1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі



бет17/40
Дата09.12.2022
өлшемі164,17 Kb.
#56056
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Байланысты:
1. М дениет т сінігіні алыптасу тарихы м дениетті м нін ж не

23)ортағасырдағы түркі мәдениеті
Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.
24.ортағасыр мәдениеті мен ғылымының қалыптасуындағы Әл-Фарабидің үлесі
Фарабидің өздерінің идеологиялық қар­сыластарына тигізген әсеріне көңіл аударатын болсақ, еш талассыз, оның дәрежесі мен философиялық ойлау мә­де­ниетінің жоғары екені тайға таңба басқандай-ақ көрініп тұр.
Бұл критерийді әл-Фарабидің өзінің философиясынан іздеу керек. Егер біз әл-Фарабиді – Ислам философиясының негізін салушы деп айтатын болсақ, одан кейінгі ойшылдардың талқылап ой қоса алатын өзіне тән философияық принциптері мен идеяларының болғаны шүбәсіз. Бұл қандай негіздер мен принциптер? Бұл негіздердің ежелгі гректік және алек­сандрлық философиялық мектептердің ойларынан қаншалықты айырмашылығы бар?
Әл-Фараби және оның ізбасар­ларының антикалық дәс­түрді бойларына қалай сіңірді. Әл-Фараби философиялық рухани әлемінің қалыптасуына антикалық философияның нақтырақ айтсақ, Аристотель философиясының ықпалы қалай болды? Оны қалай зерттеді?
Біз әл-Фараби және оның ізбасарларының ежелгі грек философиялық мектептерінің еңбектеріне тек қана ком­ментарий жасаумен шектеліп қалмағанын білеміз. Қа­зіргі кездегі белгілі неміс философы Мартин Хайдеггер ор­тағасырлық мұсылман философтары жайлы айтқанда былай ой тұжырымдайды: «Әрине, олардың (ортағасыр философтары) Аристотель философиясын түсінбеді деген жалған болар еді. Олар оның философиясын жаңа қырынан ғана көріп қоймай, оған жаңа мән мен талғам берді», – дейді.
Демек, әл-Фараби де және оның ізбасарларының да ежелгі грек философиясын соқыр таныммен зерттемей, оны терең түсіне білді.
Аристотель мен Платон философиясы арасында қай­шы­лық бар, бірақ күмәнсіз оның себебі әл-Фарабидің олар­ды дұрыс аудармағанында емес. Әл-Фараби жаңа фи­ло­софиялық түсініктер орната отырып соларға сай нә­­­ти­желерге жетіп отырды. Бұл нәтижелердің көрінісін дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым салаларында бай­қай аламыз. Бұл енгізілген «жаңашылдықтарда» әл-Фа­ра­бидің философиялық принциптері мен философиялық көз­қарастарының ең алғашқы бастауы ретінде дін қара­лады, әрине дін бұл жерде ерекше фило­софиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен философия сонау софистер заманынан бері бір-біріне қарсы қарас­тырылып келді. Сократқа тағылған айып­тардың бірі оның діни құндылықтарды мойындамай, оны­мен санаспауында еді (яғни ол философияны діннен жо­ғары қойды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет