1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау ыңғайларының көптүрлілігі


Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері



бет7/40
Дата09.12.2022
өлшемі164,17 Kb.
#56056
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40
11.Еуразиялық кеңістік көшпелілері мәдениетінің негізгі белгілері.Қазақтың қазақ болып қалыптасуы, тұтасып бірыңғай халық болып даралануы оның өзіне дейінгі әлеуметтік – тарихи тәжірибені санасына орнықтырып, тұрмыс – тіршілігіне пайдалана білуі арқасында іске асты. Ал бұл тәжірибенің болашақ қазақ қоғамының, оның материалдық және рухани мәдениетінің ірге тасы тым ерте, адам адам болып, олар қоғам болып қалыптасқан кездерде қаланды.Түрік халықтарының мекен – кеңістігі осы автохтонды этностардың тұтас өркениеттік аясы болып табылады. Ол тек еуразиялық Ұлы даламен шектелмей, адамдық мәдениеттің ерте кезден қалыптасқан суармалы – оазистік ошақтарын, Алтай, Тянь – Шань, Памир, Кавказ тауларын қамтиды. Үлкен өркениет қалыптасу үшін бір келкі табиғи ландшафтан гөрі, кеңістіктің әртүрлі бедерлері қолайлы. Яғни түрік халықтарын тек жазық даланың тұрғандары деп қарастыру олардың мәдени кеңістігінің күрделілігін ескермеуге жатады.Этномәдениеттің не ұлғайып таралуы да, не азайып таралуы да мүмкін. Мұның себептері әртүрлі. Жауапкершілік кезінде әлсіз, өзін – өзі қорғай алмайтын мәдениет өз атамекеніненығыстырылуы, ассимиляцияға ұшырауы, тіпті, түгелімен жойылып кетуі мүмкін. Оған тарихтан талай деректермүмкін. Оған тарихтан талай деректер келтіруге болады (18 ғасырдағы қытайлықтардың жоңғарларды қыруы, еуразиялықтардың қос Америкадағы жергілікті этностарға жасаған геноциді, Рим қуатымен жүзеге асқан кельт тайпаларын ассимиляциялау және т.б.).
12)Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері культтері, наным-сенімдері Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір-біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба-ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады. Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннан тамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқ жағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.Қазақ даласында жұртшылық деген әдет-ғұрып та кеңінен тараған. Оның мәні белгілі бір себеппен бөлшесінен қарызға батып, оны төлеуге жағдайы жоқ туысқан адамға рулас ағайын-туғандарының көмек көрсетіп, қарызынан құтылуына көмектесуі болып табылады. Мұндай көмек ауыл ақсақалдары кеңесінің шешімі бойынша көрсетіледі. Қазақтардың ауызбірлігінің, өз жақындары мен туыстарына жанашырлықпен жәрдем жасауының бір көрінісі міне осындай.Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет