ.
6) Діннің таралуына адамның надандығы, оның өмірінің ауыр жағдайлары себеп болуда.
7) Діннің тамырлары – адамның сыртқы дүние алдындағы шарасыздығы, оған тәуелділігі мен қорғансыздығында.
8) Құдіретті де парасатты тіршілік Құдай туралы ой – адамның қорқыныштары мен аффектілерін бәсеңдетіп, адамға жұбаныш береді.
9) Құдай – адам көргісі келген, өзі жасаған мінсіз образ.
10) Құдай – жаратушы емес, Ол-адам ақылының жаратқаны. Сондықтан нағыз жаратушы – адам.
Л.Фейербах өз философиясында таным сұрақтарын (гнесеологияны) зерттейді.
Фейербах – адам ақылының тану қабілетінің шектеулілігі мен қоршаған дүние заттары мен құбылыстарының ішкі мәні танылмайтындығы (агностицизм) теориясын ұсынған Кантқа оппонент болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет